Открытый урок Шыны?са? шымыр боларсы?


Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы
Лицейдің бастауыш сынып мұғалімі
Сагынбекова Дариға Жамашовна
Шынықсаң шымыр боларсың
Сабақтың тақырыбы: «Шынықсаң шымыр боларсың»
/Көңілді старт/Сабақтың мақсаты:1. Оқушылар бойындағы спортқа деген қызығушылығы мен білімін арттыру;2. Спорттағы достық қарым - қатынасқа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;3. Оқушылардың денсаулығын нығайту, қимыл - қозғалыс мәдениетін қалыптастыру.Түрі: командалық жарыс.Әдісі: ойынӨтетін орны: спорт залІ. Ұйымдастыру1. Командалар ортаға шақырылады.2. Әділқазылар алқасымен таныстыру.3. Жарыс кезеңдерімен таныстыру.4. Жарыс кезеңдері.5. Қорытынды6. Марапаттау1 - кезең. «Шегірткелер»Әр топтың ойыншысы бір аяқты бүгіп, оны бір қолмен ұстап секіріп барып берілген жерге дейін жетеді.2 - кезең. «Қасықпен су тасу»Әр топтың ойыншысы ыдыстағы суды қарсы жақтағы бос ыдысқа қасықпен тасып тауысуы қажет.3 - кезең. «Күштілер жарысы»Екі - екіден бірін - бірі арқалай жүгіріп жарысу.4 - кезең. «Доппен жүру»Баскетбол добын ұрып алу жүру.5 - кезең. «Секіртпе»Әр команда бірінші тұрған ойыншы қолындағы секіртпемен секіріп, қайта келу керек.6 - кезең. «Кім жылдам»Екі оқушы шеңбердің ішіне жүгіріп келуі қажет.7 - кезең. «Алма жинау»Ойын бастаушының белгісімен әр командадағы бірінші ойыншы жүгіріп барып, шеңбердің ішіндегі алманы алып тізбектің соңына келіп тұрады.
Осылай ойын шеңбердің ішіндегі алма біткенше созылады.ІІ. Жеңімпаздарды марапаттау.Жарысқа қатысқан командаларды марапаттау үшін әділқазыларға қорытынды сөз кезегі беріледі. (командаларға мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс етіледі.
Көңілді старттар
Тақырып: Көңілді старттарМақсаты: Ойын түрлерін, мазмұнын, ережелерін түсіндіру, ерекшеліктерін ескерту; Сонымен бірге қабілетті балаларды анықтап, олардың спорттық ойындарда көрсеткен икемділігін, ынтасын дарынын байқай келе онан әрі жетіле түсуіне жағдай жасау, үлкен спорт түрлерінің сол балаға ыңғай келетін түрімен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік жасау; Ойындардың тәрбиелік мәніне назар аудару.Құрал - жабдықтар: доптар, парта, сақина, шеңбер, секіртпе т. б.Сабақтың барысыI. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сынып санын түгелдеу. Себепсіз оқушыларды анықтау. Оқушыларды бір қатар етіп жүргізе отырып топқа бөлу.I. Құлагер тобы.Топ құрамында төрт адамII. Тайбурыл тобы.Топ құрамында төрт адамДоппен жарысуСаптың ең алдында тұрғандардың қолында доп болады. Мұғалім белгі берісімен доп ұстаған екі ойыншы жүгіре шығып, допты баскетбол ойынының тәсілімен тездете алып жүріп, орындықты айналып келіп, допты өз командасының келесі ойыншысына береді де, өзі саптың ең соңына барып тұрады. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді. Қай команда бірінші келсе, сол команда жеңіске жетеді. Доп қолдан шығып кеткен жағдайда, сол жерден қайта жалғастыру қажет. Белгі берілмей тұрып алаңға жүгіріп шығуға болмайды. Допты өз әріптесіне беру мәре сызығында орындалады. Ойынның мақсаты - мәреге өзгеден бұрын жетуге тырысу арқылы жылдамдықты арттыру.Шарды түсірмеСаптың ең алдында тұрған ойыншы шарды екі тізесінің арасына қыстырып алып орындықты айналып келу қажет. Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.Кім жылдамСаптың ең алдында тұрған ойыншылардың қолында шеңбер болады. Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.Секіртпемен секіруӘр бір топ өз тобынан бір ойыншы шығарады. Белгі берілгенде ойыншы бір - бірінен қашықтау тұрып, секіртпемен секіре бастайды. Қайсы топтың ойыншысы бірінші болып тоқтап қалса сол топ жеңілген болып саналады. Бұл ойында ойыншының секіртпемен тоқтамастан секірген саны есептелінеді.Сақина салмақЕкі топ араласып отырады. Мұғалім олардың ашық қолына сақина салып шығады, балалар бірден қолын жұмады. Болған бойдан мұғалім; Тұр, сақинам тұр дейді. Қарсылас топтың баласы қасындағы қарсылас топтың баласын ұстап қалуы тиіс. Осылай үш рет сақина салынады. Қайсы топ үш рет яки 2 рет ұстатпай тұрып кетсе 3: 0 немесе 2: 1 болса жеңіске жетеді.Қол күресЕкі топтан бір – бір бала шығып күш сынасады. Бір рет жыққан жаққа бір ұпай беріледі.Бұл ойында Құлагер тобы ойыншысы Әсет, Тайбурыл тобы ойыншысы Сабитпен күш сынасады.II. Қорытынды
Эстафеталық жарыс
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жарысСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды салауатты омир салтына уирету.Дамытушылық: Ерік жігер қасиеттерін қалыптастыру.Тәрбиелік: Оқушыларды ептілікке, икемділікке жылдамдыққа тәрбиелеуСабаққа керекті құралдар: ысқырық, секундомер, доп, фишка, скакалка, обращ, тенис ракеткасыСабақта қолданылатын әдіс – тәсілдерді: түсіндіру, көрсету.Р/с Сабақтың мазмұны Мөлшері Әдіснамалық нұсқаулар1 Дайындық бөлімі.Сапқа тұрғызу; Оқушы мәліметін қабылдау. Сәлемдесу. Сабақтың мақсатын түсіндіру. Саптағы «Солға»! «Оңға»! «Кері айнал»! жаттығуларын орындау.Жүру бағытында орындалатын жаттығулар: 1. Екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру. 2. Қол белде өкшемен жүру. Қол белде жартылай отырып жүру. Қол тізеде отырып жүру, секіру.Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар:1. Спорттық жүріс2. Жеңіл жүріс3. Тізені көтере жүгіру4. Өкшені көтере жүгіру5. Оң қапталмен жүгіру6. Сол қапталмен жүгіру7. Тыныс алу жаттығуларыЖалпы дамыту жаттығулары:Б. Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде.Басты оңға - солға 4 реттен айналдыру.2. Б. Қ. қол иықта, иықты алға - артқа 4 реттен айналдыру3. Б. Қ. сол қол белде. оң қол жоғары 1 - 2 сол жаққа иілу3 - 4 оң жаққа иілу4. Б. Қ. қолды екі жаққа соза ұстап, алдыға 90°- қа иілу.5. Б. Қ. аяқ иық деңгейінде, қол белде 1 - 4 белде оңға айналдыру.1 - 4 белде солға айналдыру.6. Негізгі тұрыс:Қол белде сол аяқпен секіру.Оң аяқпен секіруҚос аяқпен секіру10 - 12 минут6 - рет6 - рет8 - 10 рет4 рет4 рет4 рет Бір қатарға сапқа тұру. Оқушылардан спорттық киімдерін тексеру.Бұйрықтын дұрыс орындалуын қадағалау.Қолды бүкпей денені тік ұстау. Кеудені тік ұстау.Ара қашықтық сақтау.Қолды айналдыру.Тізені бүкпей, қолды аяқ ұшына жеткізу.Қолды параллель ұстау, барынша керу.Тізені бүкпеу, айналым кең.2 Негізгі бөлім1. Скакалкамен жүгіріп фишкадан айналып өту2. Тенис таяқшасымен тенис добын алып жүру.3. Баскетбол добын оң қолмен алып жүру.4. Обращпен жүгіріп жүріп, тасу.5. Кім алысқа секіреді? 25 - 28 минут Қауіпсіздік ережелерін сақтау.3 Қорытынды бөлім.1. Сапқа тұру.2. Демалыс жаттығулары3. Бағалау4. Үйге тампсырма 3 - 5 минут Қолды жағ. Көтеріп төмен түсіру. Секіру жаттығулары.
Эстафеталық жүгірулер
Сабақтың тақырыбы: Эстафеталық жүгірулерМақсаты: а) Жүгіру элементтері бар эстафета ойындарын оқушыларға орындату. Жүгіру кезіндеқосымша жаттығулар орындауға үйрету.ә) Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтауға, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.б) Күш пен ептіліктің дамуын арттыру.Қимыл қозғалысының жалпы үйлесімділігін жақсарту.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСаб. Өтетін орны: Спорт залСабаққа керек құралдар: Доп, жалауша,шеңбер, секіртпе,кедергілер, үлкен доп, асық, қоржын.Сабақтың барысы: жаттығудың орындалу уақыты Ұйымдастыру, әдістемелік нұсқауІ.Ұйымдастыру бөлімі1.Сыныпты сапқа тұрғызу.Мәлімдеме қабылдау2.Саптық жаттығулар.3.Жалпы дамыту жаттығуы.а)жүру,жүгіру жаттығуларыә)құралсыз орындалатындамыту жаттығулары.ІІ. Негізгі бөлімСабақтың тақырыбы. Эстафеталық жүгірулер.1.Оқушылардың өздеріне таныс эстафеталық ойын түрлерін сұрау. (Толағай;Намыс дода)Барлық эстафеталық ойындар адам денсаулығы үшін маңызды әрі көңілді.Оқушы тез,тура жүгіру кезінде бар күшін салуға дағдыланады. Шапшаң епті қимылдауға үйренеді. Ұйымшыл болып, команда мүддесі үшін жақсы нәтиже көрсетуге тырысады. Айналаны бағдарлап аз уақытта өзінің және қарсыласының әрекетін байқап үлгереді.Сонымен қатар ойыншының икемділігі мен төзімділік қабілеттері арта түседі.2.Сыныпты екі топқа бөлу,Эстафеталық жүгірулердің түрлерін таныстыру.(Әр ойыннан кейін сергіту жаттығуы ойнатылып тұрылады)Команда болып жүгіру( пойыз)Кедергілер арқылы жүгіруДоп тасу ойыны«Бақалар» ойыныСекіртпемен жүгіру ойыны«Допты ұста» ойыны«Қос аяқтар» ойыны«Теңге алу» ойыны«Мергендер» ойыны 15 минутСынып оқушыларының сабаққа дайындығын бақылау.Жаттығуларды қатесіз орындату.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.Оқушыларды сұрақ қою арқылы сабаққа тарту.Екі топтағы ойыншылардың теңдігін бақылау.Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.Мұғалімнің орындап көрсеткен жаттығу элементтерін, ойын түрлерін мұқият бақылап, тыңдауын қадағалау.Әр ойынды бағалап,қоржынға асық салынып тұрады.Сабақтың барысы Жаттығудың орынд.уақыты Ұйымдастыру,әдістемелік нұсқауІІІ. ҚорытындыӘр қоржындағы асықтар санын қосып, жеңімпаз топты анықтап,мадақтау.Үйге тапсырма: Эстафеталық ойындарды түрлендіру.Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды бағалау. Ойын кезіндегі кемшіліктерді ескертіп түзету.Сабақты қорытындылау.«Дарабоз» топты мадақтау.Сергіту сәті Бағалау(қоржыннан асықтарды санау)
Эстафеталық жарыс
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз:
№1топ -«Ақ көгершін» командасы№2топ -«Қарлығаш» командасы№3топ -«Қыран» командасыКомандалар сәлемдесуі.
-«Ақ көгершін» командасынан жалынды сәлем.-«Қарлығаш» командасынан жалынды сәлем!«Қыран»командасынан жалынды сәлем!Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әнімеДене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!Ал, қанекей бір - бірімізді қостаймыз,Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.«Жеңіске»жетеміз депЖалынды ұран тастаймыз.Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.Эстафета 5этаптан тұрады:
1 - этап «Кім жылдам?»Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.2 - этап: «Жалауды тез жеткізу»Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 - балаға жеткізу3 - этап: «Жүйрік ат»Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру4этап: «Шебер»Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.5 - этап: «Жаңа орын»Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жеңіске жеткен команданы марапаттау
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,Жоғары боп күш жігер намысымыз.Осылайша қуанышпен думандатып,Аяқталды халайық жарысымыз!
«Математикалық дода»
дене шынықтыру сабағындағы математикалық сайыс
Мақсаты: Оқушылардың математикалық ой-өрісін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, алған білімдерін пысықтау.
Көрнекілігі: Есептер жазылған кеспе қағаздар, плакаттар, эмблемалар, әр топқа арналған жанкүйерлердің қуатты сөздері.
1 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар!
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2 жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар,
Сіз оқытқан оқушылардың
Сәті келді сыналар.
1 жүргізуші:
Есепті түрлі түсті шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар,
Әзіл есепке де отырамыз.
2 жүргізуші:
Олай болса, бұл не тұрыс
Кешімізді біз бастайық.
Әділ бағаға қалтасы толы
Әділқазыларды шақырамыз (аттары айтылады)
1 жүргізуші
Кешімізді бастамас бұрын, әр топтың білімін дұрыс бағалау үшін әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.
Төрешілер алқасын сайыстың шартымен салыстырады.
Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
Дұрыс жауап берген командаға 5 ұпай.
Дұрыс, бірақ толық емес жауапқа 3ұпай.
Жауабы жоқ болса 0 ұпай.
Тәртіп бұзған топтан 2 ұпай кемітіледі.
Жоспар:
Танысу
«Ұйқыашар»
«Жұлдызды сәт»
«Озық ойлы оқушы»
«Аққала»
Қорытынды
2 жүргізуші
Әр команданы ортаға шақырамыз, кешіміздің өтулі тәртібімен таныстырамыз. Бұл әр команданың құрамы 5 (2 оқушы) және 6 (2 оқушы) сынып оқушыларынан тұрады.

1 жүргізуші
Топтарымызбен танысайық
1 команда 2 команда 3 команда
388620030480002514600304800011430003048000
Сонымен бірінші сайысымызды бастаймыз. «Ұйқыашар».
Бұл сайыста әр топ мүшесі қолдарындағы таяқпен жарыса отырып межелеген жерге жетіп, есептерін шығарған соң кері қайтып қолындағы таяғын екінші ойыншыға тапсырады. Ойын осылайша топ мүшесінің соңғы ойыншысына дейін жалғасып, соңында есеп нәтижелері әділқазы алқаларына тапсырылады.
2 жүргізуші
Екінші сайысымыз «Жұлдызды сәт» деп аталады. Мұнда есептің шешуін табу арқылы
сөз құрастыру керек. Бұнда әр топтағы ойыншылар үлкен шарға отырып, межелеген жерге жетіп есеп шығарып, келесі ойыншыға шарын тапсырады. Ойын соңында табылған сөздерден ҚР-ның елтаңбасымен оның авторының есімі шығады.
1 жүргізуші
Үшінші сайысымыз «Озық ойлы оқушы» деп аталады. Бұнда есептің шешуін таба отырып, әр топ өзіне тиесілі мақал - мәтел жасырынған мақал мәтелдердің шешуін табу керек.

.

2 жүргізуші
«Аққала» сайысында магнитті тақтаға сегіз бөліктен тұратын аққаланы кұрастыру керек. Ал бұл үшін логикалық тапсырмаларға дұрыс жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпамен бағаланады.
Егер үш пар ат 60 км шауып өтсе, онда 1 ат неше км шауып өтеді? (60км)
Не ауыр? Бір кг түбіт аур ма, әлде бір кг темір ауыр ма? (екеуі тең)
Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? (4 сағат)
Сағаттың төрттен бір бөлігі неше минут ? (15 минут)
Айдос өзінің туған күнін 4 жылда бір атап өтеді. Бұл қай күн?(29 ақпан)
Сағат үшті көрсеткенде, оның сағаттық және минуттық тілі қандай бұрышты көрсетеді? (тік бұрыш)
Бір жаұяда бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының қарындасы бар. Сол жанұяда қанша бала бар? (6 бала)
Бір жұмыртқа 5 минутта піседі, ал бес жұмыртқа неше минутта піседі? (5 минутта)
Сайыс қорытынды шығарумен және әділқазылар алқасының жеңімпаз топтарды құттықтап, мақтау қағаздарын берумен аяқталады. Бұл сайысты өткізудің мұғалім үшін ең бастысы – оқушыларды жарыстыра отырып, оқушылардың білімін арттыру, математика сабағына баулу, оқушы бойындағы басқа да қабілетін аша білу, оқушының жан-жақты дамуына әсер ету.