«Ал?ырлар мен тап?ырлар сайысы».


Сыныптан тыс сабақ 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: «Алғырлар мен тапқырлар сайысы».
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушылардың алған білімдеін қортындылау, логикалық ойлауларын шыңдау жетілдіру.
2.Топта жұмыс жасауға дағдыландыру.
3.Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!Қазір осы уақытқа дейін алған білімімізді саралап, өнерімізді ортаға салмақпыз. Біліміміздің артып, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік. Олай болса, «Алғырлар мен тапқырлар » атты сайысымызды бастаймыз.  
                 Армысыздар, мұғалімдер әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Білімменен сусындатқан біздерді.
Балалар өздерің көріп отырғандай келген қонақтарымызға ізетпен амандасып алалық.
Мінеки сыныпта тыныштық, Естілмейді дыбыс түк. Мұны біз де қоштаймыз, Кешіккендерді тоспаймыз. 
Алғырлар мен тапқырлардың
Сайысын біз бастаймыз!Сайысты бастамас бұрын біз екі топқа бөлініп алалық. Менің алдымдағы суреттерді бір-бірден алыңдар.Енді осы бірдей суреттер бойынша топқа бөлініп отырыңдар.
Сендерге 3 минут уақыт беріледі. Топ ішінен басшыларыңды сайлап және топты таныстыруға дайындық ретінде.
Топты таныстыру (5 мин)
Қыран тобы
Ұраны: Қырандай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз.
Тұлпар тобы
Ұраны: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.
І сайыс Мақалды жалғастыр. Екі топқа мақал басталып айтылады сол мақалды жалғастырып айтулары қажет.
І-ші топ тапсырмалары: Мақалдарды жалғастыр.(5 мин)
1.Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
2. Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.
3.Күш - білімде, білім - кітапта.
4. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
5.Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
ІІ топ тапсырмалары:
1. Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.
2. Сөз қадірін білмеген -
өз қадірін білмейді.
8. Тіл - достықтың алтын көпірі.
9. Өз тілің – бірлік үшін,
Өзге тіл – тірлік үшін.
10. Тоқ адамды ұйқы басады,
Аш адамнан ұйқы қашады
Жарайсыңдар балалар! Енді екінші сайысымызға көшелік.

ІІ сайыс
«Орамал тастамақ» ойынын бастаймыз. (5мин)
Балалардан көбейту кестесін сұралық. Орамалды тастау арқылы сұрау.
І топ ІІ топ
8х6=
9х4=
7х8=
6х9=
7х8=
6х6=
4х8=
9х5=
ІІІ сайыс. «Кім оқи алады?»
меңзерден бастағанда екі әріпті тастай отырып оқысаңдар, ел туралы шығады. Ол қандай мақал. (10мин)
(Өнерлі елдің оты сөнбес.)
ІҮ сайыс. Не? Қайдан? Қашан? (5 мин)
Конверттегі сауал арқылы сайысты жалғастыру.
Ү. сайыс. Асық ату. Ойыны арқылы тапсырмаларға жауап беру. (тізулі тұрған асықтарды атып сұрақтарға жауап беру. Жауап бере алса ұпай алады. Екі рет асық атып, жауап бере алса ұпай алады.)
1

Зат есім деген не?
Етістік деген не?
Сын есім деген не?
Бастауыш деген не?
Баяндауыш деген не?
Сан есім деген не?
Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді?
ҮІ сайыс. «Зияткерлік сұрақтары» (5мин)
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
Топ басшылармен сайыс «Зияткерлік сұрақтары» «Ыстық орындық». «Тұлпар» тобының сұрақтары
Ең кіші үш таңбалы сан? (100)2. Қосу амалын немен тексереді? (азайтумен)3. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)4. 10 см де неше дм бар? (1 дм)5. Жұлдыздың неше бұрышы бар? (5)6. Аспанда неше күн бар? (1)7. Адам қолында неше саусақ бар? (10)8. 2 ондық 8 бірлік? (28)9. 6 ондық пен 3 ондықтың айырмасы? (30)10. Кітаптың формасы қандай математикалық фигураға жатады? (тік төртбұрыш)
«Қыран»тобына сұрақтар.1. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)2. Азайту амалын немен тексереді? (қосумен)3. 1 сағатта неше минут бар? (60)4. 1 м – де неше см бар? (100)5. Шаршының неше бұрышы бар? (4)6. Адамда қанша көз бар? (2)7. Аспанда неше ай бар? (1)8. 9 ондық 5 бірлік? (95)9. 4 ондық пен 3 ондықтың қосындысы (70)10. Қосылғыштың орнын ауыстырғанымен қосындының .......... (мәні өзгермейді)  «Тұлпар»

ҮІІ сайыс «Керекті таңбаларды орнына қой». (5 мин)
5 5 5 5 = 45 5 5 5 5= 60 5 5 5 5=35
5 5 5 5 = 50

ҮІІІ сайыс «Адасқан әріптерден сөз шығар» (3 мин)
Ұ, р, т, л, а, п.
П, і, т, к, а.
А, р, ш, қ, а, а.
С, і, р, н, е, ә, с, б.
Е,п, е, к, м, т.
Соңғы сөзді толықтай бірге айтып жіберелік. Жарайсыңдар. Енді біз осы білімді қайдан алдық? (Мектептен).
Ендеше барлығымыз орнымыдан тұрып мектеп жайлы әнімізді айтып жіберелік.
Қортынды : Сайысымыздың соңында ұпай санын айтып қай топтың басым шыққанын хабарлау.


«Шемонаиха ауданының білім беру бөлімі «И.М.Астафьев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп » коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Коммунальное государственное учереждение «Общеобразовательная средняя
школа им.И.М.Астафьева» отдела образования Шемонаихинского района»
Сыныптан тыс сабақ
3 «Г» сыныбы
Алғырлар мен тапқырлар сайысы


Жумекенова Жадыра Сагынбековна
25.11.15 жыл