Баяндама «К?СІБИ БА?ЫТТАЛ?АН «?ЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ» П?НІН О?ЫТУДА ?ОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫ? ТЕХНОЛОГИЯЛАР»


КӘСІБИ БАҒЫТТАЛҒАН «ҰЙЫМ ЭКОНОМИКАСЫ» ПӘНІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
А.С. Тобетова 1 санатты оқытушы,
Қазақстан Республикасы техникалық кәсіби білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында: кәсіби техникалық оқу орындарын бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар түрінде белгіленген қоғамымыздың жаңа әлеуметтік тапсырыстары, өз кезегінде оқыту бағдарламаларын өзгертуді, сондай-ақ, білімалушылардың алатын білім сапасын көтеріп, бүгінгі күнге сай кәсіптік дағдыларды игеруге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын енгізуді көздейді, – деп көрсетілген [1, 7-8 б.]. Бұдан нәтижеге бағдарланған білім беруде білімалушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда білім сапасын арттыру міндетін қояды. Білімалушылардың кәсіби дайындық үрдісін жетілдіруге олардың білімдерінің сәйкесті сапалылығына себепші болатын міндеттерді тиімді орындауға қажетті – кәсіби біліктілік пен кәсіби құзыреттіліктері дамиды.
Білім мазмұнының компоненттері, әрекет түрлері, құндылық бағдары және эмоциялық-тұлғалық қатынасының алғашқы түсініктен білімге жетуі, әрекет тәсілдерінен дағдыға, құндылық нормадан көз жеткізуге дейін көтерілсе, құндылықтар мен тәсілдерді меңгеруге қажетті нақты мақсаттылық бағыт тиімді болмақ. Елімізде қоғам сұранысына орай білім беруді жетілдіру мақсатында жалпыға міндетті білім стандарттары үш деңгейлі модельге сәйкес әзірленіп тәжірибеге енгізілгені белгілі. Бұл әрине қай деңгейде болмасын білім беруде жаңа тұрғыдан келуді қажет етеді. Сондай қажеттілікті өтеудің бір жолы педагогикалық үдерісте инновациялық технологияларды пайдалану болып табылады. Инновациялық технологиялар туралы бірқатар ғалымдар зерттеу жүргізген. Мысалы: И.П. Подласый, В.И. Андреев, В.А Сластенин және т.б. Сол ғалымдардың пікіріне жүгінетін болсақ, педагогикалық инновация – бұл педагогика ғылымы саласында нақты мақсатқа бағытталған білім аясына белсенді өзгерістер енгізетін тұрақты элементтер, білімнің жеке компоненттері мен біртұтас жүйесін жетілдіруге ықпал ететін жаңа көзқарастар, – деген тұжырымға келеміз.
Оқытудың интерактивті технологиясы білімді меңгертудің тәсілдерін, оқу әрекетінде біліктілікті қалыптастыруда педагог пен білімалушының субъектілік қарым-қатынасын, шығармашылықпен ойлауды, нәтижелі әрекетке түсуді, кез-келген мәселені, педагогикалық жағдаяттарды шешуде қажетті ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Білімалушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндетін орындауда оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, білімалушылардың ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспектілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Мысалы, осы тұрғыда А.К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері біз үшін өте тиімді болмақ деп ойлаймын.
− «мәтінді мағыналық қайта өңдеу тәсілдері, оқу материалын үлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, білім алушылардың белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өздігінен құру;
− оқу мәдениетінің (мысалы, ірі синтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері);
− есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану);
− зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни білім алушының өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өзіндік жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;
− қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс және т.б) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;
− емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша қиын тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т.б.) тәсілдері» [ 5, 162 б.].
Білімалушылардың ақпараттық құзыреттілігіне біз төмендегілерді жатқызамыз: ақпараттық ізденісті жоспарлау:
− өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпаратты іздестірудің жоспарын құрып, оны орындауда қажетті шешім қабылдайды.
− алғашқы ақпаратты алу:
− өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпарат құралдарына өздігінен мониторинг жүргізіп зерделеу;
− статистикалық, тарихи көздерден, ақпараттарды алуды жоспарлайды;
− екінші қайтара ақпаратты алу:
− орындалатын өзіндік жұмыстың мақсатын түсініп, өздігінен анықтаған ақпараттар бойынша мәліметті ала алады.
− ақпаратты алғашқы өңдеу:
− қажетті ақпараттарды өзі таңдаған күрделі жұмыстарға сәйкес жүйелейді.
− ақпараттарды өңдеу:
− тексеруге қажетті ақпаратты өздігінен шығарады және ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін қолданады;
− түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өздігінен алған ақпараттарды негіздеу құзыреттілігін қалыптастырады.
Білімалушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту - қазіргі білім мен тәрбиенің теориясы және практикасында басым бағытқа ие болып отыр. И.В. Роберттің пайымдауынша, ақпараттық құзыреттілігі біліми үдерісте ақпаратты қолдану және меңгеру деңгейін көрсетеді. Автор ақпараттық құзыреттіліктер қатарына төмендегілерді жатқызады:
− қазіргі ақпараттық массивтерде ақпаратты іздеу мен сақтаудың ұтымды әдістерін білу және қолдану;
− компьютерлік ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
− ақпаратты Интернетте ұсына білу білігі;
− компьютерлік және Интернет ақпарат көздері көмегімен сабақтарды және сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру, өткізу дағдыларын меңгеру;
− Интернет ақпарат көздерінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, нақты пәнге қолдану дағдыларын меңгеру [6].
− Біз ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша білімалушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру деңгейіндегі жетістіктеріне мыналарды жатқызамыз:
а) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
− пәндік тапсырмалар бойынша өзіндік жұмысының тақырыбы бойынша ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
− пәндік тапсырмалар бойынша өзіндік жұмысына байланысты ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
− пәндік тапсырмалар бойынша қажетті анықтамаларды, энциклопедияларды
қолданады, кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
б) Алғашқы ақпаратты алу:
− пәндік тапсырмалардың түріне қарай бақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
− пәндік тапсырмаларға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.
в) Ақпаратты екінші қайтара алу:
− білім алушылар пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
г) Білім алушылардың пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, ақпараттарды өңдеу:
− Білім алушы пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, алынған ақпаратты дәл баяндай алады;
− Білім алушы пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, ұсынылған ақпарат көздерінен қажеттісін таба біледі және олардың нәтижесін дәлелдей алады.
 Осы оқу-әдістемелік кешен «0518000 – Есеп және аудит» мамандығы бойынша оқитын 3 курс білім алушыларының 5 , 6 семестріне арналған және оқу пәнінің оқу-әдістемелік кешені мынадай бөлімдерінен тұрады: тақырыптық жоспар, тәжірибелік сабақтар жоспары, тәжірибелік сабақтарға дайындалуға берілген әдістемелік нұсқаулар, оқытушының жетекшілігімен орындалатын білімалушылардың өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары, курстық жұмысты орындауға арналған методикалық нұсқау, курстық жұмыстың тақырыптары, өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары.
 Пәннің қысқаша мазмұны: Бағдарлама 123 сағ. көлемінде «0518000 – Есеп және аудит» (42 тәжірибелік сағат, 81 теориялық сағат ) мамандығының күндізгі бөлімінің 3 курсының 5,6 семестріне арналған.Курстың міндеттері төмендегі кәсіби құзыреттіліктерді білім алушыларға меңгерту болып табылады. Атап айтқанда: кәсіпорынның экономикалық жағдайын, тәуекелдіктің түсінігі және түрін, тәуекелдіктің факторлары мен процедурасын , кәсіпорынның экономикалық түсімдерін басқаруды, капиталдық салымдардың пайдалылығын есептеу, перспективалық және жылдық қаржылық жоспарды құру, есепке алу мен статистикалық есеп беру жөніндегі бастапқы құжаттаманы рәсімдеуді, өндірістік бағдарламаларды, жоспарлы тапсырмаларды әзірлеуді және олардың орындалуын талдауды, экономикалық есептерді орындағанда экономикалық-математикалық әдістер мен есептеу техникасын пайдалануды, бағалы қағаздармен әрекет жүргізуді, ұйымның өнімділігінің көрсеткіштерін есептеуді, ұйымның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша тәуекелдіктрін есептеуді, кәсіпорынның өндірістік-қаржы қызметіне білікті талдау жүргізуді, ұйымның қаржылық жоспарын әзірлеуге, ұйымның өтімділігін есептеуге.
Жоғарыдағы айтылғандай білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда оқу үдерісінің алатын орны ерекше. Ғылыми еңбектерге жасалған талдаулар білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда оның өз елінің өркендеп дамуына іскерлікпен, саналылықпен қарайтын, білімді, мәдениетті, ақпараттық-коммуникативті құзырлы азамат болуына ықпал ететіні айқындалады. Кәсіби маман ретінде тұлғаның қалыптасу үдерісі оның қоғамдағы тұлғалық сана-сезімінің болмысына байланысты. Бұл үдеріс білім мен өзін-өзі тәрбиелеу, алдына мақсат қоя білу және оны жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі белсендіру, өзін-өзі қоғамда өз орнының бар екендігіне сенімді болғанда жүзеге асады.Қорыта келе білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың нәтижесінде білім алушы тұлғасы келесі ақпараттық-коммуникативтік маңызы бар параметрлерді, яғни өзін-өзі бағалау мен рефлексияға, қарым-қатынас қабілеттілігі, шыдамдылық, мейірімділік, адамгершілік көрсету; өзін-өзі реттеуші; мақсатқа талпынушылық; қалыптасқан дүниетанымы мен құндылықтар жүйесін бойына сіңіреді.
Әдебиеттер тізімі:1. Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. - Алматы, 1998.- 96 б.
2. Түймебаев Ж.Қ., Әбілқасымова А.Е. және т.б. Образование и наука. Энциклопедический словарь. –Астана, 2008. 448 с.
3. Брушлинский А.В. Психология. – Адамзат ақыл-ойының қазынасы. -Алматы: Таймас, 2006. –Т-2. – 464 б.
4. Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного и информационного профиля в Республике Казахстан. -Алматы: АГУ им. Абая, 1998. – 123 с.
5. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. – М: Школа-Пресс, 1994. -317с.
6. 2011–2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010 ж.