Поурочный план по казахской литературе на тему Ма?жан Ж?мабаев «?ыс?ы жолда»


Қазақ әдебиеті. 5-сынып
Сабақтың тақырабы: Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Сабақтың мақсаты: Ақын өмірінен мәлімет бере отырып, поэзия әлеміндегі лирикалық шығармасымен таныстыру. Оқушылардың шапшаң ойлау қабілетін дамытуға, өлең құрастыруға, өз ойын тұжырымдап жазуға баулу. Табиғатты қорғауға баулып, экологиялық тәрбие негіздерін көрсету.
Сабақтың көрнекілігі: М.Жұмабаевтің суреті, плакаттар, қима қағаздар, суреттер
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, баяндау, көрнекілік.
Сабақтың барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Шілде» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Өлеңде қандай тәсіл кездеседі? Кейіптеу түр түсініктерін сұрау.
3. «Туған жер» тақырыбында шағын мәтін құрау.
ІІІ Білімдерін тексеру. Ойын. «Серуенге шығару». Сурет арқылы оқушыларды серуендетіп, көбелек аулату.
Көбелек сұрақтары:
1. С.Торайғыровтың өмірі туралы не білесің?
2. «Шілде» өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған?
3. «Шілде» сөзінің мағынасын аш.
4. Табиғат құбылысына байланысты қандай өлеңдерді білесің?
5. С.Тоайғыров нешінші ғасырда өмір сүрген ақын? (ХХ ғ. бас.)
№1 кесте ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдері С.Торайғыров І.Жансүгіров М.Жұмабаев Б.Майлин С.Дөнентаев С.Сейфуллин ІҮ. Сабаққа мақсат қою. ХХ ғасыр басындағы әдебиет өкілдерінің бірі – М.Жұмабаевтың өмірі мен «Қысқы жолда» өлеңін оқып, талдау.
Ү. Жаңа білім беру.
 1. Өмірі.
2. Шығармалары. (Тірек сызба арқылы)
3. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу.
Ү. Жаңа білім беру.
1. Өмірі.
2. Шығармалары. (Тірек сызба арқылы)
3. «Қысқы жолда» өлеңін мәнерлеп оқу.
ҮІ. Түсінгенін тексеру.
 А) Өлеңді мәнерлеп оқытып, талдау.
ә) Ой жинақтау, өздігінен жұмыс. Қыс айына б/ты сурет бойынша төрт жол өлең құрау.
 б) Ой жинақтау перфокартасы арқылы өздігінен жұмыс. Қыс және жаз мезгілін салыстырп ортақ белгісін анықтау. (Венн диаграммасының кестесін толтырады.)
в) Ой жинақтау перфокартасы арқылы өздігінен жұмыс. Антоним сөздердің сыңарларын табу. Қыс-жаз. Тұман – ашық Cуық – жылы Түн – күндіз Боран – боран емес.
ҮІІ. Сабақты бекіту.
А) Тест сұрақтарына жауап. Қысқы жолмен келе жатқан керуеннің қоржынындағы заттарды саудалау.
Үйге тапсырма.
«Қысқы жолда» өлеңін жаттау.