Сауат ашу Та?ырыбы: Мен ж?не таби?ат. Е дыбысы мен ?рпі.
«Қостанай қаласы әкімдігің білім бөлімінің М.Хәкімжанова атындағы №20 орта мектебі» ММ
Ашық сабақ.
Пәні: Сауат ашу
Күні: 07.12.2016
Тақырыбы: Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
1 «Ә» сыныбы
Өткізген: Айгужина Гулбану Кадирханова
Қостанай қаласы 2016 о.ж
Күні:07.12.2016
Сынып: 1 «Ә» Қатысқандар саны: 19
Қатыспағандар саны: 2
Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу , қойылған сұраққа жауап беру
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.2.9.1 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту,жазу
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. Көркемсөз тіркестерін орынды қолданып, ойын жүйелі жеткізе алады.Сөздерге фонетикалық талдау жасайды.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Е дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
1 минут (МК; Ұ) Психологиялық дайындық.
Біз бақытты баламыз
Құстай қанат қағамыз
Дүниені аралап
Оқу білім аламыз.
-Балалар біз «Мен және табиғат» бөлімінде жүрміз. Олай болса «Табиғат» дегеніміз не?
-Бізді қоршаған әлем.
-Кәзір қандай мезгіл?
-Қыста ауа-райы қандай болады?
– Балалар, орманда жүріп қоян адасып кетіпті , оның жолын қарлар басып қалыпты,біз қарлардан тазарту үшін тапсырмаларды орындауымыз керек.
-Қоянға үйшігіне баруға көмектесеміз бе?
-Иа Көңілді әуен қосып қою.
Таныстырылым,
Сабақтың ортасы
8 минут
(МК; Ұ) Оқылым.
1тапсырма..Өткен сабақты еске түсіру, сөздерді тізбектеп оқу.69 бет . 2 тап.
Ар, ер, ал, ел, да, де, та, те, са, се, ла, ле, ма, ме, мен, емен, сен, сенім, не, немере, ер, ерте, Есен, Ерлан.
(МК; Ж) 2тапсырма. Оқылым, айтылым.
«Ойлан , тап» ойыны арқылы ұйымдастыру. Ойынның шарты бойынша бір оқушы мақалды оқиды, екіншісі оның мағынасын қалай түсінетінін айтады.
Мақалды түсініп оқы.
Ер қанаты –ат.
Мақалдың мазмұнын бір-біріңе түсіндіріп көр.
(МК;Ұ) 3 тапсырма.Оқылым, айтылым. Суреттер мен сызбаның көмегімен Есеннің не істегенін болжа.
-Есен не істеді?
Есеннің сабақтан бос кезде не істегенін бейнелейтін суреттердің көмегімен әңгіме құрау.
«Есен мұражайға барды. Атасымен шахмат ойнады».
оқулықпен жұмыс
оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Видеодағы әуен ырғағымен билеу. видео
Диалог құрау.
4 минут
15 минут
5 минут (МК; Ж) 4 тапсырма. Айтылым.
Оқушылар жұбымен диалогті қалпына келтіреді.Диалог жауаптары берілген. Олар осы жауаптардың сұрақтарын құрастырады.
-Балалар төмендегі жауаптарды қандай сұрақтар қою арқылы алуға болады?
-Атың кім? -Ерлан.
-Жасың нешеде? -Алтыда.
-Сен қандай баласың? -Ақылды.
5 тапсырма.Айтылым.
Суреттердің көмегімен оқушылар ертегі құрастырады. Әрбір сюжетті сурет бойынша сұрақтар қою арқылы ертегі құрастыру
-Ерте, ерте,ертеде не өмір сүріпті?
-Тышқан нені армандады?
-Оған кім кездесті?
-Қызға не айтты деп ойлайсыңдар?
-Екеуі қайда барды?
-Ертегі қалай аяқталуы мүмкін?
Ертегіні «Ерте,ерте,ертеде» сөздерімен бастауды ұмытпаңдар.
«От шашу» шапалақ арқылы оқушыларға қолдау көрсету.
(МҚ;Ө;) 6 тапсырма. Жазылым. Сөздерді оқу, жазу. Әріптерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып жазуын, қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау.
(МК; Т) 7 тапсырма. Постер жасап, қорғау, талдау.
«Тез ойла» ойыны. Әр топқа әріптер беріледі, әріптерден сөз құрау. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Кейбір оқушылар сөз арқылы сөйлем құрастыру.
1т- емен
2т- орман
3т-немере Оқулықпен жұмыс.
Сюжетті суреттер
Дәптерлермен жұмыс.№1 дәптер. 44 бет
Постер, қима әріптер, желім, маркерлер.
Сабақтың соңы
1 минут
Кері байланыс: Бас бармақ тәсілі арқылы жүзеге асыру.
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Оқушылар сабақ соңында:
-мақалды түсініп оқып, мағынасын талдай біледі;
-сюжетті суреттердегі негізгі идеяны түсініп, сызбаларға сүйеніп сөйлем құрай алады;
-оқушылыр жұбымен диалог құрастыра алады;
-сурет мазмұны бойынша ертегі құрай алады;
-гигиеналық талаптарға сай жаза алады;
Бағалау – оқушылар жұлдызшалар арқылы бағаланады.
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушыларғ дыбыстарға фонетикалық талдау жасатып үйрету. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) Смайликтер
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.