Концерт-саба? ?н — ана, бала — оны? ?айырмасы
Сабақтың тақырыбы: Ана – ән, бала – оның қайырмасы.
Сабақтың түрі: концерт – сабақ.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру сабағы.
Сабақтың мақсаты: анаға деген махаббатын оқушы бойына музыка арқылы жеткізу.
Сабақтың міндеті:
а) музыканы тыңдау және ән айту барысында музыкалық сауаттылық элементтерінен білім беру.
ә) оқушылардың ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілетін дамыту.
б) музыка арқылы әсемдікке , сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабаққа керекті құрал- жабдықтар:
1. Қабырға газеті.
2. Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар мен көрнекіліктер
3. Сөзжұмбақ.
4.Әннің сөзі жазылған слайдтар.
5.Баян аспабы.
6. Үнтаспа.
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың мазмұны мен өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды музыкамен сыныпқа кіргізіп, орындарына отырғызу.
2. Өткен материалды қайталау. Жазып келген рефераттарын тексеру.
Жаңа білімді қалыптастыру:
1. Аналар мейрамына байланысты нота тізбегі арқылы оқушылардың білімін тексеру.
2. Музыка тыңдау. Майлықожаның « Ана туралы толғауы »
3. « Анашым » әнін үйрену.
4. Музыка сауаты : легато, стакатто, екпін.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы, балалар « ана-ән, бала- оның қайырмасы.
Барлығымыздың да анамыз бар. Аспанда жұлдыз көп болса, ай жалғыз. Сол ай секілді ана да бізде біреу. Ана құдіреті де кең ұғым. Оның аялы, ыстық алақаны , ақ сүті мен мейірімділігіне ешкімнің құшағы тең келмейді. Махаббаты шексіз, адал. Біз ана алдында мәңгі қарыздармыз.
Енді, балалар тақтадағы мына мақал- мәтелдерді көрейікші.
Ананың сүтін ақта.
Бабаның құтын сақта.
Мұны қалай түсінеміз? Яғни ананы өмір бойы қадірлеп , қастерлеп өтуіміз керек екендігін білдіреді.
Бала әкенің білек еті.
Ананың жүрек еті.
Бала – әкенің көмекшісі, ана – баласы үшін жанын беруге даяр. Мінеки, балалар, халық мақал- мәтелі тегін айтылмаған.
Қазір тақтаға қарайықшы. Онда нота тізбегі ілулі тұр.Бұл жерде сендерге , яғни екі топқа тапсырма берілген. Осы нотада берілген тапсырманы топ жетекшілері алып ,жауап берулері керек.
Ана туралы мақал- мәтелдерден жарыс.
Ана туралы тақпақтан жарыс.
Ана туралы әннен жарыс.
Ән орындау кезеңінде дауыс баптау жаттығуын жасап алуымыз керек. До мажор гаммасын орындаймыз . Жаттығу легато, стаккато түрінде өтеді. Осы жерде легато – дыбысты үзбей орындау екенін, стаккато- үзіп-үзіп орындау екендігі айтылады.
Келесі бөлім – музыка тыңдау. Қазір тыңдалатын бүгінгі тақырыбымызға байланысты Майлықожаның « Ана туралы толғауы» Ж. Айжанованың орындауында тыңдаймыз. Музыканы тыңдап болған соң оқушылар онда не айтылғаны туралы пікірлер айтады.
Бүгінгі сабақта үйренетін әніміз -« Анашым». Әнін жазған М . Омаров, сөзін жазған Қ. Жұмағалиев.
Сазгер әнші М. Омаров Әл- Фараби атындағы Мәдениет институтының түлегі. Ол туралы тағы не білесіңдер?
Ән нәзік сезіммен , вальс екпінінде орындалады. Осы жерде екпін туралы айтылады. Екпін - музыкалық шығарманың мазмұнын , образын, сипатын білдіреді.
Екпіннің екі түрі бар: 1.Вальс. 2.Марш.
Әнді мұғалім орындап береді. Әнді хормен орындау.
Сөзжұмбақ
А Н А Ш Ы М 1. Тәттімбеттің күйі 2. Құрманғазының күйі 3. Африка халқының ішекті аспабы. 4. Қазақ халқының ішекті аспабы 5. Динаның күйі
Сабақты қорыта келе айтарым , анамызды әрдайым қадірлеп , сыйлап өтейік. Өйткені анаға тең келетін ештеңе жоқ. Анадан ардақты , аяулы жан бар ма?
Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды нота арқылы бағалаймын :
-бүтін нота -5.
-жарты нота-4
Үйге тапсырма:
«Анашым» әнін жаттап келу.
«Менің анам» атты шығарма жазып келу.