Ашы? саба?.Зооба??а саяхат. Ма?саты: 1) Балалар?а зооба? жайылы т?сінік беру,жабайы а?дар туралы білімдерын тияна?тау. 2)Зооба?та?ы а?дарды ба?ылау ар?ылы балаларды? бай?а?ышты? ?абілеттерін, ойлау ж?не тілдік ?орларын дамыту. 3) Жан-жануарларды ?ор


Тәрбиеші: Құттымбетова Т.Н.
Мектепалды даярық топ
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас ,Әлеуметтік орта
Бөлім:Тіл дамыту
Тақырыбы: Зообаққа саяхат
Мақсаты:
1) Балаларға зообақ жайылы түсінік беру,жабайы аңдар туралы білімдерын тиянақтау.
2)Зообақтағы аңдарды бақылау арқылы балалардың байқағыштық қабілеттерін, ойлау және тілдік қорларын дамыту.
3) Жан-жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Әдіс -тәсілдері: Көрсету, түсіндіру,бақылау, ой қозғау, әңгімелесу,сұрақ-жауап, ойын ойнау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тіл дамыту дәптері, тақырыптық суреттер,дидактикалық материалдар, слайд, бейнетаспа.
Жаңа сөздер: төлдері,қонжық,бөлтірік,көжек,күшік
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар бізде бүгін ерекше күн, бізге көп қонақтар келды. Қане , бәріміз қонақтармен амандасып алайық.
Аспан түрді түндігін
Жерге сәуле жайылды.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы таң!
Салеметзідер ме қонақтар-деп амандасып аламыз.
-Енді шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік.
Армысың, Алтын күн!
Армысың,Көк аспан!
Армысың, Жер ана!
Армысың достарым! Балалар бәрі бірге қайталайды.

Балалар шаттық шеңберін жасап, орындарына отырады.
Ұйымдастырушылық ізденіс Балалар бүгін біз зообаққа саяхат жасаймыз.
-Зообақта болып көрдіңдер ме?
-Онда нелер болады?
-Сендер қандай аңдарды білесіңдер?
-Зообақ не үшін керек?
Біз орманда жүретін аңдар мен құстарды жақыннан көріп тамашалай алмаймыз өйткені олар адамдардан қорқады, қашады. Кейбір жыртқыш аңдарға жақындауға болмайды, олар адамдарға қауіпті болады. Сол себептен адамдар көріп тамашалау үшін зообақтар жасалған.
Сергіту сәті:(әуен ырғағы ойнайды)
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы қырлы жерлермен,
Ытқып –ытқып жүгірді.
Қарап еды артына ,
Қиығын салып көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
( Әсем әуен ырғағы жүреді )Балалар бейнетаспаны тамашалайды.
Бейне таспаны тамашалап болған соң балаларға сұрақтар қою.
-Қандай аңдарды, құстарды көрдіңдер көрдіңдер?
-Олар не қылып жүр екен?
-Ал құстар ше?
-Ал енді олардың балаларын атайық.
Ойын:«Кім жылдам? »
(Балаларға ойынның шартын түсіндіру).
Мақсаты:
Балаларды шапшаңдыққа, тез жылдам болуға үйрету.
Балалар енді кітаппен жұмыс істейміз.
-Суретте не бейнеленген?
-Онда кімдерді көріп тұрсыңдар және олар не істеп жүр?

Ойын: «Ормандағы аю» (қимыл-қозғалыс арқылы орындау).
Мақсаты:Балаларды шапшаң тез қимылдауға үйрету.
Шарты:Балалар ормандағы құлпынайларды тез жинап алулары керек.
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Жұмбақтар жасыру:
(Балаларға аңдар, құстар жайлы жұмбақтар жасыру). Балалар өз ойларын айтады.
Аңдар мен құстар.
Қамқорлыққа алу үшін.
Балалар білетін аң, құстарын атайды.


Балалар қимыл-қозғалыстарды орындап қайталайды.

Аю, керік, түлкі, қасқыр, қоян, аққу ,қаз,бүркіт.
Серуендеп жүр.
Құстар тамақ жеп жатыр.
Көжек, көгілдір, қонжық, балапан,
Ойынның шартын түсінген соң, іс-әрекетке көшеді.
Зообақ
Адамдар олар аңдарға, құстарға тамақ беріп, бақылап жүр.
3-4 бала сурет бойынша көргендерін айтып , әңгіме құрып береді.
Қимыл- қозғалысты қайталайды.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Рефлексивті-түзетушілік Ойын:«Тиісті торға орналастыр»
Мақсаты:Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету.
Жабайы аң, құстардың дене бітіміне қарап, әр түрлі торларға орналастыру, оларға қамқор болуға тәрбиелеу.
Шарты:Хайуанаттар бағына әкелінген аңдар мен құстарды торларға орналастыру қажет. Бала неліктен олай орналастырғанын яғни үлкен торға аюды, кіші торға қоянды орналастыру себебін түсіндіреді.
Ал енді сабағымызды мына суреттер арқылы қортындылайық.
-Балалар , бәріміз мына суреттерге қарайықшы, нелерді көріп тұрмыз?
Жақсы, балалар, енді осы суреттерді қай аң жақсы көріп жейді солардың жанына орналастырып бүгінгі зообаққа саяхатымызды аяқтайық.
Жарайсыңдар балалар,бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Әрқашанда ос беттеріңнен тайынбай ақылды, білімді болып ер жетіңдер, келген қонақтарға сау болыңыздар дейміз.
Балалар сәбіз,бал ет ,құлпынай деп жауап береді.
Балалар әр аңның жанына жақсы көретін тағамын орналастырады.
Сау болыңыздар!
Күтілетін нәтиже:
Білді:Балалар берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, зообақта болатын аң, құстар жайлы айта білді.
Біледі: Жабайы жануарлар, құстар жайлы жұмбақтар шешіп, суреттер бойынша әңгімелей білді.
Білу керек:Оларға қамқорлық жасап, оларды қалай күтетінін білу.
Жұмбақтар
Паналайды үңгірді,
Іздемейді тасаны.
( Аю)
Бұлаңдаған құйрығы-
Бір алдардың қулығы
( түлкі)
Көлеңкесінен қорқып безектейді,
Ал оның баласын көжек дейді.
(Қоян)
Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды кісіні.
( қасқыр)
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.
(Қаз)
Айдын көлде,
Бір сан жүзіп жүр.
(Аққу)