План поурочный по информатике на тему Ms.Access 2000 мен ж?мысты бастау


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»
Оқу ісінің меңгерушісі «___________» ________20__ ж ___________________
Пән аты: Информатика
Класы: 11«А»
Жаратылыстану- математикалық бағыт
І.Сабақтың тақырыбы: Ms.Access 2000 мен жұмысты бастау.
ІІ.Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: білімділікке, сауаттылыққа, ойлау ұшқырлығын дамыту
ә) Тәрбиелігі: икемділік қасиетімен шабытты болуға қалыптастыру
б) Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілетімен қызығушылығын арттыру
ІІІ. Сабақтың түрі: аралас сабақ
ІV. Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары, т.б.
V. Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық
VI. Оқыту формалары: жеке, топтық, ұжымдықVII. Пайдаланылған әдибиеттер: Н.Ермеков, М. Ермеков, С. Ноғайбаланова Информатика 10-11 сынып оқулығы, Балапанов Информатикадан 30 сабақ, Информатика негіздері журналы.
VIIІ.Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру
ә) сабақ сұрау
б) жаңа сабақ
в) бекіту
г) үйге тапсырма
д) қорытынды
Балалар, саламатсыңдар ма, біз өткен сабақта Деректер реляциялық қоймалары. Ms.Access компоненттері деп аталатын сабақты өттік. Үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше оқушылардан сұрақтар қою арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Жаңа сабақ
Біз МS Ассеss 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар панелі, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. МS Ассеssті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолданасыз:
Ассеssті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі Запуск батырмасын қолданыңыз
Ассеss-ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі С:\ Windows\Start-menu\Programs қапшығында Ассеss үшін іске қосу файлы құрылады. Бұл қапшықтағылар бастау менюінен шақырылатын Бағдарламалар(Programs) бағыныңқы менюінің элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Ассеss-ті іске қосу командасы көрінеді.
Запуск (Start) батырмасын басыңыз және Microsoft Ассеss шақыратын командасы бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюін ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы командада батырманы басыңыз.
1828800-2540
Екі рет арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз.
Windows Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және Ассеss орнатылған қапшыққа көшіңіз.

МS Ассеss-те саймандар панелі көптеген әртүрлі батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы нақты саймандар панеліндегі қызметіне байланысты . МS Ассеss-ке бірінші рет кіргенде экранда «Деректер қоймасың деп аталатын саймандар панелі бар болады. Батырмалардың көпшілігі көбінесе меню командаларын таңдау немесе пернелер комбинацияларын басу арқылы жүргізілетін операцияларды орындауға арналған. МS Ассеss экранда саймандар панелін басқаруға, баптауға мүмкіндік береді.
Қалып-күй жолы басты менюдің төменгі жағында орналасқан. Жолдың сол жағында кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы, жұмыс режимінің индикаторы және т.б. қажетті ақпараттар бейнеленуі мүмкін.
МS Ассеss саймандар МS панелі.
Аты Атқаратын қызметі
Создать Жаңа деректер қоймасын құрады
Открыть Бар деректер қоймасын ашады
Сохранить Ағымдағы объекті сақтайды
Печать Құжатты баспаға жібереді
Предварительный просмотр Құжатты алдын ала көру терезесін ашады
Орфография Орфографияны тексереді
Вырезать Ерекшеленген мәтінді немесе ерекшкленген объектілерді жояды және оларды буферге орналастырады
Копировать Буферге ерекшеленген мәтіннің немесе ерекшеленген объектілердің көшірмесін ғана апарып салады
Вставить Буфердің мазмұнын қояды. Бұл батырманың нақты іс-әрекеті жұмыс істеліп жатқан режимге байланысты
Формат по образцу Таңдалынған объект үшін ағымдағы пішімді көшіреді
Отменить Соңғы іс-әрекетті болдырмайды
Связи с Оffice Microsoft Оffice-нің басқа қосымшаларымен байланысты жүзеге асырады
Анализ Деректер қоймасының кестелері құрылымын және таңдалынған объектілердің шапшаңдығын талдайды.
Программа Модульдің терезесін ашады
Свойства Таңдалынған объектінің қасиеттер терезесін ашады/жабады
Схема данных Кестелер арасындағы байланысты құрады және түзетеді
Новый объект Деректер қоймасының жаңа объектісін құрады
Помощник Көмекшіні шақырады
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
1. MS Access 2000 деген қандай программа?
2.Бұл терезеге қалай кіре аламыз?
3.Басқа программалардан айырмашылығы неде?
Үйге тапсырма
Ms.Access 2000 мен жұмысты бастау.
Х. Сабақты қорытындылау
Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
ХІ. Бағалау.