К?ні. Date: Білім беру саласы. In the field of education: Вариативті компонент Білім беру б?лімі. Department of Education: ?лемге саяхат Та?ырыбы. Тheme: Солт?стікте кім т?рады? Ма?саты. Aims. Орта??ы топ. Middle group: 1. Солт?стік полюсті? т?р?ындарымен


Күні. Date:
Білім беру саласы. In the field of education: Вариативті компонент
Білім беру бөлімі. Department of Education: Әлемге саяхат
Тақырыбы. Тheme: Солтүстікте кім тұрады?
Мақсаты. Aims.
Ортаңғы топ. Middle group: 1. Солтүстік полюстің тұрғындарымен таныстыру. Берілген тапсырманы толық орындауға үйрету. 2. Жаңаны білуге деген ынталарын дамыту.
3. Табиғат және оның құбылыстарына деген қамқорлықтарын дамыту.
Көрнекі жабдықтар. Demonstration material: қыстың суреттері, жануарлар суреттері, ғажайып гүл, коллаж жасауға керек жабдықтар.
Жеке жұмыс. Individual work:
Көптілділік. Multilingualism: аю-медведь-bear, ақ-белый-white, қыс-зима-winter.
Іс-әрекеткезеңдері
Stages of action Тәрбиешінің іс-әрекеттері
Actions of teacher Балалардың іс-әрекеттері.
Actions of children
Мотивациялық қызығушылық
Motivational еngine Шаттық шеңбері: «Әрқашан күн сөнбесін!»
1. - Бірде фотограф көшеде қыдырып жүріп, табиғат әсемдігін суретке түсіріп алады. Мына суреттерге қараңдаршы. Не көріп тұрсыңдар? Өкінішке орай бұл аппақ ертегі мәңгілік емес. Себебі қыстың соңынан көктем келіп бәрі еріп кетеді. Қыс қандай түсті болады? Жер бетінде Мәңгілік қыс патшалығы бар. Ол қайда екенін білесіңдер ме? Солтүстік полюс – бұл мұз шөлі. Мұхитты қалың мұз басқан жерге барғыларын келе ме?
- Балалар, бүгін таңертең біздің топтың есігінің жанынан мен сәлемдеме тауап алдым. Кәне, қарап көрейік (7 түсті ғажайып гүлді алады) Шаттық шеңберіне тұрып, қимылдарды орындайды.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, өз тәжірибесіндегі білімдерімен бөліседі.
Қызығушылық танытады.
Ұйымдастыру-  ізденушілік
Organizational research Осы ғажайып гүл арқылы біз Солтүстік полюске барамыз.
Гүлім- гүлім ұша ғой,
Солтүстікке бара ғой, - деп қайталайық.
2. Солтүстік полюс. «Ыстық-суық ойыны».
Суық – балалар бүрісіп алады, ыстық – балалар керіледі.
3. Солтүстік полюстің жануарлары.
- Солтүстік полюстің суықтығына қарамай, мұнда көптеген жануарлар мекендейді. (Пингвин, морж, итбалық, теңіз мысығы, ақ аю).
Ақ аю мен кәдімгі аюды салыстыру.
4. Балалармен бірлесіп коллаж жасайды.
5. Міне, біздің саяхатымыз аяқталды, топқа оралайық.Гүлім- гүлім ұша ғой,
Тобымызға бара ғой, - деп қайталайық. Сөздерді қайталайды.
Тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, өз тәжірибесіндегі білімдерімен бөліседі.
Коллажға керек суреттерді таңдап, жапсырады.
Сөздерді қайталайды.
Рефлексивті-түзетуші
Reflective correction Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылайды.
Балаларға өздерін бағалауды ұсынады. Сұрақтарға жауап береді.
Өздерін бағалайды.
Күтілетін нәтиже. Expected results:
Біледі. Know: Солтүстік полюстің тұрғындарын
Игереді. Can: Солтүстік полюстің мәңгілік суық болатыны туралы білімдерді
Меңгереді. Will know: сұрақтарға жауап беруді, өз тәжірибесіндегі білімдерін қолдануды.