География п?нінен 9 клас?а арнал?ан саба? жоспары Тама? ?нерк?сібі
География пәніне 9 класқа арналған сабақ жоспары «Тамақ өнеркәсібі»
Тақырыбы: §31. Тамақ өнеркәсібі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу аймақтары жөнінде білімін қалыптастыру.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеуге, ізденімпаздыққы, шапшаңдыққа үйрету. Картамен, топпен жұмыс жүргізу дағдысын жетілдіріп дамыту.
Тәрбиелік: Ысырапқа жол бермеу, үнемдеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, мәтінмен жұмыс, әңгімелеу, баяндау, топпен жұмыс, картамен жұмыс, дәптермен жұмыс т.б.
Құрал-жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік картасы, атлас, кескін карта, тірек схемалар, карточкалар, оқулық т. б.
Сабақтың барысыСабақтың кезеңдеріМұғалімнің іс-әрекетіОқушылардың іс-әрекеті1.Ұйымдастыру кезеңіОқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық шеіберін құрып, бір-бірлеріне сабақтың қтуіне байланысты тілектер айтылады. Тамақ өнеркәсібіне байланысты суреттер арқылы класты 3 топқа бөлу. Өзін-өзі бағалау парақшалары таратылады. Оқушыларға кіріспе сұрақтарын қою.
Ең терең көл? Диаспора дегеніміз не? Оңтүстік Кореяның астанасы? Ертіс өзені қай алапқа жатады? Қазақстандағы аласа тауларды ата. Ең ірі арал? Ең ылғалды материк? Аргентинаның астанасы? Грекияның астанасы? Марал шаруашылығы қай облыста жақсы дамыған? Трактор қайда шығарылады? Данияның астанасы? Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Мұғалімнің нұсқауы бойынша 3 топқа бөлініп отырады. Кіріспе сұратарына жауап береді.
2.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1. «Кім жылдам» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.
1.Қазақстанда ауыл шаруашылығының қанша пайызы мал шаруашылығына тиесілі?
2.Негігі мал шаруашылық түрлерін атаңдар.
3. Қосымша мал шаруашылық түрлері?
4. Қой және ешкі шаруашылығы қай аймақтарда таралған? Не себепті?
5. Қой түрлерін атаңдар.
6. Қойдың негізгі өнімі?
7. Мүйізді ірі-қара шаруашылығы қандай түрлерге бөлінеді?
8. 2011 жылғы дерек бойынша жылқы қанша басты құрады?
9. Елімізде өірілетін жылқы түрлері?
10. Түйе қсіруге негізгі маманданған аудандар?
11. Марал шаруашылығының негізгі өнімі?
12. Омарта шаруашылықтары көбініе қандай аймақтарда дамиды?
13. Жібек құрты қай аймақта жақсы дамыған?
2. Картамен жұмыс. Мал шаруашылығы түрлерінің суреттері беріледі. Әр топтан оқушылар шығып суреттерді Қазақстанның қай аймағында дамыған, сол аймақтарға суреттерді жабыстырады.
3. Үйге берілген картамен жұмысты тексереді. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға оқушылар жылдам жауап беруі тиіс.
Картамен жұмыс жасайды.
3. Жаңа сабақ кезеңі Тамақ өнеркәсібі. Тақырыптың мазмұны мен мәнін оқушылардың өз бетінше ашуы үшін «жүзім шоқтары» мен «болжау» әдісі бойынша тапсырмалар мен сауалдарға оқушы жауап береді.
Тамақ өнеркәсібі салаларымен байланысты атауларды қатыстырып сұрақтар қойылады. Ортаға негізгі сөз «тамақ өнеркәсібі» жазылып жүзім шоқтары түрінде келесі сөздер жазылады. Мысалы: тамақ өнеркәсібі, ұн тарту...
Болжау бойынша негізгі тамақтың түрлері слайдты материалдан көрсетіледі. Бала нақты болжамға келеді. Ет, сүт т.б өнімдері көрсетіледі де бұл тұжырымнан кейін топтық тапсырма болады.
Топпен тақырыпшалар бойынша постер құрайды.
І топқа Ет өнеркәсібі, ұн тарту-жарма өнеркәсібі
ІІ топқа Қант, сүт өнімдері өнеркәсібі
ІІІ топқа Балық, өнеркәсібі.
Топтық тапсырма : контурмен жұмыс
1. Тамақ өнеркәсібі ерекшелігі неде?
Қант алу қалай жүреді? Неден алады? Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторы.
2.Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторы. Шикізат, тұтыну.
Жеміс-көкөніс өнеркәсібі
Балық өнеркәсібі
3.Тамақ өнеркәсібі қандай салалардан тұрады?/ұн тарту,май шайқау, қант алу,май айыру,ет, консерв..../ сипаттама беріңдер?
Ет өнімдері
4.Сүт өнеркәсібі салалары
Май айыру өндірісі
Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторы Жаңа тақырыпты меңгереді. Тапсырмаларды орындайды.
4. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі Жаңа тақырып бойынша түсінік беріледі.
Тамақ өнеркәсібі халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырады. Еліміздегі негізге тамақ өнеркәсіптеріне ет өнеркәсібі, ұн-жарма өн-бі, балық, кондитер, шарап жасау т.б. салаларды жатқызамыз. Қазіргі кезде кәсіпорындар жаңа технологиялармен жабдықталған. Тамақ өнеркәсібі базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай: өсімдік шар-ғы шикізаттары, мал шар-ғы шикізаттары, өндіріс шикізаттары болып бөлінеді. Ал тұтыну көздеріне қарай да үш топқа бөліп қарастырамыз: тұтынушыға жақын, шикізат көздеріне жақын, тұтынушыға да, шикізат көздеріне да жақын.
Ет өн-бі – тамақ өнеркәсібінің ірі саласы. Ет омбинаттарының негізгі комбинаттары Семей, Орал, Алматы, Петропавл, Қызылорда.
Ұн тарту-жарма өнеркәсібіне ұннан жасалатын тағамдар, нан және макарон өнімдері, ұн, жарма жатады. Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қалаларында.
Қант өнеркәсібі құмшекер және шақпақ қант шығарады. 6-9т.қант қызылшасынан 1т.құмшекер алынады. Қант өнеркәсібі қынт қызылшасы жақсы өсірілетін аудандар Жамбыл, Алматы облыстарында дамыған. Қазақстанға қан құрағы Бразилия, Аргентина, Ауытралия елдерінен әкелінеді.
ТАқырып бойынша оқушылар тапсырмалар орындайды.
Әр топқа жеке тапсырма беріледі.
1-тапсырма. Топпен жұмыс.
1-топ. Географиялық диктант.
Қазіргі тағда ет өнімдері .......................................ет комбинатында дайындалады.
Тамақ өнеркәсібі базасы шикізатты пайдалану сипатына, түріне қарай үш топқа бөлінеді: ............................................... .........................................................................................................
Ұн тарту өнеркәсібіне ................................... жатады.
Қазіргі кезде ........................................................ ұн тарту комбинаттары еліміздегі жоғары сапалы ұнмен қамтамасыз етеді.
Қант қызылшасы ....................................................... шыдамайды.
Қазақстандағы қант құрағы ....................................................... елдерінен әкелінеді.
Ірі сүт зауыттары ..................................................................... қалаларында орналасқан.
Алматыда...... шарап жасау зауыты бар
2-топ. Сәйкестендіру. Парақшаға жазылған өнеркәсіп аттары мен қалаларды оқушылар сәйкесітендіру қажет.
«Филип Моррис Қазақстан» ------------------Атырау, Балқаш
«Баян сұлу» --------------------------------------Алматы
«Рахат»-------------------------------------------Шығыс Қаз.,Палодар
Балық консервілері -----------------------------Алматы
Ең ірі ет комбинаты--------------------------------------Қостанай
Күнбағыс майы ------------------------------------------Шымкент
Маргарин зауыты --------------------------------------Семей
Шитті мақта майы ---------------------------Өскемен
Өсімдік майын айыру ------------------------Алматы
3-топ. Сандар сөйлейді. Топқа парақшаға сандар жазылып беріледі. Сол сандай нені білдіретінін топ оқушылары жазуы тиіс.
¼ - ет комбинатының тамақ өнеркәсібінде құрайтын бөлігі.
98% - Семей ет комбинатының малдың тірідей пайдаланатын салмағы.
90%- тамақ өнеркәсібінің өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының құрайтын мөлшері.
50,3кг. – жан басына шаққандағы ет тағамдарының тұтыну көрсеткіші.
78% - шарап шығару өндірісінің Алматы қаласына тиетін үлесі.
11 – Алматы қаласына тисілі шарап зауыты.
110,8 млрд.т 1994-2009 жылдары «Филип Моррис Қазақстан» компаниясының мемлекет қазынасына түсірген мөлшері.
75%- Көкшетау, Қостанай, Алматы сүт комбинатының сүт өнімдерін қндіретін үлесі.
1 т.- 6-9т. қант қызылшасынан алынатын құмшекер үлесі.
1993ж. – «Филип Моррис Қазақстан» құрылған уақыты.
2-тапсырма. Картамен жұмыс. Әр топқа өнеркәсіп түрлері бөлініп беріледі. Сол бойынша өнеркәсіп орталықтарын картадан көрсетеді.
3-тапсырма. «Иә немесе жоқ» әдісі. Әр оқушыға жеке парақшалар ретінде таратылып беріледі. Жауап беріп болған соң мұ,аліммен бірге тексереді.
Тамақ өнеркәсібі өнімдері еліміздегі азық-түлік қорының 80% құрайды. жоқ
Үн-жарма тарту өнеркәсібі тамақ өнеркәсібінің ең негігі саласы. Жоқ
Қант өнеркәсібі тұтынушы көздеріне жақын орналасады. Жоқ
Макарон зауыттары Алматы, Қарағанды, Петропавл, Шымкент, Семей қаласында орналасқан. Иә
Қазақстанға қант құрағы Бразилия, Аргентина, Аустралия т.б. елдерден әкелінеді. Иә
1 т. құмшекер алу үшін 3-4 т.қант қызылшасы керек. Жоқ
Ақтөбе макарон фабрикасы Италияның макарон жасайтын технологиясымен жабдықталған. Иә
Шарап шығаратын өндірістің 78% Алматы қаласының үлесіне тиеді. Иә
«ФилипМоррисҚазақстан» компаниясы – Астана қаласында орналасқан. Жоқ
Балқаш теңізінен қара уылдырық алынатын бекіре, қызылбалық, итбалық ауланады. Жоқ
Май шайқау, сыр қайнату сияқты сүт өнімдері өнеркәсібі Солтүстік Қазақстан,Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандарда өндіріледі. Иә
Ет комбинатының неізгісі Қарағанды қаласында орналасқан. Жоқ
2011ж. көрсеткіш бойынша ет және ет тағамдарын тұтыну жан басына шаққанда 50,3 кг-ды құрайды. Иә
Тамақ өнімдері салаларына орналасуына байланысты 3-ке бөлінеді. Иә
Семей ет комбинаты еттің 50% пайдаланады. Жоқ
4-тапсырма. Мұғалім компания аттарын тақтаға жазады. Оқушылар үйден не өндіретінін және қай қалада орналасқанын тауы келуі тиіс.
Компания аты Өнімі Орналасқан облыс
Цесна Астық Астанада
Сұлтан Макарон Петропавл
Рахат Кондитерлік Алматы
Баян сұлу Кондитерлік Қостанайда
Raimbek Agro Сүт Алматы
Забота Күнбағыс майы Өскемен
Роял Фуд Дәмдеуіш Алматы
Филип Морис Темекі Алматы
Аяжан Шарап Ақтөбе
Филип Моррис Темекі Алматы
Топ бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.
7. Бағалау кезеңі Өзін-өзі бағалау парақшасымен оқушылар өз-өздерін бағалайды.
Аты-жөні Кіріспе сұрақ-тары Үй тапсыр-масы бойынша Топпен жұмыс «Иә немесе жоқ» әдісі Карта-мен жұмыс Қоры-тынды баға
Оқушылар өз-өздерін бағалайды.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі §31. оқу, сұрақтарға жауап беру. Картаға тамақ өнеркәсібі орталықтарын түсіру. Компаниялардың атауы бойынша не өндіретінін және қай қалада орналасқанын тауып келу. Үй тапсырмасын күнделікке жазып алады.
География пәнінің мұғалімі: Алдамбергенова Акнур Серикызы
Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Қарабұтақ ауылы, Т.Г.Шевченко атындағы орта мектеп.