Математика белгісіз ?осыл?ышы бар те?деуді шешу


Сабақ:математика
Мектеп: №8 шағын жинақты жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: 27.02.2017 Мұғалімнің есімі: Темирбекова Айбану
Сынып: 1 Барлығы: 15 Қатыспағаны:
Сабақтың тақырыбы Белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін сабақтың мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.2.2 «таңдап алу» әдісімен және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешу
Оқу мақсаттары Барлығы:таңдау әдісі және қосу мен азайту амалдарының байланысы негізінде теңдеулерді шешеді;
Көбі:қосу мен азайту арасындағы байланыстар негізінде теңдік құру үшін әріпті өрнектерді қолданады;
Кейбірі:есепті сурет, сызба түрінде модельдейді;
қосындыны және қалдықты табуға берілген есептерді талдайды және шығарады.
Ресурстар Әр оқушыға арналған:торкөзді дәптер; ламинатталған қағаз парақтары; маркер; Әр топқа арналған:
“теңдеу” сөзі жазылған парақшалар; шаршы түрлері
Құндылықтарды дарыту Жылдамдыққа,алғырлыққа тәрбиелеу
Пәнаралық байланыстар Сауат ашу,жаратылысту
Тірек сөздер Теңдеу
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б.Бөрiбаев/
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Шаттық шеңбері
Сабақтың ортасы
8 минут
Теңдеудегі белгісіз қосылғышты тап. Осы тапсырманы жалпы сыныппен орындату. Теңдеуді шешуді сынып алдында тақтада орындауға болады. Оқушылар кезекпен тақтаға шығады және теңдеудің шешу жолын толық түсіндірмесімен айтып, теңдеуді шығарады:
Теңдеуді оқимын…;
Бұл теңдеуде қосылғыш — ..., қосынды — …;
Белгісіз қосылғыш. Белгісіз қосылғышты табу үшін қосындыдан белгілі қосылғышты азайтамын;
х — айырма … және … тең;
Жауап: х тең …;
Жауабы:
х = 0; y = 12; a = 80; b = 40.
Туннельде неше вагон бар? Оқушыларға туннельдің ішіндегі көрінбей тұрған вагондар санын жұппен талдату.Олар2 санынан 15 санына дейін бір саннан біртіндеп санайды, себебі 2 вагон туннельден шығып тұр, ал 15 вагон әлі туннельге кірген жоқ. Кейбір оқушылар шешудің басқа тәсілін, яғни 15 санынан 2 санына дейін санау арқылы шешуді ұсынуы мүмкін. Бұл шешуді де құптаңыз, оны түсіндіріп беруін сұрау және 2 санына қосу тәсілімен тексеру.. Мынадай теңдіктерді құрастыруға болады: 6 + х = 18 және 2 + х = 14. Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Тереңдет ойыңды,
Тiк ұста бойыңды.
Құстарға ұсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
/Б.Бөрiбаев/ Сергіту сәтіне арналған жинақ
Қызықты тапсырма
16 минут
Аяқталуы
8 минут
Шығарып көр. Белгісіз бөлік, яғни қосылғышты білу керек. Бұл тапсырманы­ өз бетінше орындауды ұсыныңыз және тексеруді­ жұппен орындату.
Жауабы:
а) 4 текше; ә) 9 текше.
Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыру.Оқушыларға ойын ойнауды ұсыну.Оларға моншақ салынған қорапты ұсыну. Моншақтың саны 20-дан артпауы тиіс. Бірінші ойыншы қораптағы моншақтарды санайды да, сол санды есінде сақтайды. Содан кейін ол екінші ойыншыға­ қорапты беріп, ондағы моншақтарды санап, шыққан санды есте сақтауын­ ескертеді. Осыдан кейін бірінші ойыншы қорапқа­ тағы бірнеше моншақ салады. Бұл — оның қарсыласы табу үшін жасырылған белгісіз бөлік. Екінші ойыншы моншақтарды қайта санап, “Қанша моншақ қосылды?” деген сұраққа ауызша жауап беруі тиіс. Сонан кейін олар рөлдерімен ауысады. Тапсырманы­ орындау барысында бүтінді алу үшін белгілі­ бөлікке қандай да бір санды қосу тәсілін бекітеді
х неге тең? Тапсырмада суреттер мен оның санын сәйкестендіру керек болатын теңдеудің графикалық моделі ұсынылады. Оқушылар белгісіз х-тің мәнін таңдау жолымен табуы тиіс. Бүтін мен бөліктің арасындағы өзара
Белгісіз қосылғышпен теңдеу құрастыр.
Оқушылар суретке қарап, қосу амалына теңдеу құруы­ және белгісіз қосылғышты табуы қажет. Құрылған­ теңдік екі ыдыстың массасының теңдік түріндегі­ жазбасы болып табылады. Оқушылар теңдеудің­ шешуін торкөз дәптерге математикалық жазбаның ережесін сақтай отырып, дұрыс рәсімдейді. Мысалы, тепе -теңдікте тұрған табақты­ таразының бір табағында “х” деп жазылған қапшық­ пен 3 кг-дық кіртас, ал екіншісінде 5 кг-дық кіртас­ бейнеленген.
Суретке “х + 3 = 5” теңдеуін құрастыруға болады. Орындау үлгісі келтірілген.
Жауабы:
4 кг; 7 кг; 2 кг.
1-тапсырма
Өрнектерді берілген ұғымдармен сәйкестендіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы
- теңдікті анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді;
- теңсіздікті ажыратады және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді;
- теңдеуді анықтайды және тиісті ұғыммен сәйкестендіреді.
2-тапсырма
Балбалаға теңдіктерді ажыратуға көмектесіңіз.
5 = 5 3 + 4 = 7 2 = 3 16 – 6 = 10 8 + 2 = 9 10 – 1 = 9
Тура теңдіктер Тура емес
теңдіктер
Дескриптор: Білім алушы
- тура теңдіктерді анықтайды және тиісті бағанға жазады;
- тура емес теңдіктерді анықтайды және тиісті бағанға жазады. Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Бағалау Оқушылар сабақ соңында: белгісіз қосылғышы бар теңдеуді шеше біледі;
теңдеуді шешудегі өз іс-әрекетіне түсініктеме жасауды үйренеді.
Оқушының сабақты меңгергенін тексеру үшін қалыптастырушы­ бағалау түрінде мына сұрақтарды қойыңыз:
— белгісіз қосылғышы бар кез келген теңдеу құ­ растыр.
— Белгісіз қосылғыш не болып табылады? (Бөлік.)
— Теңдеудің түбірі қалай табылады?
— Белгісіз қосылғышты қалай табамыз?
Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өз-өзін бағалату. Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.