Конспкет урока-конференции на тему Ибырай Алтынсарин


Тақырыбы:
«Ыбырай Алтынсарин- ұлы ағартушы»

( конференция – сабақ. 7- сынып )
Ы. Алтынсаринға 175 жыл толуына арналған Конференция- сабағының тақырыбы: «Ыбырай Алтынсарин – ұлы ағартушы»
Мақсаты:
Қазақ халқының біртуар перзенті Ыбырай Алтынсаринның өмірі мен өскен ортасы, тәрбиесі жайлы тереңірек таныстыру;
оқушының өз бетімен ізденушілік қабілетін ұштастыру, тұжырымды пікір айта білуге үйрету;
Ыбырай өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды саналылыққа , еңбексүйгіштікке, өз елін, отбасын сүйе білуге тәрбиелеу.
Түрі: конференция – сабақ.
Көрнекілік: «Ыбырай Алтынсарин » атты слайд – шоу.
Әдіс-тәсілдері: сұхбат түріндегі сұрақ-жауап.Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі
1 -жүргізуші: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
2 -жүргізуші: Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғашрет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнапөте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.
1-жүргізуші: Бүгінгі конференцияда үш топ өздеріне берілген Ыбырайдың өмірбаяны, шығармашылығы бойынша дайындалып келген боларсыздар. Ендеше осы бойынша әр топтан шығып Ыбырай Алтынсарин туралы мәліметтеріңізді оқысаңыздар болады.
2-жүргізуші: келесі бізде осы қорғаған тақырыптарыңыз бойынша постер қорғау. Топ болып бірігіп істеңіздер.І Жобаны қорғау.
1 топтың тақырыбы
\s
2 топтың тақырыбы
Ыбырай Алтынсариннің еңбектерінің тәрбиелік маңызы
Бір кұдайға сыйынып,
Кел, балалар окылық,
Оқығанда көңілге
Ықылас пен тоқылық- деген
небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде - кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені, бұл өлең жүз жылдан астам уақыт Қазақстанның оқулық кітаптарына еніп, мектеп табалдырығынан аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да ол, өлең жолдары әрбір қара таныған казақтың көкірегінде сакталып, жүрегінде жатталып келеді. Қазак халқы бұл өлеңдермен бірге, оны жазып шығарған және басып тараткан адамның да есімін жақсы біледі. Ол- Ыбырай Алтынсарин. Ол 1841 жылы 20 шы қазанда қазіргі Қостанай облысының Затабол ауданында дүниеге келген Алтынсарин жасаған "Қырғыз хрестоматиясы" тарихи мәдениеттік тұрғыдан және педагогикалык кұндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылады. Алтынсарин өзінің хрестоматиясын жасағанда сол кездегі орыс тілінде шыққан оқу кітаптарының барлық таңдаулыларынан зор педагогтік шеберлікпен теріп алып, жас балалардың тілегін неғұрлым толық қанағаттандыруға, олардың саналылығын өзінің тәрбие беру жөніндегі мақсаттарына сай етіп жүргізуге тырысады.
Ол ел - жұртты орыс халқының өнер білімі, техникасына шақырып кана коймай, соны тікелей іске асырушы да болады. Қазақ балаларына арналған орыс мектебінде оқып терең білім алған Ыбырай қазақ даласында тұңғыш рет пәндік жаңа сипатты мектептер ашып, орыс таңбасы негізінде окулықтар жазды, соны алдымен өзі тәжіриебеде батыл колданып, ескі жүйеге карама -қарсы мазмұнды білім беріп окытудың бастаушысы болды.
Рас, Ыбырай ең алдымен, орыстың, кала берді Европа окымыстыларының педагогикалық көз қарастары мен окыту, оқулыктар жасау әдістері мен қарулана отырып, солардың тәжірибесін қазақ жастарынан талап - тілектеріне қарай бейімдеп құруға айырықша зер салды.
Сәйтіп ұлы ағартушы осы арқылы мәдениеттен кенже қалған халқымызды өнерлі, білімді елдердің катарына косуға батыл адым жасап, тыңнан жол салды.
Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады. Өйткені оған дейін қазақ жазба әдебиетінде көркем проза әлі калыптаса қоймаған еді. Ол Еуропалық үлгідегі шағын керкем қара сөз жанрын қазақ оқырманына әкелді. Мұнда қаламгердің шағын әңгіме, новеллалары жастарды оку-білімге ұмтылуға, өнерді меңгеруге, кәсіп үйренуге, еңбекті сүюге, Отанын қадірлеуге, сондай-ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді. Жалқаулық, надандық, залымдық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейди.
Еңбекті сүю, қадірлеу — Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі такырыптардың бірі. Мұны жазушы шығармаларында кейде ашық үгіт, айқын насихат түрінде берсе, кейде дидактикалық мысал немесе белгілі бір оқиға үлгісінде беріп, шешімін оқушы назарына ұсынады.
Еңбек тақырыбын қозғаған Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш", "Бай баласы мен жарлы баласы", "Дүние қалай етсең табылады?", "Байлық", "Әке мен бала", "Асыл шөп", "Қыпшақ Сейіткұл", "Киіз үй мен ағаш үй", т.б. әңгімелері — өзінің өнегелігімен, бейнелілігімен, көркемдігімен еріксіз есте қалатын туындылар.
3 топтың тақырыбы\s
ІІ Кім тапқыр? (Сұрақтарға жауап беру)ІІІ Ойлан тап (ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)ІҮ Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету)Ү Актерлік шеберлік (Ы.Алтынсариннің әңгімелерін көрсету)ҮІ Қорытынды (жеңімпаздарды анықтау) І кезең- Жобаны қорғауІІ кезең – Кім тапқыр?Сұрақтары: (әр топқа 7 сұрақтан қойылады)1 топқа қойылатын сұрақтар.1. Ыбырай Алтынсарин кім?2. Ыбырай неше жасында болған кезде әкесі қайтыс болады? (4 жасында)3. Балқожа би деген кім? ( атасы)4. Мектепті қай жылы бітіріп шығады? ( 1857 жылы)5. 1864 жылы ашылған мектепке неше бала барады? (14 бала)6. Ең алған шыққан кітабын атаңдар. ( қазақ хрестоматиясы)7.Ы.Алтынсариннің өлеңдері,әңгімелері неге тәрбиелейді?2 топқа қойылатын сұрақтар.1.Ыбырай Алтынсарин кім?2.Ыбырай қай жерде дүниеге келді?3. Ыбырай қай жылы мектепке барады? ( 1850 жылы)4. Ол қандай мектеп еді? ( орыс-қазақ мектебі)5. Қай жылы мектепке Ыбырай ұстаз болады? ( 1864)6. Ы.Алтынсариннің өлеңдерін атаңдар.7.Қандай қалаларда мектеп ашты? (Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз)ІII кезең –« Ойлан тап».Ойыншылар ұяшықтарды таңдап, сол ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді.
10 20 30
10 20 30
10 20 30
Бірінші бағандағы 10 саны – Берілген мақалды аяқта.( Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.)Бірінші бағандағы 20 саны – Бейне сұрақ.Бірінші бағандағы 30 саны – Суреттегі жазушы кім?(Абай Құнанбаев)Екінші бағандағы 10 саны – Ы.Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?Екінші бағандағы 20 саны – Бейне сұрақ.Екінші бағандағы 30 саны – «Менің атым- Қожа» әңгімесінде Қожа өз-өзіне қандай уәде береді?Үшінші бағандағы 10 саны – 10 ұпай сыйға беріледі.Үшінші бағандағы 20 саны – Берілген өлең шумағын жалғастыр.Үшінші бағандағы 30 саны – Бейне сұрақ.IҮ кезең – Сөзтапқыш (суреттегі бейнені бейнелеп көрсету) - иттің қимылын көрсетеді немесе бейнелеп айтады.- кеме.  - шырша.- торт.  -карта. -тақта.  - гүл.Бейне клип Ы.Алтынсарин туралы.Ү кезең – Актерлік шеберлік.2 топ өздері Ы.Алтынсариннің әңгімелерін сахналайды.ҮI кезең - Қорытынды:Адамға ақыл беретін кімдер? – депті бір қария жас жігітке.- Ана тілі ғой ақыл беретін, - депті жігіт.- Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы екенінұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Жақсы ақыл  адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін адал дос. Адал дос ақылшың, ақылшы дос – жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достықтың көзі ақылдан басталады, - депті қарт.