О?ыту мен о?уда ?згеріс енгізілгенін ж?не бас?арыл?анын растайтын тізбектелген саба?тар топтамасы ?ткізілгені туралы рефлективтік есеп


Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есепҰстаздық – ол ешқашан көнермейтін, қандай қоғам болса да өзінің қайта өрбитін қуатқа ие құрметті де сыйлы мамандық. Болашақтың бастамасы қасиетті шаңырақ –мектепте. Осы шаңырақтағы балаға берілетін білім үлкен ізденісті талап етеді. Яғни ұстаз-үнемі ізденісте болу керек, ол «ізденуші». Күннен күнге әлем өзгеруде, осы заман ағымы мен талабына қарай білім беру де өзгеріп, дамып өрбіп келе жатыр. Мемлекетіміз шет мемлекеттермен тығыз байланысқа шығып тәжірибе алмасуға да қол жеткізген жағдайымыз бар. Бүгінгі біздің білімді ұрпағымыз – ертеңгі біздің көшбасшымыз. Ал көшбасшыға заман талабына сай білім беріп, оны тәрбиелеу үшін біз білімді болуымыз керек. Ол үшін мен ең бірінші сабақ беру тәсілімді түбегейлі өзгертуім керек, осы мақсатпен курсқа келуді ұйғардым. Қызметтес әріптестерім осы курсты оқып келгенде, олардың өздерінің оқыту мен оқуға еңгізген өзгерістерін көріп, қызыға, қызғанада қарадым, менде осы курсқа деген қызығушылық пайда болды. Сонымен не керек тәуекелге бел буып менде осы үш айлық курсқа келдім. Осы курсқа келер кезде қатты қобалжу басталды. Бойымда бір үрей, қорқыныш пайда болды. Сан мыңдаған сұрақтар мазалай бастады. «Енді не болар екен?, «Бағдарламаның негізгі идеяларын меңгере алам ба? тіпті бекер келіппін деген өкініш сезімдері де болды. Шынымды айтсам бұл курсқа келгенде мен бір басқа әлемге тап болғандай сезімде болдым. Себебі, бұрын-соңды естімеген сын тұрғысынан ойлау, кері байланыс, күту ағашы деген сөздер мен үшін жаңалық еді. Бағдармадағы 7 модульдің негізгі идеясын меңгеруім үшін мен ең бірінші жалпы осы курсқа деген көзқарасымды өзгертуім керек болды, өзгерттім. Сонымен не керек күрделі де, қызықты бағдарламаны меңгеру менің басты міндетім деп қабылдадым. Бірінші «бетпе-бет» кезеңінде сыныптағы барлық оқушылардың оқу үдерісінің сапасын арттыруға негізделген 7 модуль туралы толық теориялық білім алып, келесі мектептегі тәжірибе кезеңінде алған теориялық білімімді жүзеге асыру үшін, өзімнің оқыту мен оқу тәжірибеме өзгерістер енгізуге іс-әрекеттерімді жоспарлап мектепке келдім. Алғашқы күні мектеп директорымен кеңестім. Тәжірибеге келгенімді ескертіп, сыныбымда яғни қазақ тілі кабинетінде біраз өзгерістер болатының айттым, ол кісіні бағдарламанын мазмұнымен таныстырып, зерттеуге 8 «Б» сыныбын алатынымды айтып ескерттім. Содан соң әріптестеріммен кездесіп, кеңестім. Әріптестерімнің көпшілігі менің жаңа идеяма сеніммен қарады. Оларды топқа бөлу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, күту ағашы, кері байланыс, бағалау әдістері қатты қызықтырды. Әріптестеріммен кеңесуден мен жақсы әсер алдым бірақ сондада мұғалім ретіндегі көкейімдегі сан түрлі: Қалай оқытамын? Қандай әдіс-тәсілдерді қолдансам болады? Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін не істеуім керек? Осының бәрін мен жүзеге асыра алам ба?-деген сұрақтарға жауап іздеумен болдым. Бұл сұрақтың жауабына бағдарламадығы 7 модульдің идеялары айқын жауап болғандай еді. Ендігі кезекте өтілетін сабақтырымды жоспарлау керек болатын. Орта мерзімді сабақтар тізбектемесін жоспарлағанда, бірінші «бетпе-бет» кезеңінде алған теориялық біліміме, «мұғалімдерге арналған нұсқаулықта» көрсетілген ғалымдардың зерттеу еңбектеріне сүйендім.«Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған».
Жоспарланған сабақтарымның мақсаттарына жету үшін жеті модульді толықтай қамтамасыз ету мүмкін емес еді, бірақ осы модульді сабағыма еңгізу үшін келесі мәселелерді қарастырдым.Оқушыларға оқуды өз бетінше іздену үрдесі арқылы оқуды үйрету.Оқушыларды топқа бөлу арқылы оқыту тәсілін пайдаландым.Оқушыларды мақал-мәтел, апта күндерінің атаулары арқылы топқа бөлдім.Топтарға әр түрлі тапсырмалар беріліп отырды. Топтық жұмыс оқушылардың ойынан шықты, сабақ барысында олардың белсенділігі артып, қызығушылығы артты. Жұптық,диалогтық жұмыс жүйеленді.Осы 7 модульдің ішінде оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және оқушының қалай оқу керектігін таңдауында оқу мен оқытудың жаңа тәсілдерінің бірі - топтық жұмыста диалогты дамыту қазақ тілі сабақтарында қолдану тиімді әдіс екенін зерделедім. Бұл үдеріс кезінде оқушы сыныптасымен (оқушы-оқушы), мұғалімімен (мұғалім-оқушы) диалог жасай отырып, білім алады. Оқушылар топта бір-біріне сұрақ қойып, жауаптарын тыңдап, талқылады, өзара белсенді әрекет етті (интербелсенді жұмыс жасады). Бұл іс-әрекет оқушы бойында сенімділік арттырып, топта белсенді жұмыс жасап, нәтижеге тез жетуіне көп әсер етеді.
Бірінші «Ауылда» тақырыбында өткізген сабағыма оқушылардың жас ерекшеліктерін, қабілеттерін, өткен сабақтарда алған білімін ескере отырып, қарапайым сұрақтардан (түрткі болатын сұрақтар) күрделіге негізделген сұрақтар әзірледім.
Сынып оқушылары бір бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіну, сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру мақсатында сабақ алдында сыныпты топқа бөліп (ауыл туралы мақал-мәтелдер жазылған қағаздар арқылы екі топқа бөлінді) , хал ахуалын реттеп алдым.
Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру кезеңінде «Бүгін сенің көңіл күйін қандай?» деген жаңа ойға түрткі болатын сұрақтар қойдым. Оқушылар бір-бірімен диалогқа түсу үдерісінде «Бүгін менің көңіл күйім тамаша, сыныптастарыма сәттілік тілеймін» деген сөйлемдерді қолданып,«Күту алма ағашы» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан не күтетіндерін стикерге жазып, ағашқа ілді. «Мұғалім-оқушы», «Оқушы-оқушы» арасында әр қазақ тілі сабақтарында жүргізілген мұндай диалогтар сабақта жаңа білім алуға жылы атмосфера орнатуға. оқушының ауызекі сөйлеу қабілетін дамытуға зор ықпал тигізеді. Сабақтың мақсаты мен міндетін оқушылардың өздеріне анықтату мақсатында екі топқа өткен грамматикалық тақырып бойынша «Қар көшкіні» әдісін пайдалан отырып екі топ оқушылары бір-бірлеріне сұрақтар қойып, оқушылар осы сұрақтарды өз топтарында талқылап, жауаптарын айтты. Келесі тапсырма ауылда концептісіне анықтама беру.Яғни оқушылар Венн диаграммасын пайдалана отырып, ауыл мен қала тіршілігінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын флипчарт бетіне суретпен түсіріп қорғады. Бұл жұмыс оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға бағыт берді, оқушылар топта өз ойларын айтып, пікірлерін тыңдап, талдап, бір-бірімен идея алмасып, ортақ шешім қабылдап постер бетіне түсірді. Екі топ өз жұмыстарын қорғап болған соң бір-бірлерінің жұмыстарын бағдаршам әдісі арқылы бағалап отырды. Сабақ барысында оқушыларды берген жауаптарына сәйкес қоштау, мадақтау арқылы формативті бағалап, қорытындылау кезеңінде жиынтық бағалауды тәжірибеме енгізу үрдесін бастадым. Келесі «Сыйлы тағам-сары май» тақырыбында өткізген сабағымда бірінші сабақта жіберген олқылықтарды болдырмау және оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақ жоспарыма өзгерістер енгіздім. Сабақ үрдесінде сұрақтардың жүйелі қойылуына ерекше мән бердім. Сыныпта қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сыныпта «Шаттық шеңберін» құрып оқушылар бір-бірлеріне бүгінгі күнге, сабаққа сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Сыныпты тақырыпқа сай сүт тағамдарының атаулары бойынша «Айран», «Ірімшік» деп топқа бөлдім. «Күту авто бекеті» әдісі арқылы оқушылардың бүгінгі сабақ не күтетіндерін стикерге жазды. Келесі тапсырманы оқушылар топта орындады. Екі топқа грамматикалық тақырыпқа байланысты сұрақтар берілді, Топтағы диалогта оқушылар бірінші сабаққа қарағанда әлдеқайда белсенді жұмыс істеді. Себебі бұрын сабақтарда үнсіз отыратын оқушылар жанындағы жолдастарымен бірігіп жұмыс істеп, жасаған жұмыстарын флипчарт бетіне сызба арқылы түсіріп, жариялады. Келесі мәтін бойынша жеке, жұптық, топтық жұмыстар болды. Оқушылар бірінші мәтінге ат қойып, осы берілген мәтін бойынша диалог құрастырып, мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, талдап, жасалу жолдарын түсіндірді. Сабақ аяғында бағалау критерийлері арқылы әр топ басшысы өз топ мүшесінің тапсырманы орындауына байланысты бағалап, кері байланыс жүргізілді. Үшінші «Қазақтың сыйлы тағамдарының бірі - қымыз» сабағында оқушылар өткен екі сабақпен салыстырғанда сынып сұрақ құрастырып, қоюға дағдылана бастағандықтан сыныпта диалогтық оқыту әлдеқайда жоғары болды. Оқушылар сөздік қайталау, сөйлеу барысында сөздік қорын бекітті, сабақ мақсатын нақты айқындады.Ең бірінші сабағымды бастамас бұрын, сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Жүрек жылуы» әдісі арқылы, бір–бірлеріне жылы лебіздерін айтты. Апта күндерінің атуларымен сыныпты «Сәрсенбі» және «Жұма» деп топқа бөлдім. «Даналық күту ағашы» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан не күтетіндерін жазды. Осы сабақ шығармашылық ізденіспен өтті. Жаңа сабақтың мазмұның ашуды оқушылардың өздерінің еншісіне беріп, АКТ-ны пайдалануға ұсыныс жасап, екі топқа тапсырма бердім. Бірінші топқа «Қымыз» туралы, екінші топқа «Қымызды баптау» туралы шағын мәтін құрастыру тапсырылды. Қазақтың ұлттық тағамы – қымыздың ерекшелігі мен баптау технологиясына мәнмәтін құрастырылды. Сыни тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған топтық жұмыс өз нәтижесін берді. Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту үшін, мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен таңдау арқылы, дәлелдеу жинастырылды, сонымен қатар шешім қабылдау үшін талапқа өлшемдерді қолдану, яғни бақылау, талдау, қорытынды интерпретация – логикалық қорытынды жасау сияқты дағдыларды дамыту қарастырылды. Сабақ кезінде АКТ–ны қолдану әрекетін, оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруде және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге түсінік беріп, өзімеде сабақ беруде уақытымды үнемдеуге көп көмегі тиді.Топтарға мінез–құлқы, метатанымы әр түрлі балалардың түсуіне байланысты топтарда әңгіменің түрлері, зерттеушілік, әңгіме – дебатта орын алды. Осындай жағдайларды Скинердің көзқарасы бойынша «адамдардың лайықты іс–әрекеттерін ынталандыру мақсатында оларды көтермелеу, тоқтатылуы қажет мінез – құлықты елемеу немесе ол үшін жаза қолдану керек» дегендей оқушыларымды дұрыс жолға бағыттап, бағдар беріп отыруға тырыстым. Сонымен бірге әр топтағы рөлдердің ауысуын, әр кезеңдерде берілген тапсырмалар сайын жүзеге асырып отыруларын, топбасшыларына постер дайын болған соң, оны жариялауға араларынан көп сөйлемейтін оқушылардың шығуын қадағалауын сұрадым. Сабақ барысында атқарылатын жұмыстың жоспарын құрумен қатар, оны сабақтың өтілу кезінде жүзеге асыру барысында өз көшбасшылығымның маңыздылығын осы жерде байқадым. Постерге түсірген жұмыстарын қорғау үшін, яғни тақтаға шығып жариялауға әр топтан дауысы шықпайтын оқушылардың шығуын назарда ұстадым. Менің ойымша олардың тақтаға шығып, өздеріне берілген қымыз түрлеріне жазған түсініктемелерін оқу барысында өзіне деген сенімі нығая түсіп, оның да қолынан келетіндігін өзгелерге дәлелдейтіндей сезінеді деген пікірде болдым. Менің ойлағанымдай болып шықты, шыныменде дәстүрлі сабақ кезінде көп сөйлемейтін, Те Римма мен Малиновский Константин өз топтарына берілген тапсырманы қорғап шықты. Выготский бойынша тым күрделі жұмыс балаларға орындалмайтын, ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдейтіндейтін «Жақын арадағы дамыту теориясы (ЖАДТ)» негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екенін баса айтады. Талантты, дарынды оқышулар әр сыныпта бар, тек оларды іздеп табуымыз керек, бұлақ көрсең көзін аш деп текке айтылмаған. Оқытудағы басқару мен көшбасшылық оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіледі. Топ басшылары өз тобындағы сыныптастарына лидерлік көмек көрсете алды. Сабағымда әр тапсырмаларға жасалған Power Poit-пен жасалған слайдтарым оқушыларға ұнады, олардың сабаққа деген қызығушылықтарын көздерінен байқадым, оқушылардың өздері келесі өтетін сабаққа жасалатын слайдқа өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын айтып жатты. Дәстүрлі сабақтарда оқушыларым ешқашан сабақ кезінде билемеп еді, осы сабағымда сергіту сәтінде оқушылар «Қара жорға» биін биледі. Оқушылардың көңілді әуенмен би ырғағын қайталауы, ырғақпен көңілдеріне қуаныш ұялату  ұялшақ тұйық балалардың ашыла түсуіне өте жақсы ықпал етті. Төртінші қорытынды «Қазы-қарта, жал-жая» осы сабағымда «Ой қозғау», «Миға шабуыл», «Семантикалық картаны толтыру», сөзжұмбақ шешу сияқты стратегияларды қолдана отырып, оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға бағыттадым. Сабақ барысында әр түрлі сұрақтар қою арқылы оқушыны жаңа ақпаратты қабылдап, негізгі идеяны ашып, өз білімімен салыстыруға жетеледім. Выготскийдің атап көрсеткеніндей «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істей отырып, оқушылардың когнитивті дамуы жақсарды. Оқушыларымның жеткен әрбір жетістігі сыныптастарының да өзімнің де тарапымнан қолдау тауып отырды. Олардың еңбегі әрдайым формативті түрде бағаланып, көңілін көтеретіндей мадақтау сөздер айтылып отырды. Себебі сыныптағы бағалау Александер айтқандай, тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мен өз сабағымда формативтік бағалауды оқыту үшін бағалау ретінде қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Бағдарлама талабына сай өткізген осы төрт сабағымның қорытындысын шығару үшін әр сабағымда оқушылардың рефлексияларын бақыладым, яғни кері байланыс жасадым. Оқушылардың әр сабақта стикерге жазған рефлексияларынан көтеріңкі көңілдері мен қуаныштарын байқап, олар үшін өзімде қуандым.
Бұрынғы дәстүрлі сабақтарымда оқушының көңілін сабаққа аудару үшін өзім білетін әдіс-тәсілдерді, мысалы: Қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін аптаның қай күні? сияқты жаттанды сұрақ-жауап әдісін қолданушы едім,яғни бұл жай ғана сауал екенін түсіндім және белсендік әрекетіне тартпағанымды білдім, бірақ бағдарламадағы модульдердің идеяларын басшылыққа ала отырып өткізген алғашқы тәжірибемдегі сабақтарымда оқушылардың сабаққа деген ынтасы артқанын, оқушылар оқу үдерісіне түгелдей қатысып отырғанын байқадым. Оның дәлелі – сабақ барысындағы оқушылардың жұмысы ғана емес, әрбір періште жүрегінен шыққан шынайы пікірлері еді. Ал осы өткізген сабақтарымның қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген АКТ құралдарының мүмкіндіктері де оң әсер етті. Интербелсенді тақта мен компьютердің сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізген әсері ерекше болды. Әрине сабақтың мақсатына жетіп, табысты болуы үшін мұғалім құзыры жоғары деңгейде болу керек. Ол үшін мұғалім бойында Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер міндетті түрде болу керек деп ойлаймын. Себебі, Шульман көздеген кәсіби түсінік пен оқытудың тәжірибелік дағдылары мұғалімнің басты құралы болып келгені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі – кәсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке орай бұл барлық мұғалімдердің бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас орын алғандықтан осы өткізген төрт сабағыма қойған мақсатыма жетіп, оқушыларымның көтеріңкі көңіл күйлерінің куәсі бола алдым, мен үшін осыдан артық қуаныш бола ма. Осылайша, Бағдарламаның жеті модулінің идеяларын барлығын болмаса да, оларды әр сабағымда қолдануға тырысып, оларды бір-бірімен байланыстыра отырып өткізген сабақтарымнан-ақ өз мамандығыма деген сүйіспеншілігім арта түсті. Курс басында болған қобалжу мен қоқынышты жеңіп, мені мазалаған сұрақтарымның жауабын осы бағдарламадан таптым, өзімнің түбегейлі өзгергенімді осы мектепте өткен тәжірибе кезінде байқадам. Мен өзгердім! Өкінішке орай, біздің қоғамда мұғалім мамандығын көп жастар таңдай бермейді, өйткені қазіргі жастар мамандық тандағанда ең бірінші ертен мен осы мамандықты алған соң, «Мен қанша жалақы алам ?», «Ертен бұл мамандықтың пайдасы бола ма?» деген сұрақтарды есепке ала отырып таңдайды, біздің қоғамда салғырт көзқарас тудырып, халықты тамсандыра бермейтін мұғалім мамандығының өз атына сай деңгейге көтеріп, ұстаздардың еңбегіне жаңа шабыт, бағыт-бағдар беріп, көптен күткен өзгеріс енгізіп отырған Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері қазіргі қоғам талабына сай қажеттілік екеніне менің көзім жетті. Өсіп келе жатқан жас ұрпағымызды білім шыңына бағыттау – мен үшін әрі бақыт, әрі өмірлік ұстанымым. Ал мектептегі өткізген 4 сабағымды қорытындылап, мен өзіме оқу мен оқытуда нені өзгерттім деген сауал қойдым және оған жауап іздедім: мен өз қызметтес әріптестерімнің алдында жаңашыл мұғалім, көшбасшы болдым. Сабақ жоспарларымды жаңа әдіс бойынша құратын болдым. Оқушылар топта, жұпта жұмыс істеуге дағдылана бастады. Сабақта формативті бағалауға ерекше назар аударатын болдым. Менің көзқарасымды түбегейлі өзгерткен, оқытудың қыр-сырын үйреткен, маған уақыт пен заман талабына сай жаңашыл ұстаздың шынайы көрінісін көрсеткен тренер, әрі әріптестесім Есентаева Айжан Ыдырысқызына айтар алғысым шексіз!
Келешекте осы бағдарламадағы жаңа әдіс-тәсілдерді өзім үшін терең меңгере түсіп, тәжірибеме енгізуді алдыма мақсат етіп қойдым. Сонымен қатар барлық сабақтарыма осы бағдарламадағы оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді ары қарай қолданамын, талантты және дарынды балаларды оқытуға көңіл бөліп және осы модульді өзімнің жеке жоспарыма кірістіремін.
Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілгенін және басқарылғанын растайтын тізбектелген сабақтар топтамасы өткізілгені туралы рефлективтік есеп