?ыс?а мерзімді жоспар Мен ж?не таби?ат. ? дыбысы мен ?рпі (1-сынып)
Қарағанды қаласы
КММ «№82 ЖББОМ»
бастауыш сынып мұғалімі
Абугалиева Самал Нуртаевна
Пәні: сауат ашу
Күні: 20.12.2016ж
Сынып: 1 «Ә» Мұғалімі: С.Н.Абугалиева
Қатысқандар саны: 25
Қатыспағандар саны:-
Сабақтың тақырыбы Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі. (3-ші сағат)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.9.1 сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
1.1.9.2 дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну.
1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Ү дыбысы пен әрпін таниды, ажырата алады.
Көбі:Берілген ақпаратты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, дүниетану сабағы
АКТ қолдану дағдылары Бейнежазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ү дыбысы мен әрпі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
3 минут Ширату жаттығуы
Оқушылар шеңберге тұрып «Төрт қадам» жаттығуын орындайды.
Төрт қадам алға (төрт қадам алға жүреді)
Төрт қадам артқа (төрт қадам артқа жүреді)
Менің аяғым топ-топ дейді (аяқтарымен топылдатады)
Менің қолым тақ-тақ дейді (қолдарын шапалақтайды)
Менің көзім жыпылықтайды (көздерін жыпылықтатады)
Ал мен секіремін (орындарында тұрып секіреді)
Сурет қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді және топтағы жұмыс ережесін еске түсіру.
«Жабайы үйректер» тобы
«Пекин үйрегі» тобы
«Үндінің жүйрік үйрегі» тобы
Шаттық шебері
Қима қағаздар (үйректер суреті)
Сабақтың ортасы
12 минут
-Балалар, қиынды қағаздар арқылы ненің суретін шығардық?- Үйректердің.
Үйрек сөзін орысша, ағылшынша айту.
үйрек – утка - dukc
-Үйректер туралы не білесіңдер? (Оқушылардың үйректер туралы не білетінін тыңдау)
-Сендердің алдарыңда қандай үйректер екенін білесіңдер ме?
-Олай болса үйректер туралы мәліметтермен танысайық.
Үйректер туралы оқушылар білімін толықтыру.
Тыңдалым (бейне жазба арқылы үйректер туралы мағлұмат беріледі)
Жабайы үйрекҮйрек - суда жүзетін құс. Жылдың жылы мезгілдерінде тоғандар мен көлдердің суы саяз жерлерінен қорегін өзі тауып жейді. Табиғатта өз бетімен өмір сүретін болғандықтан жабайы үйректер деп аталады.
Пекин үйрегінің басы үлкен, жалпақ, маңдайы шығыңқы, тұмсығы қызғылт-сары, сәл имектеу, арқасы кең, шоқтығына қарай биіктеу, тұлғасы кең әрі ұзын, сирағы қысқа әрі жуан, қауырсыны ақ, денесінің түсі сарғылт болып келеді.
Үндінің жүйрік үйрегі -жұмыртқалағыш тұқым. Оның денесі, мойны, сирағы, құлағы ұзын жаратылған. Жылына 200-ден астам жұмыртқа табады. Дәмі тауық жұмыртқасына ұқсайды. Үйрек дәмді етімен және үлпілдеген мамығымен бағалы.
Үйрек десе бірінші Үкі десе бірінші Үміт десе бірінші Үсен десе бірінші Үтік десе бірінші Үй десе де бірінші Бұл әріпті қәнекей Біреу айтып берсінші. – Ү дыбысы
-Ү дыбысы қандай дыбыс?
Барлық оқушылар сыныптан Ү әрпі бар сөзден тұратын заттарды іздейді, тапқан сөздері бойынша тапсырма алады.
1-топ: сөздерге сөйлем ойлайды.
2-топ: сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
3-топ: Ү дыбысының сөздің қай буында келгенін табады.
Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.
Оқылым. Дауыстап оқуды ұйымдастыру.
Оқулықтағы баған бойынша берілген сөздерді тізбектей оқиды. Таныстырылым, бейне жазба
А4 форматынан жасалған планшет, маркер, оқулық,
бас бармақтар
Сергіту сәті
1 минут «Шөжелерім» әнін қимылмен орындайды
Сергіту сәтіне арналған бейне жинақтан
Қызықты тапсырма
8 минут
Аяқталуы
8 минут І топ: жоғалған әріпті табу тапсырмасы беріледі.
Т...лкі, к...шік, к...н, т...н, ...кі, к...рек, ...йрек, к...ш.
ІІ топ Берілген әріптерден сөздер құрастыру.
ү, ш, к ________________
т, ү, н_________________
к, ү, і__________________
к, ү, і, ш, к______________________
ІІІ топ: Постер құрастыру.
Берілген суреттердің ішінен Ү дыбысы бар суреттерді тауып жабыстыру.
Әр топтың тапсырмалары тыңдалады және сұрақтарға жауап беру ұсынылады.
1-топқа: -Неліктен бос орынға ү әрпін жаздыңдар?
2-топқа: -Шашылған әріптерден қай сөзді құрастыру қиынға соқты? Неліктен?
3-топқа: -Суреттердің ішінен 3 әріп, үш дыбысқа сәйкес келетін сөздерді ата.
Топтар бірін-бірі «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалайды.
Графикалық диктант +, -
Әр тапсырманы мұғалім оқып тұрады, егер ол дұрыс болса «+» таңбасы, қате болса «-» таңбасы қойылады.
1 Ү дауысты дыбыс +
2 «Күшік» сөзі ү дыбысынан басталады -
3 Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады +
4 «Үйрек» сөзінде үш буын бар -
5 Үйрек - суда жүзетін құс +
Әр топқа арналған таратпа қағаздары, суреттер
Бас бармақтар
Әр оқушыға арналған үлестірме қағаздары
Сабақтың соңы
3 минут
Рефлексия
Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.
123190-506730Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.
Микрофон