Саба? жоспар Шыны?са? — шымыр боларсы?
Сабақтың тақырыбы: Шынықсаң – шымыр боларсың
Мақсаты: Қимылды ойындар арқылы балалардың денсаулығын нығайтып, ептілікке, жылдамдылыққа тәрбиелеу. Дене шынықтыруға деген қызығушылығын эстафеталық ойындар арқылы арттыру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекі-құралдар: доп, кегли, мат, қалта
Бала саны: 16
Жүргізуші: Топта жарған түлектерміз
Жаралдық ақ тілектен біз
Сұңқар- қанат
Тұлпар – тұяқ түлектерміз.
1.Жалпы жетілдіру жаттығулары
Бір қатармен жүру
Жүгіру
Екі қолды белге қойып аяқтың ұшымен жүру
Екі қолды желкеге қойып өкшемен жүру
Солға секіру
Басқа
Белге
Аяққа
Жай жүгіріс
Жүргізуші: Жарысымызды бастамас бұрын, біздің балаларымызға әдіс баға беретін қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1) Акбаева Жанат
2)Смагулова Тұрғанай
3)Баймуналова Актоты
Қазылар алқасы әр бөлімнен соң командалардың ұпайларын беріп отырады.
Келіңіздер, келіңіздер
Бұл жарысты көріңіздер
Бізде бәрі жүйріктер
Күш сынасар алыптар – деп енді эстафеталық жарысымызды бастаймыз.
Балалар өз девиздерімен таныстырады.
2. Ойынымыз «Кегли» деп аталады (бұл ойында балалар алдағы кдкргілерден өтіп, кеглиді қоржынға жинау керек)
Жүргізуші: Енді қазылар алқасы командалардың ұпайларын берсе...
3.»Қоян» ойыны
(бұл бөлімде балалар қалтамен секіріп, тұрған белгіден айналып өтіп, келесі адамға береді)
4. «Нысанға дүп түсу» ойыны
(допты берілген сызықтан тұрып, нысанға түсіру. Түсіре алмаған жағдайда үш рет қайталайды)
Жүргізуші: қазылар алқасы командалардың ұпайларын береді.
5. «Аяғыңды сулама» ойыны
(әр ойыншымызда екі қолында қағаз болады. Сол қағаздарды басып, келесі жағаға шығу керек )
6. «Допты түсіріп алма» ойыны
(әр команда бір қатарға тұрып, допты жоғарыдан кейін қарай береді, соңғы бала төменнен алға қарай береді)
Жүргізуші: Енді біздің эстафеталық жарысымыз аяқталып келеді. Жеңімпаздарымызды анықтау үшін, қазылар алқасына сөз берелік.
(балаларға мақтау қағаздары, медальдар беріледі)
Осымен біздің эятафеталық жарысымыз аяқталды.
Қош сау болыңыздар!