Саба?ты ?ткізу барысында диалогтік о?ыту туралы рефлексивтік ойлар жазыл?ан есеп
Сабақты өткізу барысында диалогтік оқыту туралы рефлективтік ойлар жазылған есеп
Мерсердің (2000) зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар екен.Олар: әңгіме дебат, топтық әңгіме,зерттеу әңгіме. Барнс пен Мерсер зерттеушілік әңгіме – мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде оларды өзара дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі деп айтқан. Ендеше, оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың бір тәсілі - топтарға берілген ортақ проблемалар арқылы түйінді шешімге келетіні анықталды. Литлтон (2007) зерттеу еңбегінде интерактивті қарым қатынаста жұмыс жүргізуді қарастырған. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығына баса назар аударған. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 38 б). Әр сабақта оқушыларға жетелеуші, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы олардың логикалық ойларын дамытып, сөйлеу дағдыларын қалыптастырамын. Оқушылардың өзара әрекет дағдыларын дамытудың тағы бір тәсілі – оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы. Ол үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынымалау, қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдаландым. Сынамалауға арналған сұрақтар: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, ойларын анық білдіруге көмектесетіндей етіп құрылуы қажет.
Мерсер, А. Дайалогос пен Литлтон еңбектеріндегі сапалы оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану арқылы жүзеге асыру қажетті десе, ал Рэгг және Браун ұсынған зерттеулеріндегі оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етуінің түрлерін тиімді қолдануды ұсынады. Ендеше, өз сабақтарымда диалог пен әңгімелесу тиімді екенін, оның өзара әрекеттесу дағдыларын дамытатын тәжірибе жүзінде енгізіп, бақыладым. Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беруді жоспарлап, сабақта оларды оқытудың мақсатымен таныстырдым.
Мектептегі зерттеу барысында оқу материалын меңгерту үшін когнитивті іс-әрекетті ұйымдастыру пайдалы, сондықтан түрлі тапсырмаларды диалог арқылы талдауды ұйымдастырдым. Балалардың әрбір сабақтағы іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас өте қажет.Бразилиялық педагог Фриери айтқандай әр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып,басқа адамдармен диалогтық әңгімелесуге қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Фриери теориясының негізінде осы тәсілге жағымды энергияны енгізуге арналған «педагогиканың мүмкіндіктері» термині жатыр. Педагог Фриери білім мынадай болуға тиіс деп санайды: бірлескен, яғни оқушылардың топтық жұмыстарда ынтымақтастық арқылы өзара дамуын қалыптастыруды меңгерту мақсатында түрлі тапсырмалар орындауы. Харгривс және Гэлтон мұғалімнің шұғыл және инстинктілік реакциясы жауапты бағалауға, қайталауға немесе басқа сөздермен қайталап айтуға ұмтылысы болуы тиіс деген идея ұсынады. Бұл ұсыныстар менің сабақтарымда да болғанын айтқым келеді, әрбір сабақ соңында жауаптарына қарай оқушы білімін бағаладым. Оқушылардың білімін бағалау олардың жауаптарын мұқият тыңдағаннан кейін, оқушының жеткен жетістігін талқылап бағалау өзара әрекеттесуіне әсер еткенін бақыладым.Холжиксонның (2008) өз еңбегінде сүйене отырып білім беруде дамыта оқытудың негізгі ролін талдаған.Жас ерекшелігіне сай әр сыныпта сабақтың әр кезеңінде сұрақтар қою менің сабаққа жоспар жазудағы менің басты міндетім болып табылады. Диалогтык әдіспен сабақ барысында оқушылар арасында дебат түріндегі әңгіме өрбуі мүмкін, себебі оқушылар бір-бірінің пікірімен келіспей, өз пікірлерін дәлелдеуге ұмтылуы, сол арқылы өзіндік пікірінде қалуы жақсы нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оқушылар сабақ барысында зерттеушілік әңгіме жүргізуі мұғалім оларға проблемалық сұрақ тастау қажет. Оқушылар ұтымды пікір ұсынуы немесе мәлімет жинауы, жиналған мәліметтерді дәлелдеу үшін болжамдар жасап, бір-бірімен келіспеуі де мүмкін. Бірақ олар ізденіс жолында нәтижеге бағытталған жұмыс жасайды.
Топтық әңгіме барысында оқушылар белгілі бір тақырыпта қозғалған мәселені талдау барысында бір бірімен келісу арқылы жұмыс орындау барысындағы көтерілген идеяны қолдап,сол идеяны жүзеге асырады.Келесі жаңа тәсілоқушыларды тыңдау және оларға жауап беру. Сонымен бірге мұғалімдер бастапқыда қоятын сұрақтардың ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сауалдардың да маңызы зор.
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.
Мұғалім оқушыға сұрақ қоймас бұрын ойланып, ақпаратты игеруге мүмкіндік беретіндей деңгейде қою керек. Оқушының берген жауабын теріске шығармай оған жанама сұрақтар қою арқылы тағы да ойландырып жауап беруге мүмкіндік жасалғаны дұрыс. Бұл тәсіл оқушының өз жауабын дұрыстауға, нақты жауап беруге мүмкіндік тудырады. Оқушыны ынталандыру үшін берілген жауаптың дұрыстығына қарай үнемі марапаттап отырсақ, біз оқушыларды алдағы білім алуына ықпал ете аламыз, яғни оқушы алдағы уақыттағы ізденісіне шабыт береміз. Оқушының сабақ барысында не біледі, білмейді, оған қалай ықпал ету арқылы біз дамыта аламыз оған берілетін жауаптың барлығы аталмыш бағдарламадан таба аламыз.