Саба? жоспары 5 сынып. ?аза?стан тарихынан ??гімелер . Тарих п?ні т?сінік
Сабақ жоспары №1
5 сынып.
Қазақстан тарихынан әңгімелер
Күні:
Тақырып 1§. Тарих пәні түсінік
Оқыту мен тәжірибелердің міндеті:
Білімділік-Тарихқа анықтама бере отырып, тарихқа қатысты күрделі ұғымдарды, тарихи дерек, тарихи уақыт және кеңістік сияқты мәселелерді оқушыларға ұғындыру, баяндау.
Дамытушылық -Оқушылардың ойларын жүйелі жеткізе білу, терминдермен, даталармен және картамен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік – Оқушыларды өзінің тарихын білуге, отан сүюге, оны қорғауға осы бастан тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Құрал- жабдықтар, көрнекті құралдар: электронды оқулық, карта, оқулықтағы суреттер,сызба-нұсқа, қосымша материалдар, гипермәтін.
Сабақтың әдісі: интерактивті тапсырмалар, әңгімелесу, сұрақ-жауап, тест,баяндау.
Сабақ жоспары: 1. «Тарих» ұғымы
2. Тарихтың қалыптасып дамуы.
3. Тарихты оқып білу үшін не қажет?
4. Қазақстан тарихы- дүниежүзілік тарихтың бір бөлігі.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту, қызығушылықтарын ояту.
2. Үй тапсырмасын сұрау:.
Жаңа сабақ түсіндіру:
«Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Тарих- астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.
Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих» кітабын жазды.
Тарих-бізге өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет. Өткен қателіктерді қайталамауға тырысамыз. Тарих пен шежіре- ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүгіртетін жол.
Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы. Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:
Ежелгі Қазақстан тарихы.
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.)
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.)
Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. Басынан бүгінгі күнге дейінгі)
Оқушылар сызбамен танысып, жазып алады. Берілген хронологияны өздері анықтайды.
Уақыт сызығы
Ежелгі дүние
Орта ғасыр
Жаңа заман Қазіргі заман
... Б.з.б
5м.ж ... 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 20 21
Б.з.б. ғасырлар Б.з-дің ғасырлар
Сабақты бекіту: Сұрақ қою арқылы.
«Тарих» сөзі қандай мағына береді?
«Тарихтың атасы» деп кімдерді және не үшін айтамыз?
Тарихты оқып білу бізге не үшін қажет?
Шежірешілер, жылнамашылар деген кімдер?
Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма беру: 1§ параграфты оқу. 1-ші модульді қайталау.