Бала ша?тан болаша??а бастау ал?ан бастауыш!


Бала шақтан болашаққа бастау алған бастауыш!
Сабақтың мақсаттары: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру. Мектепті, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақыл, ой-өрісін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштастыра отырып, жоғары сынып, мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып, сәт-сапар тілеп табыстау.
Көрнекілігі:суреттер, шарлар, нақыл сөздер, слайд шоу, плакаттар және т.б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы есейгелі отыр. Ендеше қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.
1-жүргізуші: Армысыздар, мұғалімдер-әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.
Бүгін міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ
Әніменен жырына, тарландарым сал құлақ.
Кеше сәби бүгін міне, жас ұлан,
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.
2-жүргізуші: Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызда жауқазындай құлпыпған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Қош келіпсіз, өр тұлғалы әпкелер
Қыран құстай болашағын мәпелер
Бүгін міне, бастауышпен қоштасар
Азамат боп, кешегі сәби-еркелер
Нұршат:Бала шаққа болашақты жырлатып
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаздарым қымбатты.
Ақниет:Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
Динара:Армысың сен алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп менің,
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Жүргізушілер бірге: Қош келіпсіздер, Құрметті қонақтар!
Хормен:Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда.
Ұстаз берген білім қолда.
1-жүргізуші: Нұрболат, төрт жыл бірге оқып келеміз, әрі доспыз. Сен менің сұрағыма тек шын жауап берші. Сен бастауышпен қоштасып жатқаныңа қуанасыңба? Әлде бастауыш мектепті қимай іштей қиналып тұрсың ба?
2-жүргізуші:Бекзат, сұрағың өте орынды екен. Кеудем толқып бір әлсіз күйді сезініп тұрғаным рас. Бірақ сенің сұрағыңа былай жауап беремін. Себебі, мен есейіп келемін. Қимай тұрғаным да рас. Себебі, мектепті алғаш көргенім тақтаның, партаның не екенін білгенім, қалам ұстап, әріп танып қуанғаным бәрі осы бастауыш сыныптарымызда өтті ғой.
1-жүргізуші: Нұрболат, жауабыңа өте ризамын. Енді біздің сыныптастарымыздың бастауыш мектепке деген ыстық лебіздерін, қоштасу сөздерін естісек.
Назерке: Мектеп деген білім кені жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Динара: Мектебім білім берер алтын ұям,
Ер жетіп сенде сөзім артты санам.
Баулыған 4-жыл бойы ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың маған.
Арада өтсе дағы дүкіреп жыр
Әр күні балалықтай біл жүрек бұл
Өзіңе борыштармын өмір бойы,
Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.
Ақниет:Ұлылықты ардақ тұтар үнемі
Алтын ұя, ақ босаға киелі
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Сабина:Мектебім-алтын ұяң, нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Ұлжарқын:Мектеп-үйім, ұстазым, менің ата-анам.
Сенен өсіп сенен ғана нәр алам,
Саяң ыстық сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып, сан тарапқа тараған.
Рамазан: Мектебім-сүйікті мектебім,
Бауырыңа түлеймін көктеймін.
Сен-бұлақ мен-мен қайың бүр ашқан,
Өзіңнен нәр алып көктеймін.
Алмас: Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін
Азық етіп ер жетеміз
Ән: «Мектебім» орындайтын:Ұлжарқын,Аяна,Назерке
1-жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан бізбен бірге қуанып 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан мектептегі анамыз-ұстаз екені бәрімізге мәлім. Оқушылардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын ұстаз туралы не айтар едің Нұрболат.
2-жүргізуші: Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім мектептің жүрегі»,- деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-жүргізуші: Дұрыс айтасың, ғылым иесі ғалым да, ел қорған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2-жүргізуші:Иә, бұл туралы Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді»-деген екен. Олай болса келесі жырымызды ұстаздармызға арнаймыз!
Аяна: Әлі есімде мектепке алғаш енгеніміз,
Келгеніміз, сыныпқа енгеніміз.
Жасқаншақтап тосырқап тұрған шақта,
Өзің болдың ұстазым сенгеніміз.
Бар баланың сенгені өздеріңіз.
Сол сенімді ақтауда өрледіңіз.
Құтты болсын ұстазым мерекеңіз,
Жана берсін жасампаз еңбегіңіз.
Бақберген:Қош келдің деп балдарға,
Күліп шыққан алдымнан.
Шексіз сеніп ата-ана
Балаларын қалдырған.
Сипап қойып басымнан,
Кетпей жүрген қасымнан.
Құрбы-құрдастарыммен,
Достастырған асыл жан
Айқара есік ашып тастағаны
Жолбарысхан:Бір мереке думан бо осымаңда
Жетелеп бір сыныпқа алып барғаны.
Енді міне, сағымдай боп өте шықты,
4-жыл уақыт аз ба екен кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел таңғалар азамат бір-бір мықты.
Нұршат: Байсалды мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із қалыпты.
Ұстатың қағаз, қалам қолыма өзің
Ерінбей үйреттің де әрі әріпті.
Қоссаңдар бірді екіге үш болады.
Деуші едің, біліммен күш толады
Алғыр бол, әдепті бол, сабырлы бол.
Ақылменен іс істесең іс болады.
Беруші ең бізге айтып өлең, тақпақ.
Таласып алушы едік біздер жаттап
Өзіңіз баға қойған күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем сақтап.
И.Ақниет:Ұстаздар-тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер.
Азамат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлі еткендер.
Мақсат: Жеткізген ой-сананы,
Тәрбие әр сабағы.
Алғаш сыңнан өткізіп,
Қойған тұңғыш бағаны.
Дина: Сырына көз тастаған,
Ізгілікке бастаған.
Көбейседе шәкірті
Қиындықтан қашпаған.
Диана: Жүзің жылы,құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен,
Биіктерге ұшамын мен.
Бағдаулет:Ақылшы асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат, күш-әлім,
Биікке самғап ұшармын.
Жансая: Ұстаз адам әр кезде де бағалы,
Әр сөзі, әр ісі оның саналы.
Ұстазымның үлгісімен өсіп келем,
Ұстаздан алған біліммен биікке жетем.
Ж.Ақниет:Ұстаздың ұлы сөзі мәңгі есте,
Әр сөзі дана еді кетпес естен.
Кең пейіл неткен шыдам, асыл данам,
Мақтан етем мен оны ғасырға ғасырлардан.
У.Рамазан:Еркесі мен серкесі едік әр үйдің
Ойын қуып жүр едік қой тіл алмай
Ұзтазым сонда болдың менің пірім,
Шыныменен салмақты көп ой салдың
Алмас: Келе қалсақ біз сабаққа кешігіп,
Ақыл айттың көңілімізді толқытып.
Жетекшіміз Айгүл апай өзіңді,
Ұмытпастан жүреміз біз еске алып.
Ә.Рамазан:Қиын-ау соңғы қоңырау,
Бастауыштың соғылған.
Шыныменен төрт жыл өтті ме?
Балдырған шағым кетті ме?
1-жүргізуші:Бізге 4-жыл бойы өз білімдерін бойымызға сіңіріп, еркелігімізді көтерген, санамызға құйған әр пән ұстаздарымыз да бар. Ол ұстаздарға неге алғыс айтпасқа. 1.Директор-Л.Ш.Дарибаева 2.Тәрби ісінің меңгерушісі Кенже апайға және т.б.
2-жүргізуші:Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға-деп, Абай атамыз айтқандай ұстазымыз білімділікке, біліктілікке, әдептілікке, әдемілікке, адалдыққа, әділдікке көп нәрсені үйретті. Сондықтан да ұстазымызға мың алғыс.
Хормен:Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс отты мына жүректерден.
Ән: «Ұстазым» орындайтын Динара,Нұршат
1-жүргізуші:Жер бетінде бүкіл адамзатқа ең қымбатты адам ол анасы болар. Ананың орнын ешкім ауыстыра алмайды. Анаға ән арнамаған әнші де, күй арнамаған күйші де жоқ шығар.
2-жүргізуші:Ана. Үш әріптен құралса да тамыры тереңде жатқан сөз. Әрбір адам баласы ана алдында қарыздар. Өйткені, ол бізді қиын да, қызық өмірге алып келді.
Дина: Ана – сен алтын күн шуағы
Ана – сен өмірдің бұлағы
Жүрекке ақ жарқын сол бейнең,
Сөнбейтін асыл мұра құяды.
Ұлжарқын:Тыныш көрмей тірлікте,
Мәпелеген баласын.
Қадіріңді білдік пе,
Пана болған анашым.
Назерке: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Тәрбиеші анамды,
Үнемі айтып мақтанам.
Аяна:Барлық ана әлемде,
Тілегі бір мәнерде.
Бір ауыздан тілейді,
Бейбітшілік әр елде.
Мақсат: Қартаймашы, анашым, жалынамын,
Бір өзіңнен қуат алып келемін.
Аяулы да асыл жанды анаға,
Әрдайым да басымды мен иемін.
Ән: «Ана» хор
1-жүргізуші:Сауысқанның тамағы,
Шоқуменен табылған.
Өнер-білім бәрі де,
Оқуменен табылған-деп Ыбырай атамыз айтқандай, осы заманда білім артық па, әлде байлық артық па? Осыған сендер қандай пікір қосар едіңдер.
2-жүргізуші:Әрине, білім артық деп ойланбастан жауап берер едім. Дегенмен байлық та артықтық етпес деген де ой жетелейді.
1 -жүргізуші:Олйа болса балалардың да пікірін тыңдап көрейік.
Ақниет:Білім артық, өйткені ол Пайғамбардан қалған мирас. Байлық-бақылдардан қалған мұра.
Жансая:Білім артық, өйткені ол сені бағады, ал байлықты сен бағасың.
Ақниет:Білім іздей берсең көбейеді, оны жұмсағанмен азаймайды, байлық жұмсасаң азаяды.
Жансая:Білім артық оны ұрылардан сақтаудың қажеті жоқ, жиған дүниені ұрыдан күнде қорғау керек.
Ақниет:Білім артық, өйткені ол жан дүниеңді байытады, байлық жан дүниеңді шектейді, өзіңді тура жолдан тайдырады.
Жансая:Білімді адам орнымен сөйлейді, мәдениеті артады, байлығы көп адам оған мас болып мақтанады, астамшылдық көрсетеді.
Бірге:Сондықтан да әрқашан білім артық.
Концерттік бағдарлама
Би: «Гүлдер»
Ән: «Если с другом вышел в путь» орындайтын:Сабина,Аяна,Динара,
Бекзат,Нұрболат,Бақберген
Көрініс: «Әзіл-әнгімелер,КВН» Нұрболат,Бағдаулет,Бекзат
Ән: «Бұлқынды жүрек» орындайтын Нұршат
Би: «Мамбо»
Ән: «Жангүлім» орындайтын Нұршат
Би: «Рокн-ролл»
Ән: «Алға, Қазақстан!» Нұрболат, Бекзат,Бақберген,Рамазан
Би: «Достық биі»
Хор: «Атамекен»
Сабина: Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
Аяна:Бастауышым-балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен,
Самғап ұшты тау қыраны.
Хормен: Өтті сенде қызық шағым
Бастауышым-балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
1 -жүргізуші:Бізге бастауыш сыныпта білім берген ұстаздарға мың алғыс. Еңбектеріңіз жана берсін, дендеріңіз сау болсын.
2 -жүргізуші:4а – сыныбының «Бала шақтан болашаққа бастау алған бастауыш » атты кешіміз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Сөз беріледі:мектеп директорына, ата-аналарға
Құттықтау сөз.