Д?ние ж?зі хал?ыны? саны ж?не ?дайы ?суі. Демографиялы? саясат (10 сынып)
Бекітемін
Күні:25.11.2015ж
Сыныбы: 10.
Пәні: География.
1.Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзі халқының саны және ұдайы өсуі. Демографиялық саясат
2.Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Дүние жүзі халқының саны, оның өзгеру динамикасы, халық саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін анықтау, салыстыру, ұдайы өсуін 1,2 типіне жататын елдерді жіктеуге, демографиялық саясат түрлерін ажырата білуге үйрету. Оқушылардың дүние жүзінің халқының саны әр түрлі болу себептерін түсіндіре білуге, ұдайы өсуінің елдердің даму деңгейімен байланыстылығы туралы ой тұжырымдауға дағдылындыру. 3.Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: постермен және атласпен жұмыс, жеке жұмыс,топтық жұмыс.
4.Сабақтың нәтижесі: Білу: Оқушылар Дүние жүзі халқының санын, оның өзгеру динамикасын, ұдайы өсуін және демографиялық саясат түрлерін ажырата біледі, түсінеді.
Қолдану: Халық саны бойынша «Алғашқы ондық» елдерін салыстырып, ұдайы өсудің 1,2 типіне жататын елдерді анықтай алады. 5.Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау: критерий бойынша бағалау.
6.Жоспарлау барысында әр оқушының сұраныс-талабын есепке алу: Мақсаттардың орындалуы үшін оқушыларға қолдау, көмек көрсетемін. 7.Реурстар мен жабдықтар: оқулық, карта, постер,суреттер, интернет материалдары.
Сабақ барысы
Уа-қыт Бөлім Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
5 мин Кіріспе 1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін оқушылармен амандасамын, сергіту сәтін жасатамын.
2. Оқушыларды ойын картасы бойынша топтарға бөлемін.
1.Сергіту сәтін жасайды.
2. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлайды.
10 мин
Тұсаук әеср 2.Тақырып айқындағаннан кейін
1) Топтарға мәтінді оқып, танысуға тапсырма беремін.
2) Әр топқа түсінгені бойынша ой-тұжырымдауға тапсырма беремін.
1-топ: Дүние жүзінің халық саны мен динамикасы.
Ұдайы өсу және оның типтері.
2-топ: Демографиялық жарылыс және демографиялық дағдарыс елдеріндегі демографиялық жағдайларға сипаттама беру.
Демографиялық саясат түрлері және проблеманы шешуге өз көзқарастары.
Мәтінмен және оған қосымша деректермен танысып, талқылайды.
Топ мүшелері постерге өз тақырыптары бойынша түсінгендерін жазады.
Постер бойынша топ ішінен 1-2 оқушы қорғайды.
Қалған топ оқушылары тыңдап, сұрақтар береді.
Сұрақтарға топтың басқа мүшелері де жауап бере алады.
25
мин Негізгі
бөлім
1.Жаңа сабақта алған мағлұматтарын практика жүзінде қолдану үшін әр топқа бөлек тапсырма беремін.
1-топ: Атластан халық саны бойынша «Алғашқы ондық» және «Соңғы ондық» елдерін анықтау.
Ұдайы өсудің 1-2 типіне жататын елдерді атластан анықтау.
2-топ: Демографиялық дағдарыс және жарылыс елдерін анықтау.
Демографиялық саясаттың 2 бағытын ұстанатын елдерге мысал келтіру.
2. Топтық критериалды бағалау әдісімен оқушылар білімін өздерін бағалайды. 1.Берілген тапсырмаларды атлас көмегімен анықтайды, жұпта өзара тексереді, топта талқылайды, өзге топтарға таныстыру үшін қорғайды.
2. Орындалған тапсырмалар негізінде әр топтың топ басшысы критерийлер бойынша өз тобының мүшелерін бағалайды.
5
мин Қорытынды 1.Рефлексия арқылы қорытынды жасаймын.
2.Үйге тап-ма: тақырып бойынша 3слайд- тан тұратын презентация дайындау.
1.Бүгінгі сабақтың ұтымды шыққан тұстары мен қиындықтары жайлы айтып кері байланыс жасайды
Моногенизм дегеніміз не?
Полигенизм дегеніміз не?
Антропология нені зерттейді?
15 мың жыл бұрын ғаламшарымыздың тұрғындар саны неше болды?
Алғашқы халық санақтары не мақсатта жүргізілді?
Алғашқы халық санақтары қандай мемлекеттерде жүргізілді?
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері неше рет халық санағын жүргізді?
Қай ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды?