О?ушыларды сызба сызы?тарыны? т?рлерімен таныстыра отырып, сызы?тарды ажырату?а ж?не д?рыс сызу?а ?йрету, графикалы? сауаттылы?тарын дамыту, ??ыптылы??а, тазалы??а т?рбиелеу


Құмжарған орта мектебі
Тақырыбы: «Сызба сызықтарының түрлері»

Пән мұғалімі: Мамытов С.М.
2016-2017 оқу жылы
Сабақ № 3                                                            
Тақырыбы: «Сызба сызықтарының түрлері»
Мақсаты: Оқушыларды сызба сызықтарының түрлерімен таныстыра отырып, сызықтарды ажыратуға және дұрыс сызуға үйрету, графикалық сауаттылықтарын дамыту, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар аспаптармен жұмыс істей отырып сызықтардың түрлерін сызадыСабақтың түрі: жаңа тақырыпты таныстыруӘдістері:              практикалық жұмыс
Құрал-жабдықтар:  компьютер, слайд, сызу аспаптары, жұмыс дәптері, формат А4                                                   Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй жұмысын тексеру. Сұрақтар арқылы қайталау
Жаңа тақырыпты түсіндіру.  Нәрселерді сызбада кескіндеу үшін жазылуы мен жуандығы әр түрлі сызықтар қолданады. Негізгі жуан тұтас, тұтас жіңішке, тұтас ирек, штрих, штрихпунктир жіңішке, жіңішке қос нүктелі штрихпунктир, үзік сызық.
Бірақта пайдаланатынымыз тек 4 түрі, олар төмендегі кестеде көрсетілген.
Сызба сызықтарының түрлері
Сызықтың аталуыСызық түрі және өлшемдері Сызық жуандығы
 
1. Негізгі жуан тұтас сызық S 0,5 … 1,4 мм
 
2. Штрих сызық S /3  …  S/2
 
3. Жіңішке  штрихпунктир сызық S /3  …  S/2
4. Жіңішке тұтас сызық s /3  …  S/2
 
5. Ирек сызық s /3  …  S/2
 
Компьютермен слайд арқылы сызықтардың түрлері сызбадағы қолдануы көрсетіледі.
3-слайд    
         Тұтас жуан сызық — Жуан сызықты мынадай жағдайда  қолданады:
      1 .нәрсенің көрінетін контурын сызударамка мен негізгі жазуды сызуда4-слайд
  Тұтас жіңішке сызық шығарма, өлшем және штрих кезінде қолданады.
5-слайд
Штрих сызық  көрінбейтін контурды сызуға арналған сызық , әр штрихтың контуры бірдей болу керек.
6-слайд
Штрихпунктир сызық осьтік және центрлік сызықтар, қима сызықтар үшін пайдаланады. Әр сызықтың ұзындығы  сызбаның үлкендігіне қарай 5 — 30 мм. Штрихтардың аралары 2 — 3 мм.
7-слайд
Ирек сызық . Кескін толық берілмеген жағдайда қолданады.
 
Оқушының іс-әрекеті:  2-кестені толтыруБағалау.    
Үйге жұмыс:  Дәптерге сызық түрлерін сызу.
Үйге жұмыс: 20-бет, практикалық тапсырма