Планирование урока по литературе на тему:?аздар ?айтып барады. ??гімені? мазм?ны мен идеясын т?сіндіру.


8-сынып
Сабақтың тақырыбы: Қаздар қайтып барады. Әңгіменің мазмұны мен идеясын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік. Жазушының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, әңгіменің мазмұнын түсіндіріп, идеясын ашу.
2. Дамытушылық. Әңгімені мазмұндата отырып, оқушыларды жүйелі сөйлеу дағдысын қалыптастыру. Көркем сөйлеуді жетілдіру.
3. Тәрбиелік. Туған жерге деген сүйіспеншілік туралы ұғымды жетілдіре түсу.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Портрет, түрлі-түсті қаламдар, оқуға қажетті құралдар.
Сабақта техникалық құралдар: бейнефильм,интерактивті тақта,компьютер.
Пәнаралық байланыс: география, музыка, тарих.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныптың сабаққа дайындығы. Топқа бөлу.
Өткен тақырыпқа қысқаша шолу жасау.
Жаңа сабаққа көшу.
Кіріспе әңгіме. Қазақтың аса дарынды жазушыларының бірі Қ.Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша айтып өту.
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы Шығыс Түркістанда дүниеге келген.(ҚХР)1956 жылы Қазақ ұлттық университетінің филология бөлімін тәмамдаған. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінен-ақ қазақ әдебиетіне талантты қаламгер келгенін дәлелдей білді. Тілге бай, әр сөзінің сиқырлы бояуын жетік жеткізе білу жазушының дарындылығының куәсі. (Интерактивті тақтадан Қ.Жұмаділовтің суреті, еңбектері көрсетілді.)
2) Әңгіме алдын-ала оқуға берілгендіктен, топ бойынша талдауға көшу.
Әңгіме құрылысына қарай талданады.
Басталуы, байланысы, әңгіменің дамуы, шарықтау шегі, шешімі. Толық мазмұндалады.
а) Ассосциация әдісі бойынша топ жұмысы
Қаздар қайтып барады...
Көлге ұясына
Жылы жаққа суық жаққа

Туған жерінебалапанына
б) Проблемалық сұрақтар қою.
-Байтас қарт қайда сапар шегіп барады?
-Оның бөтен елге баруының себебі неде? Не үшін барған деп ойлайсыңдар?
-Байтас қарт неге шекараны бұзып өтті?
(Әр топ ақылдаса, шығарманың мазмұнын талдай отырып шешуші жауап беруге дайындалады.)
в)Топтық тапсырма:
1- топқа Әңгімеден ойға қатты сақталған жерлерін айту, немесе мәтіннен табу.
2- топқа Әңгіменің ең маңызды жері қайсы деп ойлайсыңдар? Сезім, сағыныш, қуанышты қай тұстан көреміз?
3-топқа Негізгі кейіпкерге мінездеме жазу.(Интерактивті тақтадағы кестемен жұмыс жасау)
Шығарманың аты Авторы Басты кейіпкер Іс-әрекеті Адами қасиеті
«Қаздар қайтып барады.» Қабдеш Жұмаділов Байтас қарт Жол. Қасқырмен арпалысы.туған жер сағынышы. Отбасынан айрылу. Немере. Шекарадан асуы. Туған жер топырағы. Қайсар, төзімді, сағыныш басымдылығы, рухы биік, адал жан.
Жалпыға сұрақ. Әңгіме кейіпкері Байтас қарт арманына жетті ме?
Дәлелдеу. Топ мүшелері ақылдасып, ортақ шешімге келу.
Байтас қарт арманына жетті. Байтас қарт арманына жете алмады.
Оқушы жауаптары тыңдалған соң, оқулыққа көшу.
3.Оқулықпен жұмыс.Оқулықтан мақал-мәтелдерді табу, нақыл сөздер, афоризмдерді табу, дәптерге жазу жұмыстарын орындайды.
4.Әңгімедегі жер-су атауларын теріп жазу. Неліктен солай аталғанын айту.
Тарбағатай, Етікші, Күргейтас, Арғанаты, Тентек-халдай, Көкөзек, Сарышоқы, Айнабұлақ, Көкшілік, Нұра, Қабырға т.б.
Оқушылардан туған жер, туған ел туралы мақал-мәтел, нақыл сөздерді сұрау.
Бақа көлінде патша, балық суында патша, жігіт елінде патша.
Туған жердің ауасы да патша.
Ит тойған жеріне, ер туған жеріне.
Туған жерге туын тік.
Бейбіт елде береке бар.
Отанға опасыздық еткенің, өз түбіңе жеткенің.
ІV. Сабақты қорытындылау.
Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады.» әңгімесінің негізгі түйіні: тағдыр талқысына түскен, елден жыраққа кеткен азаматтардың туған елін, туған жерін аңсауы, жүрек түбінде жылдар бойы сартап болып жатқан сағынышы, махаббаты. Қарттың қараша қаздар да күзде қайтып, көктем де туған жеріне жетуге асығатын сияқты өмірінің күзіндей болған аласапыранда жырақ кетіп, өмір көктеміндей болған осы кезеңде оралуы. Жылдар бойғы арман-тілегіне жетіп туған жерінің топырағына табаны тиіп, маңдайынан туған жердің самалы өпкен қарттың арманының орындалуы.
V.Бағалау.
VI.Үйге тапсырма беру.
Әңгімені оқу, мазмұнын түсіну.
«Туған жер» тақырыбына шығарма-эссе жазу.