Открытый урок на тему Ерте?гі болаша?-б?гінгі білімді ?рпа?
Тақырыбы: Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ
Өткізілетін іс-шара: апталықтың жабылуы
Өткізілетін орны: мәжіліс залы
Мақсаты:
Жүргізілу барысы:
1-жүргізуші:
Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге?
2-жүргізуші:
Жамандықтан жирентіп,
Ақылшы болған кім бізге?.
1-жүргізуші:
Ұстаздық етіп жалықпай,
Үйрететін балаға ол кім?
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,бастауыш сынып оқушылары бүгінгі біздің «Ертеңгі болашақ-бүгінгі білімді ұрпақ» атты апталығымыздың жабылуына қош келдіңіздер!
Жүсіп Баласұғын айтқандай,
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар
Білімменен аспанға жол салынар- дегендей,білімділік пен ізгілікті бойымызға дарытып,өзімізді жақсы жағымыздан көрсетейік.
1-жүргізуші:
Өнерпаздар жарасып сан-салалы
Жиын десе,той десе жан салады.
Кешіміздің ашылу құрметіне
Әуелеген әсем ән жолданады-деп ортаға «Көңілді күн»
Жүніспекқызы Әдеміні шақырамыз.
2-жүргізуші:
Ажырамас мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Кешімізге арналсын тілегіңіз-деп ортаға мектебіміздің директоры Ерік Нұрмұханұлы мен Мирамгүл Женейқызына беріледі.
2-жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткіссін сіздей өренді,
Ертеңгі болашақ шыңына-деген тілекпен ортаға
білімді оқушыларымызды
«Білімділер сайысын» шақырамыз.
4кластан 4 оқушыны ортағашақырамыз.
Сайыс 4турдан тұрады
1тур: Жұмбақтың шешуін табамыз,шешуіне байланысты мақал-мәтел арқылы жалғасын табады.
2тур:Жеті қазынаны ата.
3тур: Сөз жұмбақ шешу.
Ән: «Бал балалық» Мұханбетқұл Гүлсезім
1-жүргізуші
Гүлжайнар,мемілекетіміздің болашағы бүгінгі оқушылар екенін жақсы түсінетін, терең білім беруге күш-жігерін аямайтын, адамгершілігі мол, жүрегі мейірімділікке толы, беделі жоғары ұстаз туралы сөз қозғағым келіп отыр.
Ұстаз білім беріп қана қоймай өнергеде баулып отырады.
2-жүргізуші:
Дұрыс айтасың,мұғалім білім беру жолындағы шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, оқушыларының шығармашылығын да,өнерін даортаға салып жақсы жетістігін,шеберлігін көрсете білді. Әр шараны көңілді ұйымдастыра білген ұстаздарымызды жетістіктерін көрсете білген оқушыларды марапаттауға шақырамыз.
« Өлең сөздің патшасы»атты мәнерлеп оқу сайсын ұйымдастырған Салдырова аяжан.
2. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтуға тілі жоқ»атты сурет байқауын ұйымдастырушы Тастанбекова Гүлнар
3. «Әнді сүйсен менше сүй» ән байқауын ұйымдастырушы Жұмағазиан Балагүл.
4. «Шебердің ойы ұшқыр» атты бүктемелер сайысын ұйымдастырушы Өтешова Рәмиза.
5. «Толағай» спорттық жарысын ұйымдастырған бөлекбаева Асемгүл
6. «ХХІ көшбасшыинтелектуалды ойынды ұйымдастырушы Данайбекова Ақдидар.
1-жүргізуші:
Бүгін қызық,бүгін той,
Біздер үшін біліп қой.
Әнде салып, би билеп,
Жалғастырып ойды ой-деп кезекті
2 классқыздарының «Саңырауқұлақтар» биін тамашалайық
2жүргізуші:
Білімдіден шыққан сөз-
Талаптыға болсын кез.
Нұрын,сырын көруге
Көкірегінде болсын көз,-деп Абай атамыз жырлағандай талапты, көкірегі ояу,білімді де еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуден шаршамайық ұстаздар деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.