Урок по казахской литературе Ма?жан Ж?мабаев «Т?ркістан» ?ле?і, «Батыр Баян» поэмасы
ҚМЖ
Күні: 12/02/2016 Сыныбы: 9
Пәні: қазақ әдебиеті Мұғалімі: Нурфазылова Салтанат Гайнуллина
Сабақтың тақырыбы Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі, «Батыр Баян» поэмасы
Сабақта қолданылатын ресурстар Оқулық, компьютер, қағаз, маркерлер
Сабақтың мақсаты Оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын дамыту, ұжымдаса жұмыс жасауға тәрбиелеу, сөйлеу тілін дамыту.
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері Топпен жұмыс, топ аралық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі Бағалау парағы, постер, тапсырма талаптары, электронды презентация
Модульді кіріктіру СТО,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ
Түйінді идеялар Топ болып, жұп болып жұмыс жасау оқушының тілін дамытуға, өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, қажетті ақпаратты талдап, саралауға мүмкіндік береді.
Оқыту нәтижелері 1. Білімді өзі алуға ұмтылады.
2. Оқушы сөйлеу тілін дамытады.
3.Оқушы белсенді іс-әрекет жасауға үйренеді.
Сабақтың мазмұны Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс - әрекеті Ескерту
Ой шақыру кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі Топқа бөлуді ұйымдастыру
«Отан», «Халық», «Жұрт» деп 3 топқа бөлінеді
Топ ережесін қайталайды
Бағалау парағымен таныстырады Кескін сөздер арқылы топқа бөлінеді.
Бағалаушы оқушыны сайлайды
Топ ережесін қайталайды
Өткенді пысықтау «Таза тақта» әдісі арқылы оқушылардың өткен тақырыптар жөніндегі білімдерін ортаға салғызады. Тақтада Жамбыл тауы, Ленинградтық өренім, екі ғасыр, Гомер, 1846-19..., дастандары, айтыс Тақтада берілген сөздерге сөйлемдер келтіреді «Түркістан» өлеңін тыңдатқызу, тақырыбын анықтау Өлеңді тыңдайды, тақырыбын анықтайды Проблемалық сұрақ қою «Мағжан Жұмабаевтың патриоттық шығармалары» Сабақ тақырыбын, күнін жазып алады. Электронды презентациямен таныстыру Презентацияны қабылдайды Презентацияны ұсыну
Ұғыну кезеңі
Негізгі бөлім Әр топқа бөлек тапсырма беріледі.
«Отан» тобына М.Жұмабаевтың өмірбаяны бойынша мәлімет жинақтау
«Халық» тобына М.Жұмабаевтың өлеңдері бойынша ақпарат жинау
«Жұрт» тобына М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы жөнінде ақпарат жинау.
Оқушыларға ақпарат талдап, саралауға жағдай жасайды.
Топ мүшелері тапсырмаларын орындайды.
Қажетті ақпаратты интернет арқылы іздеп, саралайды.
Жұмыстарын қорғайды.
Талап бойынша бағалайды.
7 минут
Топ аралық жұмыс ұйымдастыру, топ басшыларға тапсырма беріледі, басқа топтар үшін сұрақ дайындау
Әр топқа бір сұрақтан дайындайды 2 минут
Рефлексия кезеңі
Бекіту «Мақсат» әдісі арқылы оқушылардан
«Бүгінгі сабақта жақсы білген 3 нәрсем» сұрағы арқылы сабақты қорытындылайды (әр топтан бір-бір оқушыны қатыстырады)
Оқушылар «Бүгінгі сабақта жақсы білген 3 нәрсем» сұраққа жауап береді, өз жұмысын бағалап, алдарына мақсат қояды. Бағалау Оқушылардың бағалау парағындағы орта бағаларын күнделікке, журналға түсіреді. Бағалаушы бала басқа балалардығ бағалау парағындағы ұпайларды қосып, ортақ баға шығарады Қорытындылау Сабақтың басында қойылған сұраққа жауап беруге түрткі тастайды Сұраққа жауап береді. Үйге тапсырма беру Үйге берілетін тапсырманы түсіндіреді Үй тапсырмасын жазып алады