PAGEMAKER-МЕН Ж?МЫСТЫ БАСТАУ Ж?НЕ АЯ?ТАУ. СА?ТАУ
№1 лабораториялық жұмыс
PAGEMAKER-МЕН ЖҰМЫСТЫ БАСТАУ ЖӘНЕ АЯҚТАУ. САҚТАУ.
PageMaker бағдарламасын іске қосу әдеттегі мына әдістер арқылы жүргізіледі:
Пуск → Программы → Adobe → PageMaker _ → Adobe PageMaker _
1-сурет. PageMaker бағдарламасының терезесі.
Егер жоғарыда көрсетілген әдістер арқылы бағдарлама жүктелмесе, Бағдарлама менюінен «PageMaker» атын іздеу керек.
Бағдараламаны іске қосқаннан кейін алдарыңда бос терезе пайда болады.
PageMaker-ді іске қосқанда инструменттер палитрасы мен Басқарушы палитраға қатынас болмайды, өйткені бір де бір ашылған жарияланым жоқ. Біз тек меню командаларын ғана пайдалана аламыз.
Жаңа жарияланым жасау үшін Файл→Новый командасын орындау керек. Алдарыңда құжаттар параметрлері терезесі пайда болады.
2-сурет. Жаңа жарияланымның параметрлерін орнату.
Формат (Page size) өрісінде жарияланымның соңғы нұсқасы басылып шығатын қағаз пішімі таңдалады. Осы өрістегі бағдаршасы бар батырманы шертсе, стандартты пішімдер тізімін ашады. Тізімнің ең соңында Заказной (Custom) жолы бар. Бұл жолды таңдау жарияланым өлшемдерінің стандарттан басқаш екенін, Размер-дің (Dimensions) екі өрісте берілетінін білдіреді. Бірінші терезеде жарияланым бетінің ені, екіншісінде биіктіг енгізіледі.
Ориентация (Orientation) өрісінде қағаздың қалай орналасатыны көрсетіледі: тігінен немесе көлденеңнен. Қажеттісі тиісті батырманы шертумен орнатылады. Бағдарды өзгерту Размер өрснде қағаздың ені мен биіктігінің орындарын ауыстыратынына көңіл бөліңдер.
Одан әрі Варианты (Options) параметрлер тобы келеді.
Егер көп беті жарияланым жасалып, парақтың екі жағы да пайдаланылатын болса, Двухсторонняя (Double-sided) таңдалады. Мысалы, кітаптар, журналдар. Екі жақты жарияланымның бүйір өрістері ішкі және сыртқы деп аталады.
Егер экранда бір беттің сол жағын да, оң жағын да көргілерің келсе, Разворот (Facing pages) өрісінің жанына «қанатбелгі» қойыңдар. Разворот тек қана Двухсторонняя параметрімен бірге қолданылады.
№ первой страницы (Start page #). Мұнда беттерді нөмірлеп бастайтын мән көрсетіледі. Үнсіз келісім бойынша бірнші беттің нөмірі әрқашан бірлікке тең.
Количество страниц (Number of pages). Үнсіз келісім бойынша бұл өрістің мәні бірге тең. Егер жарияланым қанша беттен тұратыны белгілі болса, оны мұнда көрсетуге болады. Көрсетілген беттің саны кейінгі жұмысқа шектеу қоймайды, өйткені пайдаланушының қалауы бойынша ет қосып немесе алып тастауына болады.
Поля (Margins). Беттің барлық жағындағы өрістер өлшемдерін төрт параметр береді.
Жарияланымды басып шығаратын принтер түрі Скомпоновать для принтера (Compose to printer) өрісінде беріледі.
151701517907000Барлық орнатулар орындалуы үшін, Да (OK) батырмасын басу керек. Экранда жаңа жарияланымның бос беті пайда болады.
3-сурет. Жаңа жарияланым бар PageMaker терезесі.
Жаңа жарияланым бар PageMaker терезесінің құрылымы: 1 – құрастыру үстелі; 2 – жарияланым беті; 3 – тақырып жолы; 4 – жүйелік менюдің батырмасы; 5 – терезені жималау қою батырмасы; 6 – жарияланымды жабу батырмасы; 7 – бағдарлама терезесін жабу батырмасы; 8 – терезені жаймалау батырмасы; 9 – терезені қалпына келтіру батырмасы; 10 – айналдыру батырмасының жолы; 11 – құрал саймандар; 12 – бет нұсқағышы; 13 – өлшеу сызғыштары; 14 – координаттың басталу белгішесі; 15 – айналдыру батырмасы; 16 – батырмалар панелі.
Жарияланыммен жұмысты аяқтағаннан кейін дайындалған файлды сақтау керек. Ол үшін Файл→Cохранить (File→Save) немесе Файл→Cохранить как (File→Save As) командасын орындау керек.
Экранда диалогты терезе пайда болады.
4-сурет. Жарияланымды сақтау терезесі.
Үнсіз келісім бойынша мұнда қазіргі кезде ағымдағы диск, каталог және файлдың аты көрсетіледі. Егер файлдың берілген аты немесе орны ұнамаса, онда өздеріңе қажет параметрлерді өзгертуге болады.
Жарияланымды жабу.
Жарияланымды бірнеше әдіспен:
Файл→Закрыть (File→Close) командасын таңдаумен;
батырмасын шерту арқылы;
Жарияланымның жүйелік меню батырмасын екі рет шертумен болады.
Егер кейбір енгізілген өзгерістерің сақталмай қалса, онда жауап нұсқалары бар терезе пайда болады.
5-сурет. Сақтауға сұрауы бар терезе.
Жүйеден шығу.
Бағдарламаның жүйелік менюі батырмасын екі рет шертумен; Файл→Выход (File→Exit) командасын таңдаумен; батырмасын шерту арқылы жүзеге асады.
№2 лабораториялық жұмыс (1 тапсырма)
ГРАФИКАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРМЕН ЖҰМЫС.
Жұмысты бастамас бұрын PageMaker бағдарламасын іске қосып, жаңа жарияланым құруымыз керек. Құрал саймадар тақтасының бар екеніне көз жеткізіңіз. Ол арқылы әрбір құрал графикалық объектілер құру үшін пайдаланылады. Графикалық объектілермен жұмыс жасауда «Бағдарша» (Стрелка) батырмасының көмегі зор.
Сызық (Линия)
Көлденең, тік, сондай-ақ 45 градус бұрыштағы сызықтар "Перпендикуляр" инструментінің көмегімен сызылады. Ерікті бұрышты сызықтар түсіру үшін "Линия" инструменті қолданылады. Осы инструментің көмегімен <Shift> пернесін басып тұрып, дәлме-дәл көлденең, тік 45 градус бұрыштағы сызықтары жасай аласыңдар.
Өзіміз жасап көрейік
Инструменттер палитрасынан қажеттісін таңдаңдар. Меңзер (+) түрін қабылдайды.
Жолақтың кез келген жерінде тышқанды шертіп, батырманы жібермей, оны қажетті бағытта «созыңдар». Егер сызлған сызықтың ұзындығы мен ені көңіліңнен шықса, онда тышқан батырмасын жіберуге болады. Жаңа ғана сызылған сызықтың белсенді объект болып табылады, оның ұштарында орналасқан шектеуіштер мұны растайды.
Егер сызықтың қалыңдығы немесе фактурасы ұнамаса, оны түзету оңай. Объектінің ерекшелеуін қалдырып, Элемент→Линия (Element→Line) командасын орындап, ашылған сызықтар стилі тізімінде қажет нұсқаны белгілеңдер.
1-сурет. Сызықтар стилінің тізімі.
Сызықтар қалыңдығы пиксельдерге беріледі. Егер сендер қалағандай сызықтар қалыңдықтағы тізімде болмаса, онда Заказная (Custom) нұсқасын пайдаланыңдар. Бұл жағдайда экранда сызықтың барық сипатамалары жеке-жеке берілетін қосымша терезе ашылады.
2-сурет. Сызықтардың ерікті сипаттамаларын беру.
Маустың көмегімен таңдалған сызық нұсқасының тұсына белгі қойыңдар.
Сызық ерекшеленуін экранның сызықтан тыс жерінде шертіп, орындатпаңдар.
Бұрын сызылған сызықтың ұзындығын, бағытын, қалыңдығын және стилін өзгертіп, оны редакциялауға болады.
Белсенді объектіні ғана редакциялауға болады. Сондықтан ең алдымен «Стрелка» инструментіне ауысып, сызықты мауспен шертіп, ерекшелеңдер.
Егер сызықтың ұзындығын немесе еңкеюін өзгерту керек болса, тышқанмен оның шектеуіштерінің бірін «ұстап алып», маус батырмасын жібермей, қажет бағытта жылжытыңдар. Сызықтың қалыңдығы мен фактурасын өзгерту үшін Элемент→Линия (Element→Line) командасын орындаңыз.
Тікбұрыш (Прямоугольник)
Тікбұрыш құру
Өзіміз жасап көрейік
Құрал саймандар тақтасынан "Прямоугольник" батырмасын таңдаңдар.
Жолақтың кез келген жерін мауспен шертіп, маус батырмасын жібермей, болашақ тікбұрыштың диагоналы бойынша қажет бағыта «созыңдар». Егер шаршы салу керек болса, <Shift> батырмасын басып ұстаңдар.
Тікбұрышты бояуға – «фонмен құюға» және оның шекарасы бойынша сызық стилін өзгертуге болады. Сызық түрін өзгерту үшін, сызықпен жұмыс істеу барысында өздеріңе таныс Элемент→Линия (Element→Line) командасы қолданылады. Фонды өзгерту үшін Элемент→Фон и линия (Element→Fill and Line) командасын пайдаланыңдар.
3-сурет. Фон и линия суреті
Фон (Fill) тізімін ашқанда төмендегідей нұсқалары шығады:
Без фона (None) — мөлдір фон;
Бумага (Рaper) — қағаз түсіне сәйкес фон;
Сплошной (Solid) — алынған түсті штрихсыз, біркелкі көрсетілген фон;
Штрихты фонның бірнеше нұсқалары.
Цвет (Color) тізімін таңдау арқылы құю түсін таңдауға болады.
Оттенок (Tint) тізімін таңдау арқылы түстің қанықтығының пайыздық көрсетілімін алуға болды.
Тікбұрышты редакциялау
Бұрын жасалған тікбұрыштың өлшемдерін, фонын, сызық сипаттамаларын өзгертіп, ұштарын дөңгелентіп, редакциялай аласыңдар.
«Стрелка» инструментіне ауысып, тікбұрышты ерекшелеңдер.
Тікбұрыш фоны мен шекараларын өзгерту Элемент→Фон и линия (Element→Fill and Line) командасының көмегімен жүргізіледі.
Тікбұрыш өлшемдерін өзгерту үшін, мауспен шектеуіштердің бірін «ұстап алып», маус батырмасын жібермей, оны қажет бағытта жылжытыңдар.
Тікбұрыш бұрыштарын дөңгеленту үшін, Элемент→Скругленные угли (Element/Rounded Corners) командасын орындаңдар. Ашылған терезде төртбұрыштың өздеріңе дұрыс келетін нұсқасын шертіңдер де, ОК батырмасын басыңдар.
4-сурет.Скругленные углы терезесі.
№3 лабораториялық жұмыс (2 тапсырма)
Сопақша (Овал)
Сопақшаларды жасау "Овал" инструментінің көмегімен тікбұрыштар құрылатын ереже бойынша орындалады. Егер шеңбер салу керек болса, <Shift> батырмасын басып ұстаңдар.
Көпбұрыш және сынық сызықтар (Многоугольник и ломаные линии)
Көпбұрыш құру
"Многоугольник" инструментін көпбұрыштар және сынық сызықтар жасауға қолдануға болады.
Көпбұрыш жасау үшін екі әдіс қолдануға болады.
1-ші әдіс: Көпбұрыш сипаттамалары диалогік тәртіпте беріледі.
Өзіміз жасап көрейік
Инструменттер палитрасынан «Многоугольник» инструментін таңдаңдар.
Элемент→Многоугольник (Element→Polygon Settings) командасын орындаңдар. Диалогтік терезе ашылады, онда сендер болашақ көпбұрыштың параметрлерін беріңдер.
1-сурет. Көпбұрыштың параметрлерін беру терезесі.
Число сторон (Number of sides) өрісінде көпбұрыш жақтарының саны – 3-тен 100-ге дейін көрсетіледі.
Біз 8 бұрышты көпбұрыш құрайық.
Глубина лучей (Star insert) өрісінде көпбұрыштың «сәулелігі» пайызбен көрсетілген:
0% — қалыпты күйдегі көпбұрыш;
100% — көпбұрыштың центрінде түйісетін жұлдыздар үшін.
Біз 33% деп белгілейік.
Бағыттауыш бойынша сырғытпаны жылжыта отырып, біз Образец (Preview) терезесіннен алатын кескінің түрін көруімізге болады. Ұнағанын таңдап, ОК (ДА) батырмасын шертіңіз.
2-сурет. Параметрлері берілген көпбұрыштардың кескіндері
Көпбұрыштардың параметлері: а - число сторон-6, глубина - 0; б - число сторон - 3, глубина - 40; в - число сторон - 30, глубина - 70
Меңзерді баспа жолағның бос жеріне орнатып, тышқан батырмасын басыңдар да, оны жібермей, тікбұрыштың диагоналы бойымен жылжытыңдар. Меңзер соңынан көпбұрыш кескіні де «созылады». Дұрыс көпбұрыш салу үшін, <Shift> батырмасын басулы күйі ұстаңдар.
2-ші әдіс: Бұл әдістің көмегімен еркін пішінді тұйық контур алуға болады.
Өзіміз жасап көрейік
"Многоугольник" инструментіне ауысыңдар.
Көпбұрыш сүйір ұштарының бірі шамаланған орынға меңзерді орнатыңдар. Маус батырмасын шертіп, меңзерді көпбұрыштың көршілес сүйір ұшы тұратын орынға жыжыта беріңдер. Меңзер соңынан екі сүйір ұшты біріктіретін сызық – көбұрыш жағы созылды (3-сурет a).
3-сурет. Еркін пішінді көпбұрыш құру тізбегі.
Қажет жерде маус батырмасын басыңдар.
Меңзерді келесі сүйір ұшы орнына жылжытып, тағы да маус батырмасын шертіңдер. Сендер көпбұрыштың екі жағын алдыңдар (3-сурет б) деуге болады.
Көпбұрыш құруды бірінші жасалған сүйір ұшы контуры тұйықталғанша осылай жалғастыра беріңдер. Тию дәлдігі жөніндегі меңзер барынша жақындағанда, бастапқы сүйір ұшы маңайында пайда болатын тік бұрышты контур мәлімдейді (3-сурет в және г).
Сынық сызықтар құру
Егер көпбұрыш жасау барысында сызылған құрылыстан бас тартсаңдар, <Esc> батырмасын басыңдар. Егер салынған жақтар саны бірден көп болса, салынып бітпеген көпбұрыш сынық сызық түрінде болады.
Көпбұрыш және сынық сызықтарды редакциялау
Көпбұрыштың фоны мен шектеуші сыығының (сынық сызық) түрін өзгерту тікбұрыш жағдайындағыдай жасалады. Көпбұрыш пен сынық сызық пішінін мынадай жолмен редакцилауға болады.
1-ші әдіс:
Өзіміз жасап көрейік
Көпбұрыш (сынық сызық) сүйір ұштарын оның шектерінде екі рет шертіп, ерекшелеңдер.
Қойылған мақсатқа байланысты төменде берілген нұсқауларды пайдаланыңдар:
Жаңа сүйір ұшын қосу үшін жақтардың біріндегі қажет нүктеде мауспен шертіңдер.
Көпбұрыш (сынық сызық) пішінін өзгерту үшін маус көмегімен оның кез келген сүйір ұшын жылжытыңдар.
Сұйір ұшты жою үшін жойылатын ұшты шертіңдер.
Төмендегі 4 суретте көпбұрышты дұрыстау бағыттарымен көрсетілген.
4-сурет. Көпбұрышты редакциялау.
2-ші әдіс:
Көпбұрыштың жақтары мен формасын өзгерту үшін, оны ерекшелеп алып, өзімізге белгілі Элемент→Многоугольник (Element→Polygon Settings) командасын орындамыз.
Есімізге сақтаймыз: Бұл команда дұрыс көпбұрышқа айналдырады.
№4 лабораториялық жұмыс
БҰРЫН ЖАСАЛҒАН ЖАРИЯЛАНЫМДЫ АШУ
Мәтінмен жұмыс жасау кезінде жаңа жарияланым ашпаймыз. Өткен сабақта құрылған жарияланымды ашамыз.
Өзіміз жасап көрейік
Бұрын өзіміз жасаған жарияланымды ашу үшін File→Open Publication (Файл→Открыть публикацию) командасын орындаңдар. Содан соң файл таңдайтын терезе (2.1 сурет) пайда болады.
2.1. сурет. Открыть публикацию терезесі
МӘТІНДІ ПЕРНЕТАҚТАДАН ЖАРИЯЛАНЫМҒА ТІКЕЛЕЙ ЕНГІЗУ.
Өзіміз жасап көрейік
Инструментер панелінен «Буква» инструментін таңдаңдар.
Мәтін орналасуға тиісті баспа жолағының бос жеріне мауспен тікбұрыш сызыңдар. Маусты жібергенде тікбұрыш жоғаып, жаңа ғана сызылған тікбұрыштың сол жақтағы жоғарғы бұрышында меңзер жыпылықтап қалады. Жыпылықтап тұрған мәтіндік меңзер мәтін енгізілетін орынды көрсетеді (2.2а. сурет). Жоғалған тікбұрыш мәтін енгізу шектерін белгілейді. Мәтінді экраннан енгізу үшін тік бұрыш салудың қажеті жоқ. Тек құрастыру үстелінің кез келген жерінде мауспен жай шерту керек. Үнсіз келісім бойынша мәтінді енгізу аймағы баспа жолағының шекараларымен анықталады.
Өз мәтіндеріңізді енгізіңіз. Мүмкіндігінше екі абзацтан тұратын мәтін болсын. Біз мысал ретінде М.Мақатаевтың «Сен менің...» тақырыбындағы өлеңінің алғашқы 2 шумағын алып отырмыз.
51117549530Сен менің...
Сен мына-жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта мені, Біреулер көлеңкесін түсірмесін. Сен менің-мына тылсым кеудемдесің, Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе зынданыңа салып сақта Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
00Сен менің...
Сен мына-жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта мені, Біреулер көлеңкесін түсірмесін. Сен менің-мына тылсым кеудемдесің, Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе зынданыңа салып сақта Біреулер көкпар қылып өңгермесін!
Мәтінді енгізгенде мына ережелерді сақтаңдар:
Жолдардың соңына көңіл аудармаңдар, PageMaker мәтінді бір жолдан басқа жолға қалай көшіретінін өзі шешеді.
Абзацты аяқтау үшін оның соңында <Еnter> пернесін басыңдар.
Абзацты аяқтамай тұрып жолды аяқтау үшін, меңзерді жолдың соңғы символынан кейін орнатып, <Shift+Enter> пернелерін басыңдар.
2.2a. сурет.
15316201158875Сен менің...
Сен мына-жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта мені, Біреулер көлеңкесін түсірмесін. Сен менің-мына тылсым кеудемдесің, Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе зынданыңа салып сақта Біреулер көкпар қылып өңгермесін! ...
М.Мақатаев.
00Сен менің...
Сен мына-жанарымның ішіндесің, Жанардың білесің ғой кішірмесін. Ішіне жанарыңның сақта мені, Біреулер көлеңкесін түсірмесін. Сен менің-мына тылсым кеудемдесің, Білесің, кеудеме ешкім тең келмесін. Кеудеңе зынданыңа салып сақта Біреулер көкпар қылып өңгермесін! ...
М.Мақатаев.
2.2b. сурет. Пернетақтадан мәтін енгізілген терезе
Енгізілген мәтін сіздің белгілеген жерге барып орналасты. (2.2b сурет)