Саба? жоспары Ба?даршам сыры
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 02.09.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Бағдаршам
Мақсаты: Жолда жүру ережелерімен, жол белгілерімен, таныстыру.Жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Арманға алда күткен асығамыз.Біз қалай бәрін білмей басылармыз.Жол жүру ережесін сақтай білер,Тәртіп пен сақтық сүйер – жасұланбыз. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Мұғалім: жұмбақ жасыруЖасыл көзі «жүр» дейді.Қызыл көзі «тұр» дейдіСары көзі «дайын бол» дейді.Бұл не? оқушылар -«бағдаршам».Мұғалім - дұрыс айтасыңдар, балалар. Бүгін айналамен таныстыру сабағында «Бағдаршам» әмірі атты тақырыпты өтеміз, яғнижолда жаяу жүру ережесімен танысамыз.(балалардың назарын суретке аудару)Мұғалім:- суретте не көріп тұрсыңдар?Оқушылар - үш түсті дөңгелек бар.Мұғалім - үш түсті кім атап береді? Оқушының жауабы-- Қызыл түс. Сары түс. Жасыл түс.Мұғалім - өте дұрыс, бұл бағдаршам екен. Қазір мен бағдаршамның не үшін керек екенін айтып берейін. Сендер мұқият тыңдап алыңдар. Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.- Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Жұмбақтың шешуін табады.
Сұрақтарға жауап береді.
(жол қиылысында тұрған бағдаршам бейнеленген суреттерді ілу )
Рефлексивті – түзетушілік
Жол тәртібін білейік.Аман - есен жүрейік Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жолда жүру ережелерімен танысты
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 09.09.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Бағдаршам сыры.Қызыл.Сары.Жасыл
Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту.Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Қуан шаттан,Қуан шаттан,Қуанатын күн бүгін.Қайырлы таң,Қайырлы күн,Күліп шықты, күн бүгін. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Қызыл көзі жанғанда,Сынық сүйем бас па алға,Сары көзін ашқанда,Қарап қалма аспанға,Жасыл көзін ашқанда,Өте бергін жасқан ба?Олай болса балалар «бағдаршам» ойынын ойнаймыз.- Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.- Шарты: Балалар қызыл түсті дөңгелекті көрсеткенде тыныштық сақтайды, ал сары түсті дөңгелекті көрсеткенде алақандарын соғады, ал жасыл түсті дөңгелекті көрсеткенде жүреді.- Оқулықтағы сурет пен жұмыс.- Суретте қай балалар ойын орнын дұрыс таңдаған?- БАҒДАРШАМДЫ ЖАПСЫРУ.- Балалар бүгінгі сабағымызда не туралы өттік?- Бағдаршам туралы.- Бағдаршамның неше көзі бар?- Үш көзі бар.- Қандай?- Жаяу жүрген кездегі белгілер қандай белгілер?- Ақ жолақтар. Рефлексивті – түзетушілік
Тәртіп керек баршаға. (өлеңін жаттау)«Бұзба көше тәртібін,Ұрынасың апатқа.Қызықты өтсін әр күнің,Жақын болма шатаққа» Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: бағдаршамның түстерін ажырата біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 16.09.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Практикада алған білімдерін қорытындылау.
Мақсаты: Жолда жүру ережелерін, жол белгілерін еске түсіріп,пысықтау.Жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Армысың - Алтын КүнАрмысың – Көк аспанАрмысың жан досымЖылуыма жылу қосМіне менің қолым босЖарқырасын күніміз. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.Үш көзі бар қаз - қатарКезек – кезек ашады.Үшеуінен байқасамҮш түрлі нұр шашады.- ол бағдаршам.- Өте дұрыс жауап.Осы кезде бағдаршам есік қағып кіреді, балалармен амандасады.- Балалар бұл не?- Бұл бағдаршам.- Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер?- Көліктер өтетін жолдан көреміз.- Бағдаршамның қызметі қандай?- Жол тәртібін реттеуші.- Қай жолмен жүреміз?- Жиек жолмен жүреміз.- Жиек жол болмағанда ше?- Жер асты жолымен жүреміз.- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?- Аялдамадан отырамыз.- Бағдаршам туралы тақпақтарымызды айтайық.Сергіту сәті:Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.) Жұмбақтың шешуін табады.
Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
- Өте жақсы балалар, сендер данышпансыңдар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Жолда жүру ережелерімен таныстыңдар. Бағдаршамның адамға көмегі бар екенін түсіндіңдер. Ендігі болашақта қандай бағдаршам болса деген өз қиялындағы ойларыңды ақ қағаз бетіне түрлі - түсті қарындашпен бағдаршамның суретін салыңдар. Әр бала салған суреттерін әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жолда жүру ережелерімен танысты
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 23.09.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Мектепке барамыз!Үйден мектепке дейінгі жол.
Мақсаты: Үй мен мектептің арасындағы жолдарды есте сақтауға және абай болуға үйрету.Жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер
Әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап.
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Шуақты өміріміз күндей күліп,Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.Арманға сапар тарту мүмкін емес,Жол жүру ережесін білмей тұрып.Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.Жол жүру ережесі заңды тәртіп -Ол ортақҮлкен – кіші, баршамызға! Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Мұғалім:Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.Баратын сапардың қашығын, тұрағын,Үн – түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.Күндіз де, түнде де от болып жанады,Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.
Сұрақтарға жауап береміз1 Жиек жол дегеніміз не? – Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.2 Жаяуға қай жермен жүруге болмайды? – Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.3 Мына белгі нені білдіреді? – Абайла! Балалар!4 Қала көшелерінде қанша жасқа дейін велосипедпен жүруге болмайды? – Тек 14 жастан кейін ғана рұқсат етіледі.5 Автобусқа қай есіктен кіріп, қай есіктен түседі? – Артқы есіктен мініп, алдыңғы есіктен түсу керек. Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,Жол жүру ережесі заңды тәртіп -Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға! Әр бала салған суреттерін әңгімелеп береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жолдан өткенде жүргіншілерге арналған жолдан өту керегін беледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 30.09.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Менің туған қалам оның көшелері туралы білу.
Мақсаты: Оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;
Көрнекілігі: Фланелеграфты қолдану арқылы сұрақ беру, суреттер қарау. Мысалы, сен өз мекен жайыңды білесің бе? Көше деген не? Көше қандай бөліктерден тұрады? т.б.
Әдіс-тәсілдері: Өлеңдер Пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Шуақты өміріміз күндей күліп,Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.Арманға сапар тарту мүмкін емес,Жол жүру ережесін білмей тұрып.Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.Жол жүру ережесі заңды тәртіп -Ол ортақҮлкен – кіші, баршамызға! Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Сұрақ - жауап:1. Кім жолда жүру ережесін сақтау керек? -...2. Жолда жүру ережесін неге біліп және оны неге сақтауымыз керек? -...3. Адамдар жолда жүру ережесін сақтап жүрме - деп кім бақылайды? -...в) Топтық жұмыс: «Бағдаршам»Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.Шарты: оқушылар топтасады. Бағдаршамды қиындылардан құрастырады.1 - бала:Тоқта! Сақтан! Жол ашық!Жүрме жолға таласып.Жол тәртібін білейік,Аман - есен жүрейік!2 - бала:Қызыл жарық жанғанда,Қалт тоқтай қал табанда.Сары шамы жанғанда,Сақ, абай бол барынша.Жасыл жарық жол ашық,Зымырай бер бел асып. Сұрақтарға жауап береді.

Тәрбиеші:Тутаева Г.Н Күні: 07.10.14ж

Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 14.10.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Көшедегі жолақтар,белгілер
Мақсаты: Балаларғажол ережесі туралы түсінікті айтып, кейбіржол белгілерін біліп, оның жүргіншілер мен жүргізушілерге арналғанын түсіндіру. .
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Қимылдық ойындар өткізу.
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Жалғайтын достастырып бар елменен,Жолдардан тұрады ғой әлем деген.Бүгінгі бізге келген қонақтарғаСабағымызбасталсын сәлемменен. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Құрметті балалар, біз бүгін жолда жүру ережесін қаншалықты білеміз, жол белгілерін айыра аламыз ба, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба осы тақырыпта ой бөлісеміз.
Қып - қызыл үшбұрышЕскерту белгісі мен болам«Қауіптен сақ бол»- деп сәт - сапар жолдағамАман - сау жүреді жаяу да көлік теМен берген белгіні Сақтағың, қолданғынТиым салу белгісі - Қызыл жолақпен көмкерілген дөңгелекҚызылмен боялған, шеңберлі аумақты СұлуТиымшыл белгімін, қаталмын, салмақтыМен тұрған жерлерде қақың жоқ жүругеҚауіп бар бағдарла, көз салып жан - жаққа.
Нұсқау белгісі - көк түсті төртбұрышБаратын жеріңнің бағытын, тұрағын МерейҮн - түнсіз жөн айтып, жол нұсқап тұрамынКүндіз де түнде де от болып жанадыКөк түске боялған төртбұрыш шырағым.- Ал, балалар бағдаршамның үш көзі туралы айтып беріңдерші- Бір көзім «кідір» дейді, Мадияр- Бір көзім «жүгір» дейді,- Бір көзім «абайла» дейді,Карап ал маңайға дейді. Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
Жолда жүру ережесін, Білгенің бес саусақтай.Сонда ғана жүре аласың,Сен өзіңді сау сақтап. Бари бирге жаттайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жол белгілерін естерінде сақтады.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 21.10.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Көлік.Көлік түрлері
Мақсаты: Тәрбиеші көліктің қандай түрі, соның ішінде арнаулы көлік түрлерін атай білуге дағдыландыру
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Әңгіме, пікірталас, сұрақ-жауап
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Қуан,шаттан,алақайҚуанатын келді күнҚайырлы таң, қайырлы күнКүліп шықты күн бүгінАлақай ,алақай, алақай! Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Көшеде жүру ережелеріне арналған мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрату. Қазақстанның физикалық картасымен таныстыру "Қазақстан еліне сиқырлы саяхат".Сұрақ- жауап әдісімен оқушылар білімін толықтыру:- Біздің еліміз қалай аталады?- Қазақстан қандай мемлекет?- ҚР тұңғыш Президенті кім?- Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?- Сендер қай қалада тұрасыңдар?1. Оқушыларға мәтінді тізбектей дауыстап оқыту, онда не туралы айтылғанын әңгімелету.Көліктер туралы түсінік беру1. Жер үсті көлігі: машиналар, автобустар, т. б.2. Су көлігі: қайық, кеме, катер, теплоход, т. б.3. Әуе көлігі: ұшақ, тік ұшақ.4. Жер асты көлігі: метро.Жер үсті көлігінің түрлері: 1. жолаушы2. жүк тасымал3. арнаулы: жедел жәрдем, өрт сөндіру, МАИ көлігі, т. б. 1. Суреттегі бағдаршам көздерін сәйкес түске бояу. Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
Жұмбақтар шешу:1. Қазша қанатын жаядыҮйрекше мойнын созады.Құсша қонады. (Ұшақ)2. Күндіз - түні күрсінеді,Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)3. Арқасында ауыл жүр,Ала тайым шауып жүр. (Автобус) Бари бирге жаттайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Көлік түрлерін ажырата алады.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 28.10.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Көлік классификациясы
Мақсаты: Қоғамдық көлікке мінгенде оның ішінде қандай мәдени тәртіпті орнату қажет.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Тәрбиеші балаларды «Әсем күлкі сыйлайық» атты шаттық шеңберге тұрғызады. Күз мезгілінің әр күні шырайлы болуы үшін балаларға бір-біріне шырайлы күлкілерін сыйлауды ұсынады. Балалар қол ұстасып, оң жағында тұрған көршісінің көзіне қарап, бірнеше жылы сөздер айтып, мадақтайды. Жылы сөз естіген бала, алғысын айтып, әсем күлкісін сыйлайды. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Балалар біз саяхатқа шықтық деп ойлап көрейік.- Көрші қалаға бару үшін қандай көлік түрін таңдар едіңдер?Балалардың зейінін олардың ортақ белгілеріне аударады.- Ортақ белгілері не?- Оларға дөңгелектер не үшін керек?- Бір сөзбен бұл көліктерді жерде жүретін көліктер дейміз.- Сергіту сәті:- Ал, егер біз алыс елге Индияға т.бжерлерге баратын болсақ, ол жаққа қалай жетеміз?- Ұшақтың жанына тағы нені қоюға болады?- Олар қайда ұшады?- Аспанда ұшатын көліктерді бір сөзбен қалай атар едіңдер?- Бұл сөзді барлық балаға бірге және жеке жеке қайталатады.- Енді тақтадағы қалған көлік түрлеріне қараңдар да, аттарын айтыңдар?- Көліктер- Автобус, троллейбус, ұшақ, кеме т.б- Көліктер- Адам және жүк тасымалдайды.- Балалар жұмбақтың шешуін тауып, қандай көлік жасырынып тұрғанын табады.Пойыз, автобус, жеңіл машина- дөңгелектері- Жүру үшін- Балалар жерде жүретінкөліктерді бөлек алып қояды.- Ұшақпен- Тікұшақты- Аспанда- Әуеде ұшатын деп айтамыз.- Тепловоз, кеме, катер, қайық –олар суда жүзетіндер.Рефлексивті түзетушілікБіз бүгін көлік туралы білдік. Оларды 3 топқа қандай белгілеріне қарап бөлдік? Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
Дидойын: «Өз үйіңді тап»Балалар сендер ержеткенде кей біреулерің көлік құрастыратын мамандық иесі болуларың мүмкін, бірақ ол үшін әлі көп біліп, оқу қажет –деп жақсы қатысқан балаларды мадақтап ұ.о.іс –әрекетін аяқтайды. Жерде, суда, әуеде жүретін деп бөлдікБари бирге жаттайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Көлік түрлерін ажырата алады.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің
ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 04.11.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Көшеде және көлік ішінде қауіпсіздік ережелерін сақтау
Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Теміржолда, әуеде, жерде жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол апатынан сақтандыру.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Біз әдепті баламыз,Біз ерекше боламыз.Қонақтарды көргенде,Сәлеметсіздер ме?- депАмандасып аламыз. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
- Балалар, ата - анамыз қайда барады?- Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.- Олар немен жүреді?- жеңіл көлік, газель, автобус, поезд, ұшақпен жүреді.Мұғалім:- Көліктер не үшін қажет? (тіл дамыту)(балалардың жауаптарын тыңдау)СТО технологиясы бойынша(Венн диаграммасы арқылы оқушылардың байқампаздық қабілетін дамыту)Алысқа жеткізеді, қыста тоңдырмайды, жазда ыстықтамайсың, киімің лас болмайды, музыка тыңдайсың, ішінде отырып тамақ шесіңКөп ақшаға сатып аласың, бөлшектерін сатып алуға, жанармай алуға ақша жұмсайсың, жол апатына ұшыратады.
Жұмбақ: Құстан аумайды,Көктен заулайды. (Жауабы: ұшақ)Кім ұшаққа мініп көрді? (тіл дамыту)Мен мініп көрдім. Басқа қалаларға барып көрдім.Мұғалім: Ұшақта ата - анаңның қасында болу керек. Ұшақта қозғалмай отыру, белбеу тағу керек. Ұшақтың ішінде әрлі - берлі жүруге, жүгіруге болмайды. Жолаушылар мінген ұшақтар жол ережесін бұзғандықтан апат болып көптеген жолаушылар баратын жеріне жете алмай қаза болады. Сондықтан сендер ұшақта тәртіпті болуларың керек. Жол серік терінің айтқанын тыңдау қажет.(өмір қауіпсіздігі тәрбиесін беру) Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
Балалар: Үлкен біздің қаламызЕсте сақтап аламыз.Қызыл, жасыл, сары шамКөшеде тұр бағдаршам. Бари бирге жаттайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Көлік түрлерін ажырата алады.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің
ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 25.11.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Жаяу жүргінші
Мақсаты: Оқушыларға көше тәртібі туралы түсіндіре отырып, сондай –ақ, жаяу жүргізушілердің қауіпсіздігі, жол тәртібі, көше қатынас ережелерін меңгеру. Бағдаршам және көше белгілерін таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын айта отырып, «Жол тәртібін сақтауға!» дәріптеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
- Сендер көшеден өткенде жол тәртібін сақтайсыңдар ма?
- Сендер жолда жүру ережесін білесіңдер ме?
( Оқушылардың жауабы)
Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау үшін Жолда жүру ережесін сақтау керек.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Мына жол жүру ережелерін есте ұстайық:
- Көшеден өтерде бағдаршамға назар аудар.
- Жол ортасында ойнау қауіпті.
- Көшеден тек жаяулар өтпелері бойынша өт.
- Жол қиылыстарында абай бол.
- Мектепке барарда көшені барынша аз қиындықпен өтетін қауіпсіз жолды таңдап ал.
Қолға қамшы аламын,
Атқа мініп шабамын.
Құрық сілтеп асауға,
Мен атамдай боламын!!!
Сұрақ – жауаптар арқылы:
- Көлік жолдарының адам өміріне қауіптілігі?
-Бағдаршамның неше көзі бар?
- Бағдаршамның сары көзі нені білдіреді? Жасыл ше? Қызыл ше?
- Жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүруі тиіс?
- Көліктің не оңға, не солға бұрылатынын қалай білуге білуге болады?
(Оқушылардың жауабы) Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
«Бағдаршам»ойынын ойнау.
- Бүгінгі сабақта не өттік?
- Сабақ несімен ұнады?
Бари бирге ойнайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 02.12.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Жүргінші және оның көшеде жүру тәртібі
Мақсаты: Балалармен әңгімелесе отырып, жүргізуші деген кім? Жолдың қандай бөлігінен жүргінші жүру керек? Жол ережелерін не үшін білу керек? деген сұрақтар қою.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Дос болайық бәріміз
жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Мына жол жүру ережелерін есте ұстайық:
- Көшеден өтерде бағдаршамға назар аудар.
- Жол ортасында ойнау қауіпті.
- Көшеден тек жаяулар өтпелері бойынша өт.
- Жол қиылыстарында абай бол.
- Мектепке барарда көшені барынша аз қиындықпен өтетін қауіпсіз жолды таңдап ал.
Қолға қамшы аламын,
Атқа мініп шабамын.
Құрық сілтеп асауға,
Мен атамдай боламын!!!Сұрақ – жауаптар арқылы:
- Көлік жолдарының адам өміріне қауіптілігі?
- Бағдаршамның неше көзі бар?
- Бағдаршамның сары көзі нені білдіреді? Жасыл ше? Қызыл ше?
- Жаяу жүргіншілер қандай жолмен жүруі тиіс?
- Көліктің не оңға, не солға бұрылатынын қалай білуге білуге болады?
(Оқушылардың жауабы) Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік
«Бағдаршам»ойынын ойнау.
- Бүгінгі сабақта не өттік?
- Сабақ несімен ұнады?
Бари бирге ойнайды
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 23.12.14ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Жаяу жүргіншілер өтпесі
Мақсаты: Оқушыларға көше тәртібі туралы түсіндіре отырып, сондай –ақ, жаяу жүргізушілердің қауіпсіздігі, жол тәртібі, көше қатынас ережелерін меңгеру. Бағдаршам және көше белгілерін таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын айта отырып, «Жол тәртібін сақтауға!» дәріптеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Оқушылардың назарын сабаққа аудару Ұйымдастырушылық ізденушілік
Жаяу жүргіншіге арналған жадынама
1.Жаяу жүргінші жаяу жол (тротуар) немесе жаяу жүргіншіге арналған жолмен жүруі тиіс. Егер олар болмаса, жол жағалауымен немесе велосипед жолымен (велосипедшілер қозғалысына кедергі келтірсе) жүру керек.
2.Елді мекеннен тыс жерлерде жаяу жүргінші көлік құралдары қозғалысына қарама-қарсы бағытта жүруге тиіс;
3.Жаяу жүргінші жолды жер асты өтпесі, аспалы көпірлер, жол таңбалары салынған немесе «жаяу жүргінші өтпесі» белгісі қойылған жерлер арқылы кесіп өтеді. Жаяу жүргінші өтпесі белгіленбеген жол учаскесінде жолды қиылыстардан жаяу жол жиегі бойымен, ал олардың аралағында – жол жақсы көрінетін жерде тікелей кесіп өтуге рұқсат етіледі;
4.Қозғалыс реттелетін жерлерде жаяу жүргінші реттеуші немесе бағдаршам сигналдарын басшылыққа алуы тиіс;
5.Қозғалыс реттелмейтін жерлерде жаяу жүргінші жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, сондай-ақ олардың жылдамдығын болжап алып, жолдан өту қауіпсіздігіне анық көз жеткізген соң ғана жолды кесіп өте алады;
6.Жаяу жүргінші жолдан өтіп бара жатып аялдауға немесе қажетсіз тоқтауға тиіс емес. Жолдан өтуді аяқтап үлгермеген жаяу жүргінші ары қарайғы қозғалысты қауіпсіздік аралында күтуге тиіс. Егер ондай болмаса, қарама-қарсы бағыттардағы көлік ағынын бөліп тұратын сызық бойында күтуі керек;
7.Автобус, троллейбус, трамвай, таксиді тек қана отырғызу алаңында күту қажет. Егер ондай болмаса, жаяу жол немесе жол жиегінде тосқан жөн. Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті – түзетушілік Ережелерді қайталайлы Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің
ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 13.01.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Қиылыс
Мақсаты: Көше туралы жол туралы,қиылыс туралы білімдерін жан-жақты дамыту.Ой-өрісін кеңейту,сөздік қорын байыту.Шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Дос болайық бәріміз
жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Бағдаршам
Ашсаң кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарапқалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
жүре бергін жасқанба!
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің
ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 27.01.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Бағдаршам белгілері
Мақсаты: Бағдаршамның үш көзі туралы түсіндіру және орналасуы.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Дос болайық бәріміз
жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таңымыз Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
1 - сұрақ: Көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет? (қауіп - қатерден аман болу үшін жолда жүру ережесін жақсы білуіміз керек.)2 - сұрақ: Бағдаршамның түстері қалай орналасқан? (бағдаршам түстері тігінен 1) қызыл, 2) сары, 3) жасыл болып орналасқан. Қызыл түсі жүруге тыйым салады; сары түсі назар аударыңыз, жасыл түсі жүруге рұқсат дегенді білдіреді.)3 - сұрақ: Кешкі уақытта жаяу жүргіншіге жақсы,, анық көрінуі үшін қандай киім киген дұрыс? (ашық түсті киімдер киген дұрыс және қол фонары болғаны дұрыс. Ал балаларға арнайы фосфорлы білезік не смайликтермен жүрген дұрыс.) Жол инспекторы: енді жұмбақ шешеміз, мұқият болыңыздар.1 - жұмбақ: Көзін ашып жұмады.Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)2 - жұмбақ: Ала таяқ ұстаған,Жол тәртібін нұсқаған.Өміріңді күзеткен,Ысқырығы күшті адам.(Автоинспекция қызметкері)3 - жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,Ала алмайсың бір үзім.(Жол)Жол инспекторы: Келесі сұрақ: реттелген жол қиылыстары және реттелмеген жол қиылыстары деген не? (реттелген жол қиылыстары деп бағдаршаммен реттелетін жол қиылыстарын айтамыз. Реттелмеген жол қиылыстары деген - бағдаршаммен реттелмейтін жол қиылыстары.)2 - сұрақ: жаяу жүргіншінің жолды кесіп өтуге болатын жерлерін атаңыздар. (жол асты өтпесі, реттелген жол қиылыстарында; зебра, жолақ не «жаяу жүргінші өтпесі» Сұрақтарға толық жауап береді
Жұмбақтарды шешеді
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 10.02.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Жолда жүру тәртібі
Мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін түсіндіре отырып ойнату,ойнай отырып түсіндіру.Ой-өрісін қиялын дамыту.Адамгершіліккетәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Ашсаң кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Балаарға бағдаршам арқылы адамдардың жол ережесін сақтауларын айтып түсіндіру.Жол ережесі белгілерімен таныстыру, аулада жаяу жолаушы жолын салып, жол ережелері бойынша ойын ұйымдастыру.
Жұмбақ
Үш көзі бар қаз-қатар
кезек-кезек ашады
үшеуінен байқасан
үш түсті нұр шашады.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз Шешуін табады
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 17.02.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Бұйырғыш таяқша
Мақсаты: Миллиционеер реттеуші туралы түсіндіру, қандай жағдайда олардың жұмыстары маңызды екенін түсіндіру, неге қажетекенін айту.Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Ашсаң кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Жұмбақ жасыру
Ала таяқ ұстаған
Жол тәртібін нұсқаған
Өміріңді күзеткен
Ысқырығы күшті адам
Көшеде жүру тәртібін сақтау үшін мемлекет автомобиль инспекциясы жолда жүру ережесін, көшелермен жолда жүру заңын ойлап тапты.Өз өмірімізді сақтау үшін, басқа адамдарға қауіп төндірмеу үшін көшеде жүру тәртібін ескертер де балалар да қатаң сақтау керек.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз
(МАИ қызметкері)
Шешуін табады
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 24.02.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Жол үстіндегі қауіпсіздік
Мақсаты: Балаларды көшеде болатын қауіпті білуге бағдаршамның маңызын,жол белгілерінің маңызын білуге үйрету.Ой -өрісін дамыту.Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейікҚабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейікОқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Жұмбақ жасыру
Көліктің қаншасын
жанынан өткізген
Іргеден басталып,
алысқа жеткізген
Жоқ өзінде бас та
ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта
Жол ережесін сақтап жүрсең,жол апатынан аман жүресің.Жол ережесін жадыңда ұста.
Сергіту сәті:
Бір,екі,үш
Біз жинаймыз күш
Терезені ашамыз
Таза ауа жұтамыз
Жол
бағдаршам
Шешуін табады
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 10.03.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Белгілерге көңіл аудар
Мақсаты: Ойындар арқылы балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу,ережелер туралы білімдерін әрі қарай жалғастыру.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Кел балалар күлейік
Күлкіменен түлейікҚабақ түйген не керек
Көңілді боп жүрейікОқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Дидактикалық ойын ойнату
«бұл қандай жол?»
«Өскенде кім боламын?»
«Бағдаршам», «Көлік жолы» «Жүргіншілер жолы»
дидактикалық ойындар арқылы жол белгілерін , жолда жүру ережелерін үйренді.Сұрақтарға толық жауап береді.тапсырмаларды орындады
Жол белгілерінің суреттерін көрсетеді, олардың көлік қозғалысын реттеп, көлік жүргізшісі мен жаяу жүргігшінің маңайындағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру. Көше мен жол бойына қойылатын белгер екенін айтып түсіндіру.
Өздері қорытынды жасайды.Жолда жүру ережесін сақтау керек
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 07.04.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Жол жүру белгілері еліне саяхат
Мақсаты: Жалпы жол белгілерімен балаларды таныстыруды жалғастыру,жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру.Іс жүзінде қолдануға қызығушылықтарын тудыру,жолда жүру тәртібін сақтауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Жылулық шеңбері:Балалар жолға шығар алдында шеңберге тұрып,балалар мен сендерге жақсы тілек тілеп,өз жылуымды беріп, «Ашық аспан»тілеймін,ал сендерде бір-біріңе өз жылуларынды беріндер. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Тәрбиеші: Балалар біздің бүгінгі сабағымыз өзгеше,біз бүгін «Жол белгілер еліне» саяхатқа барамыз,ол жерден көп нәрсені көзбен көріп, жақсы әсер аламыз деп ойлаймын.Балалар жол сапар барысында көп жол қиылыстары кездеседі, жол ережесін мұқият сақтауымыз керек.
Қоян:Жарайды балалар маған жол ережесін айтып, мен үйреніп алайын.
Тәрбиеші:Қоян қазір біздің балалардан сұрайық,жауаптарын тыңдап есіне сақта!
-Велосипедті қай жерде тебу керек?
-Балалар алаңында тебу керек.
-Допты қай жерде ойнау керек?
-Спорт алаңында ойнау керек.
-Бағдаршамның неше көзі бар?
-Бағдаршамның үш көзі бар. Түстерін атайды.
-Бағдаршамның қай көзі біздің досымыз?
-Жасыл түсі біздің досымыз,ол бізге әрқашан көмектеседі.
Тәрбиеші: Қоян балалардың айтқандарын есіне сақтадың ба, бұл ережелерді білсең, сен әрқашан қауіпті боласың.Қоян:Рахмет балалар ,мен айтқан ережелерінді есте сақтаймын.Тәрбиеші:Қоян біз балалармен «Жол белгілер еліне» саяхатқа баруға жиналғанбыз, бізбен бірге барасың ба?Қоян:әрине, менде барайыншы балалар ?Тәрбиеші:Міне, біз бірінші жол қиылысына жеттік.Жолдан өту үшін ненің көмегіне жүгінеміз?-Бағдаршам көмегі қажет.(тақпақ айтады балалар)
Сұрақтарға толық жауап береді
Тәрбиешінің нұсқауы бойынша орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Ойын «Белгілерді ата»
Тәрбиеші:Біздің балалар сізге арнап ән айтып береміз дейді. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 14.04.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Бағдаршам.Жүргінші
Мақсаты: Жол ережесі белгілерімен таныстыру, жаяу жүргіндер өтпесінен өтудің ережелерін сақтай білуді ескере отырып, шағын сайыс өткізу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Қуанамын менде
Қуанасын сенде
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Жұмбақ
Үш көзі бар қаз-қатар
кезек-кезек ашады
үшеуінен байқасан
үш түсті нұр шашады.
Бағдаршам
Ашсаң кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарапқалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
жүре бергін жасқанба! бағдаршам
Шешуін табады
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 21.04.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Көшеде жүру ережесі
Мақсаты: Жол жүру тәртібі туралы ережені тиянақтап, өзінің ойын дұрыс жеткізуге, дұрыс аяқтауға жаттықтыру.Адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Жабырқауды білмейміз
жалқаулықты білмейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Жолда жүру ережелеріне қатысты жұмбақтарды шешеміз
1.Жұмбақ жасыру
Көліктің қаншасын
жанынан өткізген
Іргеден басталып,
алысқа жеткізген
2Жоқ өзінде бас та
ауыз да, құлақ та
Бақырайған үш көзі бар бірақта
3.үлкен-үлкен қалаларда жүреді
табаны темір, төбесінде жүрегі
жол белгілеріне байланысты сұрақтар:
1.Бағдаршам туралы не білесіз?
2.Жүруге болмайтын белгіні көрсет
3.Жаяу адам жүретін белгіні көөрсет
4.машина жүретін жолдаойнауға болама? бағдаршам
Шешуін табады
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Жаяу жүргіншінің ережесін біледі.
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебінің мектепалды даярлау сыныбына арналған білім беру іс-әрекетінің ұйымдастырылған технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Тутаева Г.Н Күні: 05.05.15ж
Бөлімі: Бағдаршам сыры
Тақырыбы: Бағдаршам ойыны.
Мақсаты: Ойыншықтарды қолдану арқылы балалар өздерінің көлікпен жүргенде қандай кедергілерді кездестірсе соны еске түсірту.
Көрнекілігі: Көлік түрлері суреттер
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, пікірталас
Іс-әрекет түрлері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ынталандыру, сезімдерді ояту
Жабырқауды білмейміз
жалқаулықты білмейміз
Біз талапты жас ұлан
Үлгі аламыз жақсыдан Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Ұйымдастырушылық ізденушілік
Жұмбақ1. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)2. Өзі сөйлей білмейді,Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»- Сонымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бағдаршам».Ал енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, жолда жүру ережелерін еске түсіріп алайық. Барлығымызда назарларымызды тақтаға аудардық.«Бағдаршам» ойыныБалалар енді біз «Бағдаршам» ойынын ойнайық. Мен сендерге бағдаршам көздерінің атқаратын қызметтерін атап тұрамын, ал сіздер соған сәйкес бағдаршамның көзін көрсетіп отырасыңдар.Көрініс:1 - көрініс:Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді. Ақсәуле (анасы) Олжасты (баласын) ертіп жолға келеді. Бала жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.- Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!- Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.Бағдаршамның жасыл түсі жанады.Баласы: Енді өтуге бола ма?Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.- Сонымен балалар осы көріністен қандай қорытынды жасадыңдар?- Балалар өте жақсы, ал енді бағдаршамның көздері жайлы мәлімет тыңдайық. Бірақ мұқият болыңдар. бағдаршам
Шешуін табады
Қимылмен орындайды
Рефлексивті – түзетушілік Дидактикалық ойын «Жолда жүру тәртібі» «Бағдаршам»
Бағалау , мадақтау. Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Бағдаршам ойынын ойнай алады
Нені игерді: Ізденімпаз және мұқият болуды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ойын барысында мұқият, жан-жақты және өз бетімен ізденуді игерді.
Құрашасай орта мектебі
Тәрбиешісі: Тутаева Г.Н
2014-2015 оқу жылы.