?ліппе ашы? саба?. Х дыбысы мен ?рпі


Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Х дыбысы мен әрпін таныту.
2. Адамгаршілік тәрбие беру.
3. Оқу жылдамдығын арттыру.
Сабақтың көрнекілігі: Х әрпіне қатысты суреттер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау
.-Ю дыбысы қандай екі дыбыстан тұрады?
Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.
«Жарыс» мәтінін әңгімелету.
ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Хат туралы кіріспе әңгіме
ә) Буындық талдау жасату.
б) Х дыбысын дыбыстап қандай дыбыс еекенін анықтау.
в) әрпімен таныстыру.
г) Әрбір сөздің мағынасын ашу.
д) «Кітапхана» мәтінін оқытып, неше сөйлемнен құрылғанын анықтау.
Ү. Жаңа білімді бекіту.
а) Бүгін біз сендермен х әрпімен таныстық.Бұл орыс тілінен енген әріп. Х- дауыссыз дыбыс.
г) Диктант жазғызу: жарыс, мәре, аю, ара.ою, қою,тою, сою, түю,кию,үю.
Дәптермен жұмыс: Х әрпін жазып үйрену.
Тақтамен жұмыс:Аңдар жарыса жөнелді. Менің әжем сырмақ сырды. Аралар аюды талай бастады. Аю тез жүгірді. Құлагер бәйгеден озып келді.
ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық.