Урок на тему «Ма?сат – жетістік желкені»


Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №267 орта мектеп №6 сабақ
Тақырып:«Мақсат – жетістік желкені»
Құндылық:Дұрыс әрекет Қасиеттер:Сенімділік, жауапкершілік, адамгершілік
Мұғалім: Сынып:8 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды өз болашағына бағытын айқындап, мақсат қоя білуге үйрету, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеті:
оқушыларға өз мұратына жету жолдары туралы түсінік беру;
оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру арқылы болашаққа құштарлығын арттыру;
оқушыларды өз болашағына деген жауапкершілікке, сенімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Жағымды күйге келу.
Нұрға бөлену.
Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы «Үш ағайынды жігіт» деген әңгімені оқып келу.
Сұрақтарға жауап беру.
Әңгіме не жайында, өзіңіз қайсысының пікірімен келісер едіңіз?
Қалай ойлайсыздар, адам өмірінің өткені, қазіргісі, әлде болашағы маңызды ма?
Мақсат қоюдың адам өмірінде алатын орны қандай? Сабақ барысын талдау:
Дәйексөз
«Мақсатсыз жанталасып жүрген адамнан өз мақсатын көзден таса етпеген сылбыр адам әлдеқайда артық».
Сұрақтар:
Дәйексөзді қалай түсінесіздер?
Мақсатыңа жету үшін адам өзіне қандай құндылықтарды серік етуі керек?
Ойлаған мақсаттарыңа жеткен кездерің болды ма? Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйы)
«Мақсатқа жету жолындағы қиындықтар»атты ұстаз бен шәкіртінің арасындағы әңгіме.
Ұстаз, - деді бір күні шәкірті бірдене сұрамақ болып, - өз әлсіздігімізді сездіретін, жолымыздан тайдырғысы келетін, мақсатымызға жетуге кедергі келтіретін қиындықтар неге туындайды?
Сенің қиындық деп отырғаның деді, - Ұстаз, - негізінде мақсатыңның бір бөлігі. Мұнымен күресуді доғар. Жол таңдағанда жай ғана осыны ойла да, есепке ал. Садақ атып жатқаныңды елестетші. Жерге қалың тұман түскендіктен сен нысананы көрмейсің. Алайда сен тұманмен күресесің бе? Жоқ, сен жел соққанды күтіп, тұман өздігінен тарап кеткенін күтесің. Енді нысана көрінді дегенде, жебеңді жел басқа жаққа ұшырып әкетеді. Сен желмен күресесің бе? Жоқ, сен оның бағытын аңдып, садақты басқа бұрыштан атуға кірісесің. Садағың да қатты әрі ауыр, кейде садақтың адырнасын тартуға күшің жетпей жатады. Сондайда садақпен күресесің бе? Жоқ, бұлшық еттеріңді жаттықтырып, күн өткен сайын адырнаны жеңіл тартасың.
Бірақ желсіз, жаймашуақ күні жеңіл әрі иілгіш садақтан ататын адамдар бар ғой, - деді шәкірт өкпелеп. – Неге дәл менің атысым өз жолында көптеген қиындықтарға ұрынады? Әлде Жаратқан менің алға ұмтылуыма қарсы ма?
Ешқашан ешкімге қарама, - деп жымиды Ұстаз. – Әр адам өз садағын, өз нысанасын және атуға қолайлы уақытты өзі таңдайды. Біреулер дәл тигізуді мақсат тұтады, басқалар атып үйренгісі келеді.
Ұстаз даусың бәсеңдетіп, шәкіртіне тура қарай:
Және саған бір құпияны ашайын, балам. Жаратқан саған қарсы шықпайды және ол сенің ісіңе араласпайды. Тұман сенің атысыңа кедергі болу үшін түспейді, жел оғыңды басқа жаққа ұшырып әкету үшін соқпайды, ал садақшы садақты адамдар өз әлсіздігін ұғынсын деп жасамайды. Мұның бәрі сенің қалауыңнан тыс іске асады. Барлық қиындыққа қарсы тұрып, нысанаға дөп түсемін деген – өз ойың. Сондықтан, қиындыққа шағымдануды доғар, немесе менменшілдікке салынбай өз қолыңнан келетін мақсатты таңда. Қақ маңдайынан иілетін мақсат.
Сұрақтар:
Ұстаз бен шәкірттің арасындағы әңгіменің мағынасын қалай түсіндіңіздер?
Шәкірт не үшін шағымданды?
Ұстаздың берген кеңесі қандай болды?
«Қақ маңдайынан иілетін мақсат» дегеніміз қандай мақсат?
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.
Мақсатқа жету жолындағы негізгі ұстанымдар:
Алдыңа мақсат қою;
Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену;
Іске дайын болу;
Адымыңды анық басу;
Алға ұмтылу;
Қорықпау, күмәнданбау;
Көңіліңді тоқ ұстау;
Жаңашыл болу;
Басқалармен кеңесу;
Тәуелсіз болу;
Біртұтасты бөлшектеу;
Жетістіктеріңнің қайдан келуін ұмытпау.
Алға мақсат қойғанда:
Мақсатыңның пайдасын біл;
Нені не үшін қалайтыныңды біл;
Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса.
Жетістікке жету үшін:
Өз потенциалыңды біл;
Өзіңе шектеу қойма;
Өзіңді мойындат;
Сезіміңді сыйла;
Әдетке айналдыр;
Құндылықтарыңды таны.
Ісіңді қадағала және басқар:
Көп ізден;
Ақыл мен жүректің шешімін айт;
Сақ бол;
Төзімділік таныт;
Өзгеріске бейімдел;
Сапаға мән бер;
Ісіңнің нәтижесін талда.
Тапсырма:Жоғарыда көрсетілген ұстанымдарды пайдалана отырып, бір күндік, бір апталық, бір айлық мақсатыңызды жоспарлаңыз, оларға жету жолдарын белгілеңіз. Топпен ән айту.
Жақсы адамдар
Әні мен сөзі: А. Оралов
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Жақсы адамдар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,
Жолы болсын ақ ниет бар адамдар!
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар
Қарап өтсін сендерге басқа жандар
Жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.
Үй тапсырмасы.
Оқулықта берілген қазақ халқының көрнекті қайраткерлерінің өмір, адамгершілік, мақсат пен мұрат туралы ой-пікірлерімен танысып, оқып келу. Сабақтың қорытынды сәті.
«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де, сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенімдімін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Қандай жан тыныштығы! Енді жайлап көздеріңді ашуға болады». Рахмет! Сау болыңыздар!