Саба?ты? та?ырыбы: У ?рпі ж?не дыбысы. Саба?ты? ма?саты: «У»дыбысыны? бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуіні? себебін тілдік мысалдарды бай?ату негізінде т?сіндіру. Саба?ты? міндеттері: а) Берілген с?з, с?йлем ішінен «у» дыбысын тауып, оны? дауыст


Күні:27.09.2015ж
Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: У әрпі және дыбысы.
Сабақтың мақсаты: «У»дыбысының бірде дауысты бірде дауыссыз болып келуінің себебін тілдік
мысалдарды байқату негізінде түсіндіру.
Сабақтың міндеттері:
а) Берілген сөз, сөйлем ішінен «у» дыбысын тауып, оның дауысты, дауыссыз екенін ажырата білуге үйрету. Сөздерді мағыналарына қарай топтастырып, сөздерді буынға бөле білу білігін жетілдіру.
ә) Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, жүйелі баяндау, көркем жазу, сауатты оқу дағдысын
арттырып, танымдық, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: сөздер, тірек сызба, ребус, текшелер, у дыбысы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, танымдық ойлау, талдау, топтау, рефлексия.
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Ертеде, «Дыбыс» деген үлкен шаhар болыпты. Бұл елде дыбыстар өмір сүріпті. Дыбыстардың түрлері, дауысты дауыссыз дыбыстар, олардың түрлері болыпты. Олардың тіпті өздеріне тән түстері, киімдері, таңбасы, сөз ішінде өз орындары болыпты.
«У»дыбысы өзінің дауысты не дауыссыз екенін ажырата алмапты. Өзін-өзі ажырата алмағандықтан, шаршағаны сондай «У»дыбысы қашып кетіпті.
Қане іздеп табайық.
Оқушылар: Ау-у-у, У қайдасың?
- Оқушылар тауға шығып іздепті. Тау етегінен мына қағазды тауыпты.
- Таудың суреті:
-
У - шешуін табу.
- Берілген сызбаға сәйкес ережені қайталау. У дыбысының қай кезде дауыссыз болатынын еске түсіру.
Тау етегінде «Жайлау»бар екен. ( жайлаудың суреті) Балалар жайлауда жайланып, үй тапсырмаларын тексерді.
У дыбысының қай уақытта дауыссыз болатынын ережеге сүйене отырып дәлелдеу.
Сонымен у дыбысы өзінің қай уақытта дауыссыз болатынын түсініпті.
Қуанып келе жатқан балалар жол жиегінде жайқалған бау-бақшаға кездесіпті. Қарындары ашқан балалар жеміс-жидек жемекші болады. Бағбан атай олардан жөн сұрасыпты.
ІІ. Қайталау сабағы
Әңгіме үстінде бағбан ата оларға у әрпі кездесетін сөздерді атап ,дыбыстық талдау жасап беруін сұрайды
- Атай тапсырманы орындаған балаларға жеміс беріпті.
Дәптермен жұмыс
У дыбысы бар сөзді сызу. Қай жерде дауысты, қай жерде дауыссыз екенін қызыл, көк текшемен белгілеу.
Туған, білуді сөзінің ішінен У дыбысын табу.
У - шешуін табу.
Балалар атаймен қоштасады.
У дыбысы өзінің қай уақытта дауысты болатынын түсіне бастады.
Олар туған ауылдарына қайтып келе жатып жайқалған түймедақтарға кездеседі.
--Сөздерді буынға бөлу.
У дыбысының дауыссыз, дауысты екенін ажырату, дәлелдеу.
Көк, қызыл текшемен белгілеу.
уа-қыт
е-ле-уіш
о-тау
о-қу
жай-лау
тәу-лік уа-қыт
ІІІ.Сабақты қорытындылау
Сөйтіп олар ауылдың сыртына келіпті. Ауыл сыртындағы үлкен тақтайға құпия сөз жазылыпты. Ол сөз мына тапсырмаларды орындаңдар
Екінші керек буынды табу керек
Бала.....
Қар....
Са.......
Ша.....
Сыр...
ІҮ.Бағалау.

Күні: 27.09.2015ж
Пәні:Музыка
Сабақтың тақырыбы: Музыкалық дыбыстар
Сабақтың мақсаты: Музыка сауатын ашу. Орындаушы, композитор, ақын туралы түсінігін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Музыка жөнінде үғымын дамыту
Музыкалық талғамын жетілдіру
3.Ән айтуға қызығушылығын арттыру,музыканы сүюге,өнерге тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Балалар,қазір қандай сабақта отырсыңдар?
Музыка сабағында қандай іс-әрекет жасайсыңдар?
Оқулықта берілген сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру.
Оқулықпен жұмыс.
Музыка әлеміндегі басты мамандық иесі- композитор.Композитор түрлі тақырыпқа арнап музыка жазады. Әннің сһзін ақын жазады.Ақын мен композитор бірігіп әдемі ән шығарады.
Оқулықтағы сурет бойныша тапсырма орындалады:
Композитор-күйсандық
Ақын-қалам, қағаз
Орындаушы- микрофон
Дауыс жаттығуы.
Жұмбақ.
Дауысыңды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа. ( Жаңғырық)
Айтқанынды айнытпай,
Қайталайды өзіңе
Тіл қатқанмен қаймықпай
Көрінбейді көзіңе. (Жаңғырық)
Ән үйрену.
Ән- баланы сергітетін,көңілін көтеретін, дыбыс биіктігін сезіне орныдауға үйрететін шығарма.Оқулықта берілген тапсырмалар баланың ойлау,есте сақтау,дыбыс биіктігін ,қимыл жасау қасиеттерін шыңдайды.
Сабақты қорыту.
Түрлі –түсті суреттер көрсетіліп, сұрақтар қойылады.
1.Композитор кім?
2. Ақын кім?
3. Орындаушы кім?
Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.