Білімділік-жыр мазм?нын ашу,жырда кездесетін ?аза? хал?ыны? ?дет-??рып, салт-д?ст?рлерін тауып, ма?ынасын аштыру т?рбиелік-?лтымызды? салт-д?ст?рі ар?ылы ізеттілікке, инабаттылы??а, ?дептілікке, ??ыптылы??а, елжандылы??а, ж?йелі ойлай, с?йлей ж?не жаза
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегіорынбасары ________ А. Саянова Күні: 7.10.2015
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9 «а»
Сабақтың тақырыбы «Қыз Жібек» жырына талдау жұмысы
Сабақтың мақсаты Білімділік-жыр мазмұнын ашу,жырда кездесетін қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін тауып, мағынасын аштыру;
тәрбиелік-ұлтымыздың салт-дәстүрі арқылы ізеттілікке, инабаттылыққа, әдептілікке, ұқыптылыққа, елжандылыққа, жүйелі ойлай, сөйлей және жаза білуге тәрбиелеу;
дамытушылық-дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен әрекеттенуге дағдыландыру, сөйлеу тілін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
Әдіс-тәсілдер Блумның сұрақ қою өлшемі
Акт элементтері
Іздену-зерттеу
Әдеби шығарманы талдау
Жеке жұмыс
Сұхбат тест
Мәтінмен жұмыс
Жұмыс дәптері
Сабақтың түрі,типі Шығармашылық талдау сабағы, білік пен дағдыны қалыптастыру
Оқып үйренудің нәтижесінде «Қыз Жібек» жырының мазмұнымен танысады және талдау жұмысын жүргізе алады
Тілдік мақсаттар Сүмбіле-шөптің басына түсетін сәукелелі шық.
Шытырма көйлек-етегі күміс әбзелдермен зерленген көйлек.
Көбеген-ерте туылған қозы.
Қара торқа-жібек мата деген мағынада
Сыныпта талдау жүргізеді (айтылым ,тыңдалым,оқылым, жазылым дағдысы)
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау Табыс критерий арқылы оқушыны үнемі бағалау
Зерттеудегі өзіндік үлесін бағалау
Тақырыптың нәтижесінің нақтылығына қарай бағалау
Сөзіктермен жұмысын бағалау
Сұхбат тест жұмысын бағалау
Жұмыс дәптерін бағалау
Шығу парағы
(қол соғу, марапаттау арқылы бағалау)
Алдыңғы білім Лиро-эпостық жырлар. «Қыз Жібек» жырын мазмұндау
Негізгі дерек көзі Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев Қазақ әдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық . Алматы: Мектеп, 2013.-408 бет.
Ресурстар Акт, жұмыс дәптері
Жоспар
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Ресурстар
Қызығу
шылықты ояту
(5мин)
І. Ұйымдастыру кезеңі
*оқушылармен амандасу;
*оқушыларды түгелдеу;
*оқу құралдарын тексеру;
Сәлеметсіздер ме, балалар! Қажетті құрал-жабдықтарымызды дайындап, сабаққа назар аударайық. Бүгінгі сабақта кім жоқ?
Балалар сабағымызды бастамас бұрын денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Өздеріңнің бүгінгі күндеріңнің сәтті өтетіндігіне іштей сенім білдірейік. Оқушылар биылғы жыл біздің еліміз үшін ерекше жыл. (неге?) Себебі биыл ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 550 ЖЫЛ, ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 70 ЖЫЛ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ
20 ЖЫЛДЫҒЫ. Кез келген елдің тарихы әдебиетімен байланысты. І. Оқу құралдарын алып, сабаққа дайындалады.
Саяси сұрақтарға оқушылар алдыңғы білімдері бойынша жауап береді Т.Ақшолақов, Т.Жұмажанова, С.Қалиев, С.Дүйсебаев Қазақ әдебиеті: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық . Алматы: Мектеп, 2013.-408 бет. «Қазақтың салт- әстүрлері»
кітабы
Мағынаны тану
(5мин)
(25 мин) Сабақтың тақырыбы хабарланып, мақсаты айқындалады.
Әдебиет қашаннан бері өмір айнасы. Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қыз жібек» жыры. «Қыз Жібек» жыры халық ауыз әдебиетіне, оның ішінде лиро-эпостық жырларға жатады. Ал лиро-эпостық жырлар-ауыз әдебиетінің мол әрі рухани қазынасы. Яғни, лиро-эпос жырлары-ғашықтық дастандар. «Қыз Жібек» жыры-идеялық мазмұны, көркемдік сөз сапасы, сюжеті, көркемдік айшықтары, композициялық құрылымы жағынан үздік туынды болып табылады. «Қыз Жібек» жыры-ғашықтық дастан. Жырда бірін-бірі ұнатқан екі жастың сүйіспеншілік сезімі суретттеледі. Сондай-ақ мұнда көшпелі қазақ тіршілігінің әлеуметтік, тұрмыстық жағдайлары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өмірге көзқарасы мол көрініс тапқан.
Әрі қарай оқушылар «Қыз Жібек» жыры бойынша құрастырылған жұмыс дәптерімен білімдерін толықтырып, жұмыс жасайды. «Қыз Жібек» жырының мазмұнымен танысып шығады
«Қыз Жібек » жыры бойынша құрастырылған жұмыс дәптерімен жазбаша жұмыс жүргізеді. Сабақты бекіту
(5 мин) Тест жұмысы бойынша бекітіледі Оқушылар тест жұмысын белгілеп шығады. Бағалау
(2 мин) Әр оқушының қолындағы жұмыс дәптерлері бойынша бағаланады
Үйге тапсырма
(2 мин) «Халқым қандай десең- салтымнан сынап біл» тақырыбында эссе жазып келу
Кері байланыс
(1 мин) Оқушыларға «Шығу парағы» таратылып ой пікірлері мен ұсыныстарын білу. Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма? Тақырып аясында қиындық тудырған кездер кездесті ме?
Нені үйренгіміз келеді?
Сабақты өзіңіздің бағалауыңыз (бұл жерге сабақ барысындағы енгізілген өзгерістер
мен өз комментариилеріңізді жазасыз. Сәтті және сәтсіз тұстарын жазыңыз)
Не жақсы болды?
Неліктен?
Не ұнамады?
Неліктен?
Нені өзгертуге болады?
№4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
Қазақ әдебиеті пәнінен 9-сыныпқа
«Қыз Жібек» жыры тақырыбы бойынша
құрастырылған жұмыс дәптері
1-тапсырма
Кейіпкерлерге мінездеме (жағымды, жағымсыз)
2-тапсырма Жыр мәтінінде кездескен түсініксіз сөздерді теріп жаз.
Түсініксіз сөз Білдіретін мәні
Ғамкүн қамкөңіл
Дарғаһы Есіктің маңдайшасы
Саруары жолдасы
Жағдан Кестелеп алтын жіппен тіккен түйе қомы
Баһар Көктем нұры
Сүмбіле Шөптің басына түсетін сәукелелі шық
Мүдәт (арабша) уақыт
3-тапсырма. «Қыз Жібек» жырының жоспарын жаз.
I бөлім
II бөлім
III бөлім
IV бөлім
V бөлім
VI
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
-«Қыз Жібек» жырының негізгі тақырыбы қандай?
-Тақырып пен атаудың айырмашылығы неде?
-«Қыз Жібек» жайлы не білесің?
5-тапсырма. Мәтіннен салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды теріп жаз.
р/с Әдет-ғұрып, жоралғы үлгілері, салт-дәстүрлер Жырда кездесуі
1 Қыз көру Төлеген:-Әркім жақсы қызы болса әкеліп көрсетсін, өзі әкеліп көрсеткен адамға қызын алсам да беремін бір жорға , алмасам да беремін бір жорға,-дейді.
2 Қыз айттыру Төлеген:
-Көріп ем Қыз Жібектің бұрын түсін, Бітпеген еш пендеге ондай пішін.
Қыз Жібек Төлегенге тимек болған, Қаршекем арасында жүрмек болған, Келемін ат шаршатып соның үшін
3 Бата аяқ Әлқисса, енді Төлеген айтты:-Хан , мен көп сөзді білмеймін, бата аяққа не аласыз?-дейді.
4 Қалыңдық ойнау Әлқисса, Төлеген мен Жібек үш ай қалыңдық ойнап, бақыт шуағына бөленеді.
5 Теріс бата Базарбай:-Ай, жараңдар, менің мынау балам тілегімді бермей кетті, егер де біреуің қошемет қылып ерсең, мен тұзыма салып, теріс батамды беремін!-дейді.
6 Әмеңгерлік Жырда Жібек Сансызбайға қосылады.
6-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгеніңді баянда.
«Қыз Жібек»-XYII ғасырда жазылған лиро-эпостық жыр. Тұңғыш рет 1880 жылы Е.А.Александров Мұсабай ақыннан жазып алып, мазмұнын орысшаға қара сөзбен аударған. XIX ғасырдың екінші жартысында татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен «Қыз Жібек» жырын жинап, 1894 жылы Қазанда бастырған. Жырда Жағалбайлы елінің қонысы Қара теңіз жағасы деп келеді. Мұнысы Каспий (Атырау) теңізі болу керек. Сол кездегі шектілердің қонысы Ақжайық болған. Бұл екеуінің арасы қоныс жағынан шалғай емес. Қазақ даласы патшалық Ресейге қарағанға шейін Жағалбайлы елі Ақжайық бойын мекендеген.
«Қыз Жібек» әңгімесінің заманын білуге жолбасшы болатын тарихи деректің бірі-қалмақтардың Ақжайық бойын жайлаған шекті елін жаулап алуы. Жырдың бойында аз ру шектілерге торғауыттардың ол кезде үстем болғаны-тарихи шындық.
Торғауыттардың-көне Қалмақтардың бір тайпасы.
7-тапсырма. Сұхбат тест:
1.Төлегеннің өскен ортасы қандай?
2. Қаршыға мен Шеге кімдер?
3. Төлеген алыста азабы мол жолға неліктен бел байлады?
4. Төлеген қалай қаза болды?
5.Сансызбай деген кім?
6. Анасы баласына қандай кеңес берді?
7. Қаршығадан Төлегенді жасырған кімдер?
8.Қыз Жібек кімнің қызы?
9.Төлегеннің аты (жылқысы) қандай?
10.Жырда қыз Жібектің ақтығын неге теңейді?
8-тапсырма. Жырды көркемдегіш ерекшелігіне талда.
Теңеу Метафора Ассонанс Аллитерация
9-тапсырма. «Қыз Жібек» кинофильмі туралы ойың қандай?
Мәтінді оқы.
«Қыз жібек»-екі сериялы көркемсуретті фильм. 1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген. Сценарий авторлары- Ғабит Мүсірепов, режиссері-Сұлтанбек Қожықов, суретшісі- Гүлфайруз Ысмайылова, композиторы-Нұрғиса Тілендиев. Қыз Жібек рөлін сомдаған-Меруерт Өтекешова 1951жылы 25 ақпанда Орал облысында дүниеге келген, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. 1968жылы №66 мектепті бітіргеннен кейін «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған.
10-тапсырма . Бекіту тест жұмысы
Жағалбайлы кімнің елі?
а)Сырлыбай ханның
в) Қаршығаның
с)Базарбайдың
д)Қыз Жібектің
2. Е.А.Александров «Қыз Жібек» жырын тұңғыш рет кімнен жазып алды?
а) Жүсіпбек Шайхыисламұлынан
в) Мұсабай ақыннан
с)Сайлау Мұратовтан
д)Жиенбет жыраудан
3.Кімнің бейнесі?
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай
Екі беттің ажары
Жазғы түскен сағымдай
а) Қыз Жібек
в) көш бастаған қыздар
с) Қыз жібектің шешесі
д)Қыз жібектің жеңгесі
4. Төлегеннің анасы кім?
а) Қамқа
в) Қамар
с) Қарашаш
д)Қаракөз
5.Төлеген жібекке қандай уәде береді?
а) елге оралмай қасында қалатыны жөнінде
в) көктем шағы болғанда қазбен бірге келетіні
с) екі жүз жорға беруді
д) елін жаудан қорғауды
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі жөніндегіорынбасары ________ А. Саянова Ашық сабақ
Тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры
Пәні: қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Нұрмаханова.Г Сыныбы: 9 «а»
Қызылорда, 2015жыл