7-сынып.Орта ?асырларда?ы ?аза?стан тарихы.Ерте орта?асыларда?ы,Дамы?ан орта ?асырларда?ы ?аза?стан мемлекетері туралы ?айталау
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы.
Білімділік: Оқушыларға өткен ерте орта ғасырлардағы, дамыған ортағасырлардағы Қазақстан мемлекеттері жайлы қайталау сабағын өту, тапсырмалар арқылы ой өрістерін дамыту;Дамытушылық: тапсырмалар арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін арттыру, жекежұмыс жасауға үйрету;Тәрбиелік: Оқушыларды шыдамдылыққа, еркіндікке баулу. Өз Отанының патриоты болуға, білім арқылы әділдікке жету жолдарымен тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер,түрлі тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың және кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру.
II.Үй тапсырмасын сұрау
I кезең. Өзін-өзі таныстыру. Топ оқушылары үш топқа бөлінеді.Топ басшыларын анықтау.
II кезең. Терминдермен жұмыс.
Теле (түрік тайпаларының ортақ атауы)
Қарабұдын (қарайпайым халықты атаған)
Сардоба (құдықтардың үстіне салынған күмбезді ескерткіштер)
Иқта (жер иеленудің бір түрі)
Коммендация (Қарахан мемлекеті кезіндегі қанаудың бір түрі)
Материалдық мәдениет (халықтың тіршілік мұқтаждығын өттейтің заттардан,бұймдардан тұрады)
Рухани мәдениет (халықтың дүниетанымы,жан дүниесі,діни наным-сенімі,тілі,әдет-ғұрпы)
Инал (Оғыз мемлекеті билеушісінің титулы)
III кезең. Викторина.
1. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері?(«Күлтегін» , «Тоныкөк» жазулары)
2. Қимақтар қай ғасырда қимақ ислам дінін қабылдай бастады? (X ғ)
3. Оғыз мемлекетінің орталығы? (Янгикент)
4.Жанып тұрған оттың арасынан өткен Византия елшісі ?(Земарх)
5. Қарлұқ қағанаты өмір сүрді ? (756-940 жж)
6. Дамыған орта ғасырлардағы мемлекетке қандай мемлекеттер жатады?(Қарахан, Наймандар,керейіттер,жалайырлар,қарақытайлар,қыпшақ хандығы)
7. Түрік қағанатының құрылған жылы?(552)
8. Қимақтар мен оғыздардың шеберлері ғажайып темірден әдемі бұйымдар жасайды деп айтқан кім? (Әл-Идриси)
IV кезең.Сандар сөйлейді.
682 жылы (Шығыс түріктері Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтіреді)
603 жылы( Түрік қағанаты екі бөлікке бөлінеді)
30 тамыз 1995 ҚР Конституция күні
1212 жылы Қарахан мемлекеті құлады
35 әріп көне түрік әліпбиі
24 тайпа оғыздар Қашқаридің айтуы бойынша оғыздар тайпадан тұрды
V кезең.Бұл не? Суретте не немесе кім белгіленгенін анықтау?
VI кезең. «Алтын қақпа».Берілген ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру.
Сары ұяшықтар
10 сары-Оғыз сөзінің пайда болуы қандай пікірлер бар?Соларды ата.
Кейбір ғалымдар уыз сөзінен шықты десе, екінші біреулері «садақтың оғы» деген сөзден пайда болған дейді.Ал үшінші бір ғалымдар «өгіз» деген тотемдік сөзден пайда болды.
20 сары –Жеріміздегі ірге тепкен ең алғашқы феодалдық мемлекет? Түрік қағанаты
30 сары –Мұрагерлердің өзіндік ерекшелігі болған. Тек ер адамдар ғана емес, әйел адамдар да мұрагер бола алған. Бұл қай мемлекетке тән қасиет ? Қарақытайлар
Көк ұяшықтар
10 көк – VI-VII ғ арасында басталып, бітпей қалған ғимарат? Ақыртас
20 көк – 965 жылы оғыз жабғуы кіммен бірге Хазарларға қарсы әскери одақ құрды?
30 көк – 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялаған қандай мемлекет,кімнің тұсында ? Қарахан, Мұса
Қызыл ұяшықтар.
10 қызыл-Сайрам қаласы ертеде қалай аталады.Испиджаб
20 қызыл- Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан кім? В.В.Бартольд.
30 қызыл – Жазба деректерге қарағанда,әрбір үйден бір динардан ақша жиналған. Бұл алым-салық жүйесі, қай мемлекетке тән? Қарақытайлар.
VII кезең. Берілген сөздерден, артық сөздерді алып тастап.Қалған сөздер бойынша сөйлем құрастыру.
Сырдарияның , IX ғасыр соңында,Түргеш, орта, төменгі, 552 жылы, ерте ортағасыр мемлекеті, Қарахан мемлекеті, мемлекеті,Византия елшісі, қаған,орталығы, суяб, шаруашылық, Оғыз,Тоныкөк,Янгикент.
Теле,құрылды, этникалық құрамына, Шығыс Түркістанның бір бөлігінде, Испиджаб, Баласағұн. Орталығы, Түрік қағанаты,Сатұқ Богра хан,X ғасырдың,Жетісу аймағы, орта кезінде,
IV. Бекіту.
V.Қорытынды.
VI. Бағалау:
VII.Үйге тапсырма: Қайталау.