Саба? жоспары: ?аза?стан тарихынан ??гімелер


М.Әуезов атындағы орта мектеп : Есенгелдина Қ.Ә
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Халықтың ауызекі шығармашылығы
Ата дәстүрі – мақал-мәтелдерде.
Сабақтың мақсаты:
•Білімділік: ауызекі шығармашылық туралы, тарихты жазудағы орны жайында мәлімет бере отырып, халқымыздың ауызша шығармаларын насихаттап, шежіренің маңызын, қырларын ашу,оқушылар бойында ұлттық тәрбиеміздің өнегелі дәстүрлерін,асыл қасиеттерін қалыптастыру.
•Дамытушылық: өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қорларын дамытуға жәрдемдесу, танымдык ой-өрістерін дамыту.
•Тәрбиелік: халықтың бай шығармашылық өнеріне деген құрмет сезімін қалыптастыру, тарихи-шығармашылық дәстүрге баулу, тарихи әңгімелер арқылы қызығушылықтарын арттыру.Халықтық педагогика материалдарын пайдалану арқылы оқуларды жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуге баулу.Күнделікті өмірде осы алған тәлім-тәрбиелерінің мәнін түсінуге,ұғынуға баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.II. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында сұрақтар беремін:
1. Дала әуендері дегенді қалай түсінесіңдер?
2.«Адам дүниеге әнмен келіп о дүниеге әнмен аттанады» деген сөздің мағынасын түсіндір.
3. Әншілер мен күйшілер бұрынғы кезде неліктен халыққа өте жақын болған?
4. Қазақтың қандай ұлттық музыка аспаптарын білесің? Оларды неден жасайды?
5. Күйлерді қандай күйлер деп бөледі? Неге олай атайды?
6. Қазақтың әнші, күйшілерінің ішінен кімді ерекше атайсың? Оның себебін түсіндір.
Дәптерлеріне жазған әншілер мен күйшілердің шығармаларын тексеріп шығып, бірнеше оқушыға оқытып бағалап отырамын.
Үй тапсырмасын қорытындылап, өткен сабақтан алатын өнегелеріміздің көп екенін ескертіп өтемін.
II. Жаңа сабак.
Сабақтың тақырыбы мен жоспарын тақтаға жазып, мақсатымен таныстырып өтемін. Сабақты түсіндіруде төмендегідей жоспар құрып аламын.Бүгінгі сабағымыз ата-бабамыздан мұра болып келе жатқан мақал-мәтелдерге тоқталамыз. Мақал-мәтелдер:
Отан,туған-жер,халық туралы
Еңбек туралы
Ерлік,батырлық туралы
Достық,жолдастық туралы
Адамгершілік, жақсы мінез туралы
Төрт түлік мал туралы
Отбасы,ата-ананы қадірлеу туралы
Ынтымақ,бірлік, татулық туралы
Оқу білім ,өнер туралы
Үнемшілдік туралы
Сынып сағатының барысы:
1.Шаттық шеңберіне тұру
Хормен: Ата-баба салтымыз
Ұмытпаймыз әр күні
Тәлім менен тәрбие
Мақал-мәтел салтымыз.
1-тапсырма: Жарыс –сұхбат «Кім көп мақал-мәтел біледі?»
Сынып оқушылары ішінен 3 топтан 1 оқушыдан таңдалып алынады да, сол оқушылар мақал-мәтел айтып жарысады.
2-тапсырма:
Оқушылар алдарыңызда еңбек туралы мақал-мәтелдер көрсетілген, солардың мағыналарын айтуларыңыз қажет. Кім қалай түсінеді? Кімнің ойы ұтқыр, түсінігі мағыналы?
Еңбегі аздың өнбегі аз.Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор. .Еңбегімен ер сыйлы, Өнбегімен жер сыйлы.Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
 Еңбегіне қарай — құрмет,  Жасына қарай — ізет.Еңбегіне қарай табысы, Ерлігіне қарай дабысыЕңбегің болмаса елге өкпелеме, Ықтасының болмаса желге өкпелеме.
.Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады. .Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар..Еңбегің өнімді болса,    көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның екінші анасы
Еңбек әрі сүйсіңдіреді,әрі сиындырады.Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін,жоқшылық деген жебірді жермен жексен ететін.Еңбек етсең емерсің, Ерінбесең жеңерсің.Еңбекке бейім болсаң, қатарыңнан кейін болмайсың.
3-тапсырма:
Мақал-мәтелдерден диалог құру (достық, бірлік, Отан, білім туралы)
Сабақ қорытындысында күтілетін нәтиже:
-оқушылар өз-өзін тәрбиелей білуге ұмтылуы тиіс
-Өз-өзіне сыншыл болуға үйренеді.
-мақал-мәтелдерді ретті жерінде қолдана білуге ұмтылады.
Пән мұғалімі ЕсенгелдинаҚамажайӘбесқызы сабақты қорытындылайды