«АКТ пайдалана отырып, білім алушыларды? танымды? ?абілеттерін арттыру ар?ылы б?секеге ?абілетті маманны? басты ??зіреттілігін ?алыптастыру».


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА қ. БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК
209740513081000
Баяндама
Тақырыбы: «АКТ пайдалана отырып, білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті маманның басты құзіреттілігін қалыптастыру».
Орындаған:Махмутова Лаура Абсаттарқызы
Пән: информатика
Жұмыс өтілі: 10 жыл
Санаты: екінші
Астана 2016 ж.
2 санатты,
информатика пәнінің мұғалімі,
Махмутова Лаура Абсаттарқызы
Тақырыбы: «АКТ пайдалана отырып, білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті маманның басты құзіреттілігін қалыптастыру».
. Мақсаты: АКТ пайдалана отырып, білім алушылардың танымдық қабілеттерін арттыру арқылы бәсекеге қабілетті маманның басты құзіреттілігін қалыптастыру үшін информатика сабақтарында студенттерге жағдай туғызу.
Міндеттер:
АКТ оқыту туралы мәліметтер жинап, зерттеу.
Студенттердің зерттеу жұмыстарына арналған дидактикалық материалдарды таңдап алу.
Информатиканы оқыту барысында оқушыға жеке іс әрекетіне жауап беруге үйрету.
Оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, қабілеттілік құзіреттіліктерін арттыру
Жоспар:
1. АКТ оқу үрдісінде пайдаланудың маңыздылығы.
2. АКТ қолдану арқылы білім алушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
3. Оқу-тәрбие үрдісінде танымдық қабілеттерін арттыру арқылы оқыту негіздеп білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н.Ә.Назарбаев
АКТ оқу үрдісінде пайдаланудың маңыздылығы.
Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын. Ұстаздар қауымының алдында сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру; шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу; Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу; Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету міндеттері тұр. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: • оқушының жеке дара жұмысы; • аз уақытта мол білімге қол жеткізіп , уақытты үнемдеу; • білім-білік дағдыларын тест орындау арқылы бақылау; • шығармашылық тапсырмалар  орындау; • қашықтықтан оқу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты аз уақыттың ішінде  табу мүмкіндігі; • экономикалық тиімділігі; • іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; • қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып үрдістерін әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; • оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы мол. 
Мұғалім ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндікке ие болады.  Мультимедиа кабинетінде электрондық оқулықпен сабақ берудің тиімділігі мол. 1. Мұғалім оқушы білімін бағалауды компьютерге жүктейді. Бұл бағалау көрсеткіштерінің нақты, дәл болуын қамтамасыз етеді. 2.Оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз белсенділігін арттырады. 3. Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын және, әрбір оқушының қабілетін байқап  жеке жұмыс жасауға мүмкіндігі ашылады.  Әлбетте, пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу- сапалы білімнің қайнар көзі болады. Интернет жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын жеделдетеді., танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылығын ұлғайтып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін дамыту, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын, әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасап  ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.

АКТ пайдалана отырып, оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту.
ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Ең бірінші құзыреттілік ұғымын қарастырайық.
Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда қолдану айтарлықтай нәтиже беруде.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемелекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет» деп, – Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. ЖАТ арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Жаңа ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштерін төмендегідей анықтаған:
• білім беру жүйесінің әлемдік ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін қамтамасыз ету;
• ақпараттардың шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
• ақпараттық ортада жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны құру дағдыларын қалыптастыру;
• ақпараттық ортада коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
• ақпараттық ортада өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
• ақпараттық ортада ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру, жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін қалыптастыру;
• интерактивтік телекоммуникациялық технологияларды (Интернет, қашықтықтан оқыту және т.б.) қолдануға даярлау;
• ақпараттық-білімдік ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне қолдануға даярлау .
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану арқылы кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем.
Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – мұғалімдерміз. Кез-келген кәсіп иесі жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына енуді ұмытпауымыз керек.
Оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық.  Оқушыларды дара оқытуда жаңа мәліметтерді игеруге, сондай-ақ меңгерген білім мен дағдыларды тестік бақылауға арналған программалық құрал. Оқыту жүйесінде электронды оқулықтарды қолданып, үлкен табыстарға қол жеткізуге болады. Электронды оқулықтарды қолдану арқылы оқушы екі жақты : біріншісі -пәндік білім, екіншісі - компьютерлік білім алады. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетімен шығармашылықпен айналысуына, теориялық білімін өмірмен ұштастыруына мүмкіндік алады. Сонымен бірге оқушы көптеген қосымша материал тауып, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен жадында жақсы сақтайды, өз бетімен жұмыстану қабілеті қалыптасады. 
Оқу-тәрбие үрдісінде танымдық қабілеттерін арттыру арқылы оқыту негіздеп білім алушылардың құзіреттілігін қалыптастыру.
Қазіргі таңда оқу үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда.Оқыту технологиялары дегеніміз Қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жуйеленген формалары,әдіс- тәсілдері.
Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзырет – оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекетіне қажетті білім дайындығына әлеуметтік тапсырыс. Құзыреттілік – оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Құзыреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру. Электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: а) электронды оқулықтар; ә) телекоммуникациялық технологиялар; б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай: Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады:Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;2. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады. 3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 4. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:• дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);• әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);• ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);• оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту). Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдануы болып табылады.
Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технологияларды ойланып қолдануды қажет етеді.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт-бағдар беруші – біз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.
Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ) өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.