АКТ-ны ?олдану ар?ылы физика саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту»
Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова.Г.М
Жұмыс өтілі: 25 жыл
Жұмыс орны. М.Горький атындағы МДШО бар орта мектебі
Қызметі: физика пән мұғалімі
Санаты: бірінші
Шеберлік сынып жоспары:
Тақырып: АКТ-ны қолдану арқылы физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту»
Шеберлік сыныптың мақсаты мен міндеттері: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануы туралы түсінік беру, іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау;тыңдаушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізуге ықпалдастық ету.
Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау негізінде түрлі амал-тәсілдерді пайдалануды үйрету;
Күтілетін нәтиже: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күрделенірек пайдалана алады, іс-тәжірибесіне енгізуді үйренеді;тыңдаушылардың түрлі нысандағы ақпараттарға қол жеткізеді.
Әр тыңдаушының түрлі тапсырманы орындау барысында түрлі амал-тәсілдерді пайдаланады;
Мақсаты бағытталған аудитория:
Шеберлік сынып барысы:
Әдіс-тәсілдері: Диалог. Жеке жұмыс. Топтық жұмы .АКТ. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқуды бағалау
Құрал-жабдықтары:Слайд,презентация,суреттер,постер.
Дидактикалық материалдар: Әдеби материалдар, портал материалдары, газет-журналдар,интернет материалдары.
Шеберлік сынып мазмұны
Жұмыс кезені
Кіріспе бөлім Кезен мазмұны Қатысушылар іс-әрекеті Уақыты Ресурстар
Сәлемдесу,топқа бөлу. Көңіл күйлерін
байқау .
«үнсіз сыйлық сыйлау»
Түстер бойынша шағын топқа бөлу.
топқа бөлу. 1.Мұғалімдер шеңбер болып тұрады, бүгінгі күн сәтті өту үшін бір-біріне үнсіз сыйлық сыйлайды. .
2. Түстер бойынша шағын екі топқа бөлінеді. 2 мин суреттер
Тақырып бойынша презентациялар Мұғалімнің жұмыс жүйесімен таныстыруы Презентатцияны тыңдап оған байланысты сұрақтар қояды. . 10мин суреттер презен
Топтық жұмыс
Сыныпта
«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»
2 топқа бөлініп 1топ- артықшылығын, 2топ – кемшілігін айтады.Артықшылықтар мен кемшіліктер әдісі
басқасымен салыстыру және бір қатар идеялар кемшеліктері мен артықшылықтарының тізімін жасауға нұсқау беріледі . 15мин
Сызба кесте суреттер презен
Сергіту сәті
Ән тыңдау. Сергіту сәтін орындайды. 3мин видео
Шығармашылық жұмыс Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Жеке жұмыс .
Эссе жазады.Әр топ баяндамашылары ортаға шығып оқиды. 10мин
суреттер
Рефлексия Кері байланыс.
Ойларын жазу. 5 мин стикер
Рефлексия
Шебер сыныпқа қатысушылардың айтқан пікірін қолдай келе мен физикаика сабағының тиімділігін арттыруда АКТ-ның маңыздылығын көрсетуге тырыстым, ол үшін сабақтың әр бөлігінде компьютерлік технологияларды қолдану тәсілдеріне тоқталдым.
Шеберлік сынып басында әріптестерімді түстер бойынша топқа бөлуді жүргіздім. Келесі бөлімінде мұғалімдердің ойларын сергіту үшін презентатцияны тыңдап оған байланысты сұрақтар қояды. Коучингтің келесі бөлімінде топпен жұмыс кезінде мұғалімдерге қалай ойлайсыздар сабақтың тиімділігін арттыру үшін не қажет ? деген түрткі сұрақ қоя отырып, ой – толғанысын тудырдым. Бұл сұраққа Т.Е атты әріптесім: « Сабақта түрлі оқыту технология элементтерін қолдану керек » десе, қалған мұғалімдер сабақ барысында ақпараттық – коммуникациялық технология мүмкіндіктерін тереңірек қолдану керек деп жатты. 2 топқа бөлініп 1топ- артықшылығын, 2топ – кемшілігін айтады. Жеке жұмыс Эссе жазады.Әр топ баяндамашылары ортаға шығып оқиды.
Артықшылықтар мен кемшіліктер әдісі басқасымен салыстыру және бір қатар идеялар кемшеліктері мен артықшылықтарының тізімін жасауға нұсқау беріледі .
Сәтсіз жақтарым.
Шебер сыныпты жоспарлау кезінде сабақ бөлімдеріне қатысты уақытты дұрыс қоймағандығым көрінді.
1. Сәтті жақтарым.
2. Ынтамақтастық атмосфера құрдым.
Шебер сыныптың табыс критерийлері:
1.Мұғалімдер жаңа әдіс-тәсілдермен танысады, біледі.
2.Тапсырмаларды орындау барысында топтарда ынтымақтасқан жұмысты ұйымдастыра біледі.
3.Өзара қарым – қатынасқа түсе біледі
нәтижесінде мынадай өзгерістер байқалды:
• оқыту барысында өз деңгейлерінің қандай екенін көрсете аладаы.
• Бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, қорғауға үйренеді.