3-сынып ?дебиеттік о?удан саба? жоспары ?й?ышыл ?адыр Мырза ?ли


Күні: 9 .09.
Пән: әдебиеттік оқу
Пән мұғалімі: Тасыбай А.Қ.
5-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ұйқышыл. Қадыр Мырза ӘлиСабақтың мақсаты: өлеңді түсініп оқу арқылы адамның жағымсыз қасиеттерін әдебиетте мысқылдау, күлкі ету әдістері арқылы көрсететіндігіне көз жеткізу, сатирадан түсінік алады
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік нәтиже: акын туралы мәлімет алады, сатираны білетін болады;
Жүйелі іс-әрекет нәтижесі:шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушының ой түйіндеуіне, өз бетімен жұмыс жасауына жағдай туғызу;
Тұлғалық нәтиже: ұйқышылдық, жалқаулық бойларын аулақ ұстауға тырысады, сергектік пен еңбекқорлықты серік етеді.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың көрнекілігі: портрет , мақал, суреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын қорытынды лап өту.
«Автобиографиялық әңгіме» мәтіні
І. Қызығушылықты ояту.
Балалар, мына сурет туралы не айта аласыңдар? Суретті бояу (топпен)
Жақсы. Суреттегі жалқау, ұйқышыл бала туралы қандай мақал білесіңдер?
Мақал талдау.
Ақымақ күлкіге тоймайды,
Жалқау ұйқыға тоймайды.
ІІ. Мағынаны тану.
Өлеңді үлгі оқу.
Тізбектей оқу.
Дауыстаап, іштей оқыту.
Өлеңдегі кейіпкер кім?
Ақын балаға неге осындай есім таңдаған себебін айт.
Кейіпкердің бір күнгі тіршілігін сипатта.
Мысықбайды ұйқыдан құтқару үшін қандай айла жасар едің?
Ақын өлеңде Мысықбайды қандай көңіл-күймен жазған?
Ұйқышыл болмау үшін не істеу керек? Одан қалай арылуға болады?
ІІІ. Ойтолғаныс.
Ұйқышылдық зсалдарынан адамға келетін зиянды топтастырып жаз.
Хрестоматиямен жұмыс.
(8 бет) оқу «Еңбек пен өнерді сүюге баулу».
Үй тапсырмасы
(11-12 бет) мәнерлі оқу, мақал жаттау.
Бағалау