Та?ырыбы: Ана-тіршілік тірегі! Білім беру саласы: Шы?армашылы?. О?у іс-?рекеті: Жапсыру. Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? ма?саты: 8-наурыз Халы?аралы? ?йелдер мерекесін атап ?ту. Ана?а деген мейірімді, с?йіспеншілікті арттыру, ?лкенге ізет,
Тақырыбы: Ана-тіршілік тірегі!
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Оқу іс-әрекеті: Жапсыру.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты:
8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Баланың бойында ізгілік, инабатгылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты: Топ мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар. Гүлдер. Ана туралы суреттер.
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Көк аспан!
Амансың ба, Жан досым!
Жылуыма жылу қос,
Міне менім қолым.
Тәрбиеші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкенМаңдайымнан сүйіп жатыр күн көктемЖарығыңмен, шуағыңмен күн - Ана,Алып келдің жер бетіне гүл көктем.Шын жүрек ақ көңілмененАлғашқы көктемнің күлімдегенҚұттықтаймыз сегіз наурыз мерекесіХалықаралық әйелдер күнімененҚұрметті аналар! Құрметті балабақша қызметкерлері! Бүгін сіздерді көптен күткен сегізінші наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. II-сәбилер «Өркен» тобының «Ана-тіршілік тірегі»- атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қош келдіңіздер!
Ана десем сезім билер тым ыстықЖарасымды адамдарға туыстықБір адамға берсе ана мейірін,Орнар еді бар әлемде тыныштықАна десем шешек атып жанары,Өмірімнің бастау алар жаңа әніАна деген тіршілікте пана бопӘрбір үйде жұлдыз болып жанады.Көктем мерекесі, Аналар мерекесі құтты болсын! – дей келе балаларымыздың да аналарына арнап жаттаған тақпақтарын тыңдаңыздар:
1.Жарқын жузді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттык кетпес баладан.
2. Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған,
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам!
3.Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден,
Аналарға сыйлаймыз.
4.Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.5. Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын,
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
6.Ақ қабақты анашым,
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
7. Анам, анам, ақ анам,
Мен өзіңдей ақ балаң.
Айтқан тілінді аламын,
Жұмсағанда барамын.
8. Анамыздың мейірлі,
Жүзіне біз қараймыз.
Анамызды пейілді,
Жомарт жанға балаймыз.
9. Мен гүлдердi жұлмаймын,
Торғайларды қумаймын.
Айтқан сөзiн тындаймын,
Анашымды сыйлаймын.
10. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз.
Бізді ана қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.
11. Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
12. Ақылшымыз, данашым,
Ұзақ өмір сүріңіз.
Айналайын анашым,
Алдымызда жұріңіз.
13. Мерекені қарсы алып, Мәз болғанда барша жұрт, Гүл ұсынып қыздарға, Сыйлық бердім мен өзім
Сергіту сәті:
8 Наурыз тамаша күн,Аналар күні ерекше күн.8 Наурыз құтты болсын,Наурыз айы құт әкелсін.
Ән : «Құлыншағым»
Ал, балалар енді аналар туралы мақал –мәтелдерімізді айтайық:
1.Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
2.Ананың сүті бал,
Баланың тілі бал.
3. Ақ жаулығы ананың,
Ақ көрпесі баланың.
4. Анасыз өмір — сөнген көмір.
Ән: «Ана – біздің күніміз».
Шығармашылық жұмыс. Гүлді жапсыру, яғни балалар аналарына сыйлық жасау Дайын қиылған қағаздар үлгісін, бірінші сабағын, екінші жапырағын, үшінші күлтешесін, төртінші гүлін жапсырамыз. Сөйтіп «жүрекше» гүліміз дайын болады.
Бөбегіңнің сыйлығын,Қабыл алшы анашым.Ұзақ өмір жүз жасап,Ауырмашы анашым!Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, сіңілілеріміз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!Аналар, қалқып бақыт аралында, Лайым мұң қонбасын жанарыңаОсымен кешімізді аяқтайық Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана-тіршілік тірегі» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар! Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»