?аза? хал?ыны? ?алыптасуыны? со??ы кезе?і,?аза? ж?здері
0-114300
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы
Қасқабұлақ ауылы,
М.Әуезов атындағы орта мектептің тарих,
құқық пәндерінің мұғалімі
Жунисова Асел
Сабақтың тақырыбы: §32. Қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі,қазақ жүздері
Сабақтың мақсаты:
Қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі, қазақ жүздері олар туралы деректер, аңыздар жайлы түсіндіру ,мағлұматтар беру
Өткен тақырыптармен салыстыру арқылы білім,білік, дағды шеберліктерін арттыру
логикалық ойлауын дамыту.
белсенді, білімді азамат тәрбиелеу,патриоттық тәрбие беру
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың типі: Дағды мен шеберлікті меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: кесте,сызбалар,бағалау парағы,жетондар, электронды оқулық Қазақстаның физикалық картасы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: жұппен жұмыс,топпен жұмыс,ой-қозғау,Блум жүйесі, құжатпен жұмыс,интерактивті оқыту әдістері,Блоб ағашы,
сто стратегиялары
Жаңа технология: сын тұрғысынан ойлау
Пәнаралық байланыс:география, тарих,әдебиет,музыка
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
III .Жаңа сабақ
IV . Жаңа сабақты бекіту
V. Қорытындылау,бағалау
VI . Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды интерактивті оқыту әдістерінің төңкерілген П стилімен оқушыларды орналастыру.
Оқу құралын тексеріп түгелдеу.Бағалау парағын тарату.
Психологиялық дайындық .Слайд №3.
Рефлексия. «Көңіл-күй» шкаласынан өз көңіл-күйіңе сәйкес суретті таңдап алып, белгілеп қойыңдар.
Мен сабаққа дайынмын. Менің сабаққа зауқым жоқ .Мен өз-өзіме сенімсізбін.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
Слайд
Сабақтың ұраны:
Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіз керек».
Н.Назарбаев .
ІІ.Слайд №5. Үй тапсырмасын сұрау:
П-41. Ждто.Кж.
Конверт сұрақ стратегиясы. Үй тапсырмасын сұрау
Түрлі тапсырмалар орындату арқылы логикалық ойлау ,сөздік қорын дамыту
Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты
Тұрсын ханның бүлігі
Есім ханның ескі жолы
Жұмыс дәптерін жұппен тексеру.
Кескін картаны тексеру. Бағалау.Техникалық құрал көмегімен көрсету.
Пікірлерін тыңдау. Геометриялық пішінмен бағалау.
Слайд №6. Сергіту сәті. Сыныппен орындау.
Қол көтерсем солтүстік
Топ-топ бассам оңтүстік
Қолды созсам жан-жаққа
Көрсетеді бағытты
Батыс пенен шығысты
Иіліп сәлем берейік
Экватор белде деп
Белді бұрай қозғасаң
Сағат тілі батысқа
Жер айналар шығысқа.
Пәнаралық байланыс: география.
Жаңа сабақтың жоспары:
Слайд № 7. Қазақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі
Қазақ жүздері
Электронды оқулықпен жұмыс. А-2
Мағынаны ажырату. «Қазақ жүздерінің құрылу себебі ,олар( қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған.Ол одақ-қазақ жүздері» Ш.Уәлиханов
Қақіргі заманмен байланыстыру .ҚРК. 1 бап. Қазақстан халқының саны.
Сабақты бекіту: Блум жүйесі. «Мен не білдім?»
Сабақты қорытындылау.
Бағалау: Білімді оқушыны анықтау. Төсбелгі тағу .
Үйге тапсырма: §32.Ждто. Шт.