Урок на тему ?аза?станны? ішкі сулары


Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы
Сыныбы: 8а, 8б
Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның ішкі суларының түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды Қазақстанның ішкі суларымен таныстыру. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі болуына климат ерекшелігінің әсері болса, осыған байлансты ішкі суы да әркелкі таралғанын айту.
Тәрбиелік:Экологиялық білім бере отырып, жас ұрпақты туған жеріміздің су ресурстарын ұқыпты пайдалануға, қорғай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Қазақстанның ішкі сулары туралы білімдерін дамыту. Өзен жүйелері және өзен алаптары, өзен жүйесінің ерекшелігі, су шығыны мен жылдық ағын, қоректенуі туралы түсінік қалыптастыру.Сабақта өз ойларын нақты, дәл жеткізе білуге, салыстыра білуге дағдыландыру және ойлау қабілетін дамыту өз беттерінше жұмыс істеуге дағдыландыру; 
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Көрнекіліктері:Қазақстанның физикалық картасы, глобус, үлестірме қағаздар, АКТ.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау жасау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Ә) Құрал-жабдықтарын тексеру
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды «көл», «өзен», «мұздықтар» сөздері жазылған қағаздарды суырту арқылы топқа бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
3 топқа да ортақ сұрақтар қою.
1-тапсырма:
Климат дегеніміз не? Жауап: Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратын белгілі бір типтері.
Қазақстан климаты қандай факторлардан тұрады? Жауап: Күн радиациясы, атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті.
Күн радияциясы деп нені атайды? Жауап:Күннен шығатын сәулелі қуат.
Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массалары қандай? Жауап:Арктикалық, қоңыржай және тропиктік ауа массалары.
Қазақстанның ең ыстық айының орташа температураларын ата?Жауап: Шілде айы орташа температурасы
28º – 30ºС
Қазақстандағы жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері қандай? Жауап: 130 – 1600мм аралығында
Тропиктік ауа массасы Қазақстанға қай аймақтардан келеді? Жауап: Орта Азия мен Иран аумағынан келеді.
Қазақстандағы ең суық жер? Жауап: Атбасар өңірі
Ылғалдану коэффициенті дегеніміз не? Жауап: Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасы.
Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыс? Жауап: Шаңды дауыл.
Қазақстан жеріндегі қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға нелер жатады? Жауап: Қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдар.
Жарық, жылу, ауа нелерді құрайды? Жауап: Агроклиматтық ресурстар
2-тапсырма:
І-топ:Атырау қаласының орташа жылдық ауа температурасын есептеп шығар:
Айлар
Жылдық орташа температура
І ІІ ІІІ ІV V VІ VІІ VІІІ ІХ Х ХІ ХІІ -16º -12º -9º 3º 12º 19º 24º 22º 14º 8º -6º -11º +4ºС
Жауабы: (102º-54º):12=48º:12=+4ºС
ІІ-топ: 20 сәуір күні ауаның температурасын бақылау нәтижелері: сағат 1.00 -де +7ºС, 7.00-де – 3ºС, 13.00-де +14ºС, 19.00-де +10ºС
Тәулік бойынша орташа температура қанша?
Жауабы: Тәуліктік жиынтық: 7ºС –3ºС+14ºС+10ºС=28ºС
Тәуліктік орташа температура: +28ºС:4=+6,4ºС
ІІІ-топ: Қыркүйектегі тәуліктік орташа температуралар жиынтығы + 240ºС. Күн саны 30.
Айлық орташа температура қандай?
Жауабы: +240ºС:30=+6ºС
ІІІ. Сергіту кезеңі:
ІV. «Ой қозғау»
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарларӨзеннен рахат тауып басылады.
-Оқушылар бұл кімнің өлеңі білеміз бе? Дұрыс, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.
«Су – тіршілік бастауы» демекші. Қазақ халқы суды қадірлеумен қатар оны тіршілік нәрі деп түсінген. Су бермеу, судан тарықтыру ең үлкен қылмыс деп саналған. Сондықтан жолаушылап келген адамға сусын берген. Қазақ халқы « Ей шырағым, ағып жатқан суды тегін деме, судың да сұрауы бар» деген екен. Адамзат өте ертеден - ақ суға табынған.Бүгінгі сабақта біз Қазақстанның ішкі сулары және олардың түрлері туралы жайлы әңгімелейтін боламыз.
Шығармашылық жұмыс:
І – топ: «Су» туралы мақал-мәтел құрастыру
ІІ – топ: «Су» туралы тыйым сөздер жазу
ІІІ – топ: «Су» туралы өлең шығару
VI. Жаңа сабақ:
Су – құрлықтағы сұйық, қатты, газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әртүрлі болуына байланысты ішкі суда әркелкі болып келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір мол.
Республика аумағында ішкі суларды бірнеше түрге бөлеміз. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.
Өзен — өзінің табиғи арнасымен ағып жататын  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%93%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D1%81%D1%83&action=edit&redlink=1" \o "Ағынды су (мұндай бет жоқ)" ағынды су немесе ағып жатқан тұщы судың табиғи жолы.
Өзен басқа бір өзенге, көлге, теңізге, мұхитқа немесе үлкен су қоймасына барып құяды. Өзен жаңбыр суынан, еріген қар мен мұздықтардан, қайнар бұлақтардан немесе арнасынан тасыған көл суларынан нәр алады. Өзеннің негізгі бөліктері – бастауы (басталар жері) және атырауы ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D3%A9%D0%BB" \o "Көл" көлге, теңізге құяр жері). 
Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.
Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.
Солтүстік мұзды мұхит алабына Ертіс(Есіл, Тобыл салаларымен), Бұқтырма өзені жатады. Ішкі тұйық алаптар. Каспий теңізі алабы: Жайық. Жем, Сағыз, Ойыл, Сары өзен, Қара өзенАрал теңізі алабы: Сырдария, Арыс, Шу, Сарысу, Торғай, Ырғыз, ТаласБалқаш – Алакөл алабы: Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек, Сарқан, Басқан.
Көл — тікелей  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7" \o "Теңіз" теңізбен қосылмаған құрлықтар өңіріндегі суға толы дербес  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D0%B9%D1%8B%D1%81" \o "Ойыс" ойыстар. Ауқымды кеңістікті
қамтитын, суы ащы көл түрлері теңіз деп аталып жүр ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D1%81%D0%BF%D0%B8%D0%B9_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7%D1%96" \o "Каспий теңізі" Каспий, Арал теңіздері).   HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80" \o "Жер" Жер шарындағы көлдердің жалпы ауданы 2,1 млн. км2 (құрлық ауданының шамамен 1,4%-ы). Ондағы жинақталған судың көлемі 176 мың км3, оның 52%-ы тұщы су, 48%-ы  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%89%D1%8B" \o "Ащы" ащы су. Көлде эндемик түрлер, кейде реликт түрлер тіршілік етеді. Жер шарының ең ірі көлі – Каспий теңізі, ең терең көлі – Байкал.
Қазақстанда Каспий мен Аралды қоспағанда, 48262 көл бар, олардың жалпы ауданы 45032 км2. Көлдер табиғи ресурстардың негізгі қайнар көздеріне жатады.
Мұздықтар табиғаттағы су айналымының маңызды түйіні болып табылады. Мұздық дегеніміз – көп жылдар бойы биік таулар басына жиналған қарлар мен көк сеңгір мұздар.
Қазақстанда жалпы көлемі 1850 км2 1190 мұздық бар. Қазақстандағы ең ірі мұздық Іле Алатауындағы аңғарлық Корженевский мұздығы. Мұздықтың ұзындығы 12 км-дей, ауданы 38 км2, ал қалыңдығы шамамен 300 метрдей, 3560 метр биіктікте орналасқан.
Жер асты сулары – қатты, сұйық және газ күйінде жердің литосфера қабатында, тау жыныстарының арасындағы қуыстарда, кеуектерде, жарықтарда болатын су. Олар өзен, көл, теңіз және мұхит суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын құрайды. Жер асты сулары сол жердің орографиясына, климатына, тау жыныстарының сипатына қарай әр түрлі типі болады: жарықшақтық, жарықшақты қат-қабатты, қат-қабатты.
VIІ. Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
1.«Сандар сөйлейді» ойыны:
7 – Қазақстандағы ең ұзын өзендер.
85000 – Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты өзендер саны
1000 – Қазақстандағы ең ұзын Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендердің ұзындығы.
48262 – Қазақстандағы көлдердің саны.
1190 – Қазақстандағы мұздықтардың саны.
12 – Қазақстандағы ең ең ірі мұздық – Корженевскийдің ұзындығы. (Км)
3560 – Қазақстандағы ең ірі мұздық Корженевскийдің орналасқан биіктігі.(метр)
2.Картамен жұмыс:
Картадан Есіл, Сырдария, Ойыл, Жайық, Жем, Торғай, Ырғыз өзендерін, Каспий, Арал теңіздерін, Балқаш, Зайсан көлдерін тап.
3. Адасқан нысанды табу
Батыс Сібір                                     тау
Зайсан                                             үстірт
Қаратал                                           жазық
Алтай                                              өзен
Торғай                                            көл
Тұран                                              қырат
Жалпы сырт                                    көл
Орал                                                өзен
Лепсі                                                тау
Балқаш                                            Жазық
4.Постер қорғау: Қайсысы адам өмірінде маңыздырақ?
І – топ: Өзен
ІІ – топ: Көл
ІІІ – топ: Мұздықтар
VIІІ. Бағалау кезеңі:
ІХ. Үйге тапсырма:
1. Қазақстанның ішкі суларының түрлері (оқып, мазмұндап келу)
2. «Су – тіршіліктің көзі» тақырыбына эссе жазып келу
3. «Су» туралы мақал – мәтелдер жазып келу