Физика саба?ында о?ытуды? инновациялы? технологияларын ?олдану ар?ылы білім сапасын арттыру та?ырыбында баяндама
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы
«Физика сабағында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру»
Саумалкөл қазақ орта мектебінің
физика және математика пәні мұғалімі
Т.А.Садвакасованың аудандық тамыз
педагогикалық оқудағы баяндамасы
2012 ж.
Құрметті әріптестер! Бүгінгі менің баяндамам физика сабағында оқытудың инновациялық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыру деген тақырыпта болмақшы. Мен, Садвакасова Туғаныс Ақжігітқызы 1995 жылдан бері Саумалкөл қазақ орта мектебінде физика және математика пәндерінен сабақ берудемін.Осы жылдар аралығында менің алға қойған мақсатым оқушылардың физика және математика пәндеріне қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеру болатын. Оқушыларды қалай математика және физика пәндеріне қызықтыру керек? Оларды математика және физика сабақтарын асығыспен күту үшін не істеу керек ? Оқушылардың өздерінің еңбектеріне жауапкершілікпен қарауды, өз беттерімен жұмыс жасауды қалай қалыптастыру керек? деген сұрақтар мені үнемі мазалайтын .
Міне, осы сұрақтарыма жауап ретінде көптен күткен ХХІ ғасырдың жаңашыл мектебі: «Шекарасыз оқу» орталығы (Монреаль, Канада) ұйымдастырған оқу-оқыту жүйесі туралы естіген болатынмын. Басты ұстазымыз профессор, педагогика ғылымдарының докторы және техника ғылымдарының кандидаты Рудик Г.А. мырза болатын. Республиканың бес облысы кірген оқыту жүйесіне біздің мектептің де 19 ұстазы да еніп, жұмысымыз 2011-2012 оқу жылының қыркүйегінен басталып та кетті.Жыл бойы біз осы жүйе бойынша жұмыс жасап, 7 модульден тұратын тапсырмалар топтамасымен танысып, оларды орындап, қажырлы да тынымсыз еңбек еттік. Бұл оқыту бойынша басты мақсат оқушыларды өз беттерімен білім алуға үйрету және оқуға дағдыландыру болып табылады.
Ұстаздардың басты міндеті-білімді үйіп-төгіп беру емес, берген білімді өз бетінше тиімді игеру және ол үшін оқушыларды қажет құралдармен жарақтандыру еді. Оқудың 101 техникасы (Құрастырушы-Рудик Г.А. мырза, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты) арқылы ұстаздар әр сабаққа лайықты техника таңдап, сол техниканы пайдалана отырып, сабақтар өткізді.
Біздің 1-жылғы оқуымыз Блум таксономиясы негізінде жасалған сабақ құрылымы болатын.
Оқушы бойында құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған деңгейлерге келер болсақ, Блум бойынша оқу тапсырмаларының таксономиясы оқу тапсырмаларын 6(алты) деңгейге бөледі:
Бірінші деңгей «Білімдер»-мақсаты ақпаратты интерьеризациялауға, яғни ақпаратты мұғалім сөздерінен, оқулық бетінен, басқа да көздерден ЖАД қоймасына көшіру , АҚПАРАТТЫ БІЛІМГЕ айналдыруға үйрету болып табылады.
Екінші деңгей «ТҮСІНУ»- мақсаты ЖАДҚА түскен БІЛІМДІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАУҒА (интерьерзацияланған білімді көптеген түрде ұсыну) үйрету болып табылады.
Үшінші деңгей «ҚОЛДАНУ»-мақсаты БІЛІМДІ үлгі, ереже немесе алгоритмдік тапсырма бойынша, яғни «үлгі мен ұқсастық бойынша» пайдалануға үйрету болып табылады.
Төртінші деңгей «ТАЛДАУ»-мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау(элементарлы ойлау операциясы)
Бесінші деңгей «ЖИНАҚТАУ»-мақсаты бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы өзі үшін ЖАҢА БІЛІМ ашуға үйрету болып табылады.
Алтыншы деңгей «БАҒАЛАУ»-мақсаты алдыңғы деңгейлерде өзі үшін ашылған ЖАҢА БІЛІМДЕРДІ бұрын алған БІЛІМНІҢ негізінде алгоритмдік талдау (элементарлы ойлау операциясы) арқылы нақты жағдайда қорытындылар жасауға үйрету болып табылады.
1 деңгей. Білімдер
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Белгілі бір әдісті пайдалана отырып, жаңа материалдың негізгі ұғымдарын бұрынғы білімді еске түсіре отырып береді. Жазады, еске түсіреді, есте сақтайды, ойлайды.
2 деңгей. Түсіну
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін, диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау, болжам жасату т.б. Ойларын жаза отырып көрсетеді, ерекшілігін көрсетеді, сұрақтар береді, жазады.
3 деңгей.Қолдану
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін, тапсырмалар береді. Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.
Мысалы: Қатесін тап, тақырыпқа сай сөйлем құрау, проблемалық ситуацияларды шешу және т.б. Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу. Кітаппен жұмыс жасау.
4 деңгей. Талдау (Анализ)
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді , негізгі қасиеттерді анықтату. Топтық талқыға салады, ойланады.Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, ізденеді.
5 деңгей. Жинақтау (синтез)
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Жеке бөлшектерден немесе шашылған дүниелерден жаңа жасауға көмектесу, жалқыдан жалпыға бағыттау. Ойлап табады, байланыстырады, шығарады. Ойын түйіндейді.Проблеманы шешудің өзіндік үлгісін жасайды.
6 деңгей.Бағалау
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Материалдың өзі үшін керектігін, құндылығын, керектісін анықтау, пайымдауға бағыт беру. Идеялар алмасу, пікір айту. Өзіне керектісін таңдау. Бағалайды, талқылайды. Өз пікірін айтады.
Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген сабақ жоспарының маңызы:
мұғалім мен оқушының шығармашылығын жүзеге асыра алуының төмендегі жүйелерін дамытады:
Шығармашылық әрекет
Проблеманы көре білу
Болжай білу
Жаңашылдықты ендіру
Өз жұмысының бағдарламасын жасау
Рефлексиялай алу
Шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды тудыра алу.
Бірінші модульді орындауда біз дәстүрлі және заманауи сабақтарын талдап, айырмашылықтарына үңіліп, мұғалім мен оқушы міндеттерін талқылап, нақтылап алдық. Бірнеше сабақтар өткізіп, сабақ барысында уақыт үнемдеуді , оқушыларға өзара жұмысты көбірек жасатуды үйрендік. Екінші модульде сабақтың морфологиялық білім картасын жасап, Блум бойынша сабақтың тапсырмалар хаттамасы жазылып, алты деңгей : білімдер, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау бойынша жүргізіліп, осы өткізілген сабақтардың нәтижелері талқыланып отырды. Бұл сабақтар оқушыларды көп ізденуге, ойлануға жетеледі. Әр оқушымен жұмыс жасауға, қабілеттерін ашуға өте тиімді әдіс екені анықталды. Оқушылардың да қызығушылығы мол болды.
Сабақта әр оқушы нәтиже көрсетуге тырысты, нәтижесі де болды. Үшінші модульде 7-8 адам болып топтасып, заманауи және дәстүрлі сабақтың салыстыру анализдерін жасап, оқыту техникалары, әдістері, амалдары, операциялары мен құралдары,яғни Ақпаратпен жұмыс жасау, Жадымен жұмыс жасау, Ойлау қызметі, Шығармашылық жұмыстары жүргізілді. Төртінші модульде, Бесінші модульде онкүндік өткізіліп, он күн бойы әр сыныпта Блум таксономиясы бойынша ашық сабақтар өткізілді. Оған облыстық білім жетілдіру орталығының мамандары қатысып , оң баға берді. Алтыншы модульде жаңа 2012-2013 оқу жылындағы өткізілетін сабақ тақырыбы мен осы тақырыпқа сәйкес оқу техникасы таңдалып, жоспар құрылды.
Жетінші модульде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауы бойынша менің тарапымнан істелініп жатқан жұмыстар баяндалып, жеткен жетістіктер мен кедергілер талқыланып, жаңа оқу жылында осы оқыту жүйесі бойынша жүргізілетін жұмыстар талқыланды.
Мектебіміздегі биылғы оқу жылындағы үлкен жетісстігіміз:
Қашықтан /сырттай/ оқытуды меңгеру;
«Мастер -класс» сабақтарын жоғары деңгейде көрсету;
«Шектеусіз оқу» атты құзыретті педагогика орталығының профессоры Г.А.Рудик мырзамен кездесу;
Деңгейлік тапсырмалардың жүйесін меңгеруғ тәжірибеде қолдану.
ХХІ ғасырда білім берудің мақсаттары мен міндеттерін түбегейлі өзгерту кезек күттірмес мәселеге айналып отыр. өйткені қазіргі кезеңдегі ақпараттардың толассыз ағыны оқушыларға әрі қарай ауыр соғатыны анық. Сондықтан әр оқушының өзіне, тек қана өзіне, біліміне сенуіне тура келеді.Бұл дегеніміз оқу үрдісін жаңашыландырып отыруды көздейді.