Т?рбиелік шара «Шыны?са? шымыр боларсы?»
Тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың» спорттық сайыс
Мақсаты:Оқушылар мен ұстаздардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.Салауатты өмір салтын насихаттау.
Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
Әуенмен спортшыларымызды қарсы алу.
«Шынықсаң шымыр боларсың» атты спорттық сайысымызға қош келдіңіздер! Көңілді жарысқа 1- сынып оқушылары екі топқа бөлініп жарысқа қатысады.
1-жүргізуші:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға,
Жылдам да шапшаң,
Спортшыларымызды ортаға шақырамыз.
(әр топ сап түзеп, орындарына келіп тұрады)
«Жалын» тобы
«Қыран» тобыЖүргізуші:
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Тәрбие ісі жөніндегі орындасары: Қаукенова А.Б
Аға тәрбиеші: Жаманғараева С.М
Дене тәрбие мұғалімі: Ипмағамбетов Н
Жүргізуші:
Таза ауа, спорт болсын дәріміз,
Еңбек етіп келгенінше әліміз.
«Алға» — деген бір – ақ мақсат ұстанып,
Сайысқа аттанайық бәріміз!
Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Әр топ төмендегі турлар бойынша сайысқа түседі :
«Өз тобыңды таныстыр»
«Теннис»
«Фут-зал»
«Допты жерге соғып жүру»
«Секірме мен секіру белгіден айналу»
«Қаппен секіріп белгіден айналу»
Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.
Жүргізуші:
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Сайысымызды бастаймыз.
Өнер қуып топ өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
1-тур: «Өз тобыңды таныстыр»
Олай болса, ортаға «Жалын», «Қыран» топтарын ортаға шақырамыз.
«Жалын» тобыТоптың ұраны:
Жалындаймыз, жанамыз,
Біз спортшы боламыз!
«Қыран» тобыТоптың ұраны:
Біз биіктен самғаймыз,
Қарсыластан қалмаймыз.
Жүргізуші:
Әділ-қазылар өз бағаларыңызды қоя беріңіздер.
Келесі екінші турымызға өтеміз.
2-тур: «Теннис»
Ойынның шарты: Топ мүшелері кезектесе кедергі арасымен бадминтон қалағы арқылы кіші допты жерге түсірмей алып жүру.
3-тур: «Фут-зал»
Ойынның шарты: Топ мүшесінен ұлы мен қызы кедергі арасымен допты теуіп алып жүріп, белгіленген жердегі шеңбер ішінде тұрған мұғаліміне допты беру, кейін қайтара алу арқылы кері айнала өтіп шығу.
4 –тур: «Допты жерге соғып жүру»
Епті болсаң секіресің жіптенЖалқаулықты жақындатпа тіптен деКім жеңеді, көрсетер оны ойынСодан кейін тойлайық жеңіс тойын
5 –тур: «Секірме мен секіріп белгіден айналу»Қапшықты киіп алайықКім алда екенін қарайықКөріп әсем ойындыҚуаныш пен тарайық
6-тур: «Қаппен секіріп белгіден айналу»Қане кім жылдам ойындаҚалдыңба енді мойындаСайысқа тағы шығыңдарТоп болып қызық ойынға
Қорытынды бөлім
1-жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден-
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол-
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады.
Жеңілгендер ренжімей,
Тараса бізге жарады, —
демекші, сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті. Ендеше, барша турдың қорытынды бағасын есептеп шығарып, марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаздарды марапаттау.
(Әділқазылардың ұпайларын тыңдау)
Бүгінгі «Шынықсаң шымыр боласың» жарысын,
Осымен аяқтаймыз!
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!