Аша? саба?: ?ша? ?ле?і
Білім беру саласы: « Қатынас» «Таным» «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті : «Көркем әдебиет» , «Құрастыру», «Жапсыру»
Тақырыбы:Ж. Нұрхановтың «Ұшақ өлеңі»
Мақсаты : Өлеңді жатқа және мәнерлеп айтуға үйрету; Ф. Фребель материалдарымен жұмыс жасауды үйрету;еңбексүйгіштікке ,әдептілікке тәрбилеу; балалардың сөздік қорларын,тіл байлықтарын дамыту
Қажетті көрнекі – құралдары :Тақырыпқа сай суреттер, Ф. Фребель материалдары № 7 қорапша,түрлі –түсті қағаздан алдын-ала дайындалған ұшақ бейнесі , желім,сулы орамал ; баланың бейнелі ойлауын,шығармашылық қабілетін ,симметриялы құрылымдарды жасау қабілетін дамыту.
Қолданылатын технология: Ф.Фребель технологиясы
Әдіс тәсілі : көрсету түсіндіру ,ойын, сұрақ-жауап
Билингвизм :көлік – транспорт
ұшақ- самолет
қайық- лодка
пойыз- поезд
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Сәлемдесу
Шаттық шеңбері:
Балаларға бір- біріне жылы тілектер айтуды ұсынады.
Тәрбиеші слайдарқылы әртүрлі көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді,суреттер бойынша балаларға сұрақтар қояды.
-Балалар мында ненің суретін көріп тұрсыңдар?
-Мынау қандай көлік?
-Көліктің қандай түрлерін білесіңдер?
-Ұшақ қандай көлік?
-Ендеше балалар,біз бүгін
Ж. Нұрхановтың «Ұшақ» өлеңін жатқа айтып үйренеміз (өлеңді оқып береді,қайталап айтқызып , жаттатқызады)
Балалар бір –біріне жылулық шеңберінде жақсы тілектерін айтады.
Тақтада ілінген суреттерді тамашалайды
Қойылған сұрақтарға толық жауап береді
Өлеңді тыңдайды , қайталайды ,есте сақтайды
Іздену - ұйымдастырушы Тәрбиеші балаларға үш орталыққа бөлініп жұмыс жасауды ұсынады.Орталықтарда жасалатын жұмыс түрлерімен таныстырады.
1-ші:«Әдебиет орталығында» көліктер суреті бойынша әңгіме құрастыру жұмысы жүреді
Мақсаты : балалардың сөздік қорларын,тіл байлықтарын дамыту
2- ші :«Өнер орталығында»ұшақтың суретін жапсыру жұмысы жүреді
Мақсаты : балаларды ұшақтың бейнесін жапсыруды үйрету
3-ші :«Құрастыру орталығында»
Ф. Фребель материалдарымен ( № 7 қорапша) ұшақ құрастыру жұмысы жүреді
Мақсаты : баланың бейнелі ойлауын,шығармашылық қабілетін , симметриялы құрылымдарды жасау қабілетін дамыту
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын таза әрі ұқыпты жасауларын қадағалайды,қиналған балаларға көмектеседі.
7 минуттан соң балаларды орталықтардан ауыстырады
Сергіту сәті:
Ұлдар менен қыздармыз,
Доп сияқты секіріп,
Аяқпенен топылдап
Шапалақты соғамыз.
Мальчики и девочки,
Прыгают как мячики,
Ножками топают,
Ручками хлопают.
Girls and boys,
Jamp as balls,
Their nands they clap,
Their feet they ctamp.
«Әдебиет орталығында» әр түрлі көліктердің суреті бойынша әңгіме құрастырады
«Өнер орталығында»ұшақтың бейнесін жапсырады
«Құрастыру орталығында»
Ф. Фребель материалдарымен
ұшақ құрастырады
Сергіту жаттығуын іс- қимылдарымен жасайды
Рефлексивті коррекциялаушы Қорытынды.
Тәрбиеші балаларды ашық алаңда жинап, сұрақтар қою арқылы оқу іс –әрекетін қорытындылайды,жақсы жұмыс жасаған балаларды мадақтайды. Сұрақтарға жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек : әр түрлі көлік түрлерін біледі,ажыратып айтады
Нені игереді : Ж. Нұрхановтың «Ұшақ» өлеңін жаттайды
Нені біледі :Ф. Фребель материалдарының № 7 қорапшасымен ұшақ құрастырады