Орыс тілі мен ?дебиеті саба?тарында а?паратты? – коммуникациялы? технологияларды ?олдануды? тиімді жа?тары
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолданудың тиімді жақтары
Тараз қаласы, Тараз «Болашақ» колледжі
Орыс тілі және әдебиетінің оқытшушысы
Алиаскарова Жанар Оразхановна
Бүгінгі тіл мамандарының алдында өте күрделі міндет тұр: бір жағынан , міндетті білім деңгейін, біліктілік пен дағдыларын жетілдіру, ал екінші жағынан - жоғары деңгейдегі студенттердың потенциалдық шығармашылық мүмкіндіктері мен ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақта ақпараттық технологияны қолдану мақсат түрінде емес, студент әлемін жетілдірудің бір жолы, пән бойынша қосымша ақпарат көзі, баланың жеке белсенділігі ортасын дамыту түрі, оқытушы мен студенттің өз беттерімен жұмыстануы мен өзіндік білімдерін жетілдіру әдісі ретінде қарастырылады.
АКТ-ны сабақта қолдану білім алушылардың танымдық қызметін қалыптастырады,білім сапасын көтеруге септігі тиеді, сапалы және тез сабақ дайындалады.
АКТ-ны қолданудың негізгі мақсаты ойлауды дамыту, ойлау қызметінің тәсілдерін қалыптастыру болып табылады.
Компьютерді қолдану мұғалімді сабақтағы күнделікті қайталанатын жұмыстан босатады, яғни тақтаға жазу, тақтаны сүрту. Көрнекі құралдарды таңдауда да жұмысы жеңілдейді. Компьютер оқытушыға жаңа мүмкіндіктер жасайды.Заманауи ақпараттық технологиялар студенттерға дәстүрлі емес ақпарат көздеріне жол сілтейді, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін игеруді үйретеді.
Орыс тілі мен әдебиетін оқыту үшін қызығушылығын ояту қазіргі уақытта қиындығы бар мәселе, бірақ мүмкіндік бар деп есептеймін. Бұл жерде көмекке мультимедиялық тұсаукесерлер көмекке келеді, оларды жаңа сабақ түсіндіру, сабақты бекіту,қайталау кезеңдерінде қолдануға болады.
Өзімнің оқыту жұмысымда интербелсенді тақтаны қолданамын.
Мақсатым – белсенді, өмірде қолдана алатындай жоғары білім деңгейі бар тұлға тәрбиелеу.
Бұл мақсатымды жүзеге асыру үшін, мен алдыма мынадай міндеттерді қоямын:
- Интербелсенді оқуға дайындығын қалыптастыру;
- Оқу-тәрбие жағдайындағы өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту;
- Өз пәнімді оқытуда студенттердың коммуникативтік қабілеттерін қалыптастырып және дамытатын жаңа иетерактивтік тәсілдерді енгізу.
Әр оқытушының алдында: студент қызығушылығын қалай тұрақтандыру, білім сапасын қалай көтеруге болады деген сұрақтар туындайды. Оның жауабы, әдісте,жаңа технологияларды оқып үйреніп, одан кейін өз жұмысыңда қолдану.
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында интербелсенді әдістер оқу процессіндегі өте қажетті нәрсе деп білемін.
Интербелсенді тақтаны меңгеремін.
Интербелсенді тақта тұсаукесерлермен жұмыс жасауда жаңа мүмкіндіктер береді, яғни слайдтарды көрсету кезінде тақтада берілген мәтінге маркермен түзету енгізуге болады. Жаттығу жұмысында – сөздерге әріптер, тыныс белгілерін қою, жақшаларды ашу.
Жаттығулардың келесі түрі – тесттік жаттығулар. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындыққа есептелген.
Қазір орыс тілінен тесттік жаттығулардың тренажерлары бар.
Оларды да интербелсенді тақтамен жұмыстану үшін қолданамыз, өте тез оқыған тақырып бойынша білімдерін тексеруге жеңіл, әрі сабақтағы уақытыңды үнемдеуге болады.
5. Жаттығулардың тағы бір тобы - сызба немесе кесте бойынша жетіспейтін элементтерін толтыру.
6. Сөздік жұмыс.Экранға бір сөз немесе топ сөз шығарылады,есте сақтау үшін жазылуы, лексикалық түсінігі беріледі.
Үй тапсырмасын тексеруді түрлендіру үшін интербелсенді тақтада оқытушының немесе бір-екі студенттің алдын ала дайындаған жаттығу материалдары бойынша өзін-өзі тексеру, өзара тексеру түрлері тиімді.
Тақырыптың теориялық материалын түсіндіру үшін сызба немесе кесте түрінде беруге болады.
Емле ережесін есте сақтау үшін алгоритм құрастыру жұмысын жасауға болады.
Өткен тақырыпты бекіту үшін дұрыс жауаптары берілген сұрақтарды, кезектеп ашып көрсету арқылы білімдері тексеріледі.
Дайын дидактикалық материал.
Тест түріндегі бақылау.
Мәтінмен жұмыс. Мәтін – оқытушымен алдын ала дайындалған модель, жан-жақты талдаудың негізі болып табылады: орфографиялық, лексикалық, пунктуациялық. Мәтінде ерекше назар аударуға жататын ерекшеленген сөздер,сөз тіркестері,сөйлемдер болуы мүмкін.
Мәтінмен кешенді жұмыс.
Грамматикалық талдау түрлері.
Орфографиялық сауаттылығын дамыту.
Интербелсенді тақтада тест арқылы студент жоғары қызығушылықпен өткен сабақты қайталап, бекітіп, сол мезгілде өз жұмыстарының қорытындысын көре алады.
Интербелсенді тақта қызметі компьютер мүмкіндіктерін толықтырады және сабағыңды түрлендіруге, есте қалатындай, сабақтың негізгі сәттерін бөліп көрсетуге және оны сақтап қоюға көмегі тиеді. Интербелсенді тақтаны қолдану сабақта уақытты дұрыс пайдалануды үйретеді. Интерактивті әдістердің құндылығы, олардың студентті машықтандырып, білім, білік-дағдыларын сабақта және шынайы өмірде жаттықтыруында.
Сонымен даму үстіндегі қоғамға заманауи, білімді, тәрбиелі, жауапты шешім қабылдай алатын, өзара әрекеттесуге қабілетті, жауапкершілігі мол адамдар керек.
Өз жұмыс тәжірибеме сүйене отырып, интербелсенді оқыту арқылы белсенді өмірлік позициясы бар еркін тұлға тәрбиелейтінімізді атап айтқым келеді. Тек өз пікірін жақтап қана қоймай, басқаны да тыңдай білетін тұлға.
АКТ-ны қолданып өткізген сабақ – көрнекті, ақпараты мол, интербелсенді, сабақта мұғалім мен студент уақытын үнемдейді, студентке өз ырқында жұмыс жасауға жағдай жасайды, оқытушыға студентпен топпен немесе жеке жұмыстануға, бірігіп тексеріп, оқыту нәтижесін бағалауға көмектеседі,
Колледжде жалпы білім беретін пәндерді оқытуда АКТ-ны қолдану білім сапасын арттыруға бағыттайды.
Тәжірибеміз бойынша студенттер:
- Егер сабақта АКТ қолданылса, балалар жоғары жетістікпен оқу материалын меңгереді.
- Интеллектуалдық даму бағытында АКТ-ның маңызы зор.
- Колледж студентінің әлеуметтенуі үшін өте қажетті - ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
- Баланың рухани, әлеуметтік, мәдени ойы дамиды.
Колледжде орыс тілін оқытуда компьютерлендіру жұмыс әдісін өзгертеді,ең бастысы нәтижесін береді.
Біріншіден, компьютер өз жадында мол материалды сақтай алады, дер кезінде қажетті ақпаратты тауып бере алады,оны қайта өңдеп, салыстырып, қайта құрайды.
Екіншіден , ең маңыздысы компьютер студентпен диалог жүргізеді. Оның көмегімен кері байланыс жасалады, компьютер «сұхбаттасушы» бола алады, студенттің әр ісіне жауап береді, жауаптарын бағалайды т.б.
Үшіншіден, компьютерді қолдану оқу ақпаратын кеңейтеді. Графика, мультипликация, дыбыс, яғни барлық заманауи видеотехника құралдарын қолдануға болады.
Төртіншіден, компьютермен жұмыс студенттің пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ол белсенді түрде оқыған материалдарының ең маңызды аспектілеріне назар аударуға көмектеседі,
Бәрінен бұрын, компьютер психологиялық күйзелістен арылтады және қате жауап беріп қалудан қорқуды сейілтеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
С.Рах. Компьютер на уроках русского языка. /Текст/
Интернет материалдары.