Поурочный план по казахской литературе на тему “М.Ж?мабаев. “Мен кім?” (6 класс)
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев. «Мен кім?», «Қазақ тілі»
Сабақтың мақсаты. 1. Ақын жайлы мәлімет бере отырып, өлеңдерінің мазмұнын ұғындыру, тіл тазалығы, тіл байлығы жайлы түсіндіру.
2. ойлау дағдыларын дамыту, өзіндік пікір қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту, ой ұшқырлығына баулу.
3. Оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, дана, дара тұлға қалыптастыру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, тірек сызбамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, өлеңдер жинағы, альбом.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысы, даярлығы тексеріліп, назарлары сабаққа аударылады.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. С.Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен-қазақ»
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы
ақынаудармашы
М.Жұмабаев
Қоғам
қайраткеріұстаз, ғалым
ІҮ. Оқулықпен жұмыс. 1. «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Сөздік жұмысы. Ерікке ұмтылған –тәуелсіздікке; Ұшқыр жаны кісенде-қазақ тілі тәуелді; қос қанат – көне тіл, баба тіл; нұрлы жұлдыз-жарық сәуле.
3. Өздік жұмысы
1-кесте
Халықтың басына түскен ауыртпалықты танытатын сөз тіркестері мен тармақтарды жаз Түсінік бер
2-кесте
Ақынның тілді қастерлеуін танытатын сөз тіркестерін, тармақтарды теріп жаз Өзіңнің ана тіліңді қалай қастерлейсің?
4. «Мен кім?» өлеңін мәнерлеп оқу.
-Өлеңдегі жалынды сөздерге мән бер
-Арыстан, жолбарыс, күн, жалын сөздерінің нені, қандай қасиетті бейнелейтінін айтыңдар.
Ү. Бекіту. Салыстыру.
«Шығамын тірі болсам адам болып» «Мен кім?»
ҮІ.Үйге тапсырма беру. 1.Өлеңнің мазмұны өздеріңе қалай әсер етті?
2. Өлеңді жаттау
ҮІІ. Бағалау.