?азіргі мектепке дейінгі ?йымдарда математиканы о?ытуда электронды о?ыту ресурстарын пайдалану


Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда математиканы оқытуда электронды оқыту ресурстарын пайдалану Қазіргі мектепке дейінгі ұйымдарда математиканы оқытуда электронды оқыту ресурстарын пайдалану Дана аталарымыздың «Не ексең - соны орасың» деген нақыл сөзінде қай заманда болсын мән-мағынасын жоймайтын үлкен ой жатыр. Олай дейтінім, білім саласында еңбек етіп жүрген барлық азаматтардың мойнында әр жанұяның абыройы, өз халқының болашағы, ұлтының тағдыры үшін арқалаған жауапкершілік жүгі бар. Яғни, мектепке дейінгі ұйымдардың табалдырығын аттаған бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі жанұя тірегі, ел азаматы, ұлтының болашағы. Бүгін оны сапалы біліммен сусындатып, жан-жақты тәрбиелеуге қаншалықты күш салсақ, ертең оған сондай дәрежеде салмақ арта аламыз. Бұл менің ғана ойым емес, бұл қалыптасқан тарихи ақиқат.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.»- деп батыл ойларын айтты.  Қазіргі таңда Білім және ғылым министрлігі жаңа заман талаптарына сай білім жүйесін жасап жатыр. Оның негізінде отандық ең басты дәстүр – рухани және интеллектуалды күш-қуаты, азаматтық жауапкершілігі, қоғам игілігіне еңбек етуге деген талпынысы бар зиялы қауым, еліміздің белді азаматтарын дайындау міндеті жатыр. Сондықтан да біздің елімізде негізгі басымдылық ретінде білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау мәселелері өз шешімін табу керек, яғни білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты екендігін ұдайы назардан тыс қалдырмауымыз керек.
 Мен қазіргі таңда пәндерді оқытуда оқушылардың творчестволық қабілеттіліктерін дамытуға бағдарланған жаңа технологияларды, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану қажет деп санаймын. Қазіргі таңда компьютердің ролі үлкен, ол күрделі математика ғылымын барынша қолжетімді етіп береді.
Электронды білім беру ресурстары үш түрге бөлініп жіктеледі:1. Цифрлық білім беру ресурстары (ЦБР) – қазіргі кездегі мектептегі оқулықтарға қосымша электрондық компонент. ЦБР-тар мұғалімдерді АКТ-ды ұдайы қолдануға дағдыландырады, қазіргі озық білім беру технологияларын пайдалануға ынталандырады.
 2. Күрделі құрылымдық ақпараттық көздер.
 3. Инновациялық оқу-әдістемелік комплекстер.
  Көптеген тәрбиешілер сабақты «орташа қарқынмен» жүргізіп, орташа оқитын балалардың «ыңғайына» қарайды. Мұндай қарқынмен сабақ өткізу барлық балалар үшін ыңғайлы емес. Себебі нашар оқитын балалар бұл «орташа қарқынға» ілесе алмай, яғни тәрбиешінің айтқанын меңгеріп түсіне алмай, қалып қояды. Бұл жағдайда тәрбиеші «асығыстық» жасады деуге болады. Ал, тәрбиешінің айтқанын тез қабылдайтын балалардың дамуында тежеу басталып, ол балалар меңгеретін материал «жеңіл» болып, тәрбиеші оны «баяу» баяндағандықтан жалыға бастайды. Сонымен қатар, тәрбиеші «орташа» оқитын баланың білім деңгейін ескере отырып сабақты жүргізетіндіктен білімнің белгілі бөлігі меңгерілмей қалады. Балалардың барлық (жақсы, орташа, нашар оқитын) категориясына бірдей ыңғайлы болатын әмбебап әдістемені жасауға болмайтын болғандықтан, әрбір баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге тура келеді. Ол жеке ерекшеліктер әрбір баланың оқу материалдарын жеке-дара мысалдан бастап түсіндіріп, содан кейін жалпы жағдайға көшсе жақсы түсініп, материалды жеңіл түсініп кетеді. Ал, басқа бір балалар алдымен жалпы жағдайды қарастырып, содан кейін, оған жеке-дара мысалдар келтірсе, жақсы түсініп материалды меңгеруі артады.
Қазіргі уақытта балаларға сапалы білім беруде компьютердің атқаратын ролі ерекше. Тәрбиешінің кәсіптік деңгейі мен балалардың қызығушылығын арттыруда бірден-бір құрал — компьютер. Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, балалардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқытуда іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
- әрбір балаға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
Математиканы оқып-үйрену – балалар үшін үлкен қадам болып саналады, ал кейбір балалар үшін математика ең қиын пәндердің бірі болып табылатыны да өтірік емес.
 Бұл орайда математика пәні тәрбиешілері жаңа білімнің игерілуін барлық уақытта жеңілдету мақсатында жұмыс жасап, дәстүрлі емес әдістерді көбірек пайдалануға тырысатыны ешкімге де құпия емес.
 Ғылымдардың патшасы атанған математика пәнінен білім берудің ерекше екенін айта кетуге болады. Математика адамзаттың жаратылысты тануында, мемлекеттердің ғылыми дамуының негізінде жатқан ғылым ретінде танылды. Математика – балалардың жан-жақты ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Демек, бұл жерде пәнді оқытуда, тәжірибе алмасуда артта қалуға болмайды. Қазіргі жаңа әлемдік технологияны толық меңгеретін дәуір талабына сай азаматтар дайындау басты міндет болып тұр, ал бұл мәселені шешуде математика пәнінің алар орны ерекше. Сол себепті, математика пәнін оқытуға ерекше көңіл бөлу қажет.
 Қазіргі дамыған экономика, бәрінен бұрын, интеллектуалдық ресурстардың әлеуетіне арқа сүйейді. Бәсекеге қабілеттілікте техникалық құралдарға ғана емес, осынау технологияны жасап шығаратын адамға байланысты болады. Сондықтан заманауи оқыту негізінде, балалардың шығармашылық тұрғыда, өз бетінше ойлау қабілетін дамытуға бағытталған білім беру жүйесін жетілдіру мәселелеріне айрықша назар аударуымыз қажет.Бүгінде әрбір баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап, жеке қабілетін шыңдауға мүмкіндік беру керек. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі маман. Осы тұрғыдан алғанда, біздер – білім беру ісінің қызметкерлері, шәкірттердің қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар оқу сапасын жақсартуда нәтижелі жұмыстар жүргізуіміз қажет. Елімізде білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – дүниетанымы жоғары, білімді, бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеп өсіру. Олай болса, құрметті әріптестер, білім беру жүйесінде бұл үдеуден шығу үшін талмай еңбектеніп, абыройлы қызмет атқарайық.