Сынып: 3 «Б» сынып П?ні: ?дебиеттік о?у


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 67-сабақ
Мектеп: №273 орта мектеп
Күні: .01.2017ж.
Мұғалімнің аты-жөні: Шынжанова Маржан Тастибаевна
Сынып: 3 «Б» сынып
Пәні: әдебиеттік оқу Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы: VIтарау «Жақсыдан үйрен» Ы. Алтынсарин Баланың айласы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Қазақтың көрнекті ақын жазушысы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысады.
Сабақ
мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:
«Баланың айласы» мәтіні туралы біледі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
а) Топтық жұмыстарды орындауға бейімделеді; ә) Өз ойын толық жеткізіп сөйлеу дағдысы қалыптасады, оқу техникасы жетіледі; 
Кейбір оқушылар орындай алады:
Мәтіннен үйрену арқылы зерделі болуға, бақылағыштыққа үйренеді. Мәтінді оқып, негізгі ойды табады, сипаттайды.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады:
Түсініп оқи алады, зерттейді, анықтайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Төре (төрелік) ,әйдік , ғалым
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Сөздік жұмысы,әдеби сөздер:
Төре (төрелік) – барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер азаматты айтамыз. (әкім)Әйдік – үлкенҒалым – білімді жаңалық ашқан адам
Талқылауға арналған тармақтар:
Мысалы: кейіпкерлердің өзіндік ерекшеліктері
Жазылым бойынша ұсыныстар:
талдау жасау,сөздік жұмысы
Алдыңғы оқу Қоян
Жоспар
Жоспарлан-ған уақыт Жоспарланған жаттығу жұмыстары Ресурстар
Басы
7 минут 1.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу
2.Шаттық шеңбері (әуен ырғағымен қимылдар жасайды)
3.Үй тапсырмасын сұрау
4.ҰЖ. «Поезд тізбегі» әдісімен үй тапсырмасын
тізбектесе айтып шығады.
Ф. «Қол шапалақтау» әдісімен өзара бағалау жүреді. Оқушылар шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Ортасы
35 минут
Сергіту сәті
Соңы
3 минут
5 Ой ашарЖаңа сабақ топтық талдау арқылы енеді.
Топтастыру стратегиясы.- Балалар Ыбырай Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келді?- Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?- Қандай оқулық жазды?/Интерактивті тақтадан ы. Алтынсарин туралы оқушылардың білетіндерін топтастыру/ЫБЫРАЙҰстаз, ағартушы1841-1889жжҚостанай облысында дүниеге келгенКел, балалар, оқылықӨнер білім бар жұрттарҚазақ хрестоматиясыОлай болса, бүгінгі сабағымызда Ыбырай Алтынсариннің «Баланың айласы» атты әңгімесін өтеміз.6. Ой қозғау.Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы айла туралы ойларын біліп алу қажет.- Айла дегенді қалай түсінесің?
Мәтінмен жұмыс
7.ТЖ: «Зерттеп байқа» постермен жұмыс.Мәтінді үш бөлікке бөлу1. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы2. Жеміс ағашына жолығуы3. Итке жолығуыБолжау кестесі:Әрі қарай не болады?1. Жылан шақты2. Жеміс ағашы жеміс бердіБала көмектеспедіОған дәлеліңіз?1. Себебі, ол улы2. Себебі, ол адамға жақсылық жасауға дайын3. Себебі, олар ойнап жүредіШын мәнінде не болды?1. Ғалым мен жылан түйеге жолығады2. Жеміс ағашы адамға ренжіді3. Баланың айласының арқасында ғалым улы жыланнан құтқарылды
Ф. Бұл тапсырманы өзара топта «Күлегеш смайликтер» әдісімен бағалау
Сергіту жаттығуларын жасау8. ЖКЖ. Дәптермен жұмыс.Төре (төрелік) – барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер азаматты айтамыз. (әкім)Әйдік – үлкенҒалым – білімді жаңалық ашқан адам9. Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеттіма) Ғалым мен жыланә) Ғалым мен жыланның түйеге жолығуыб) Олардың жеміс ағашына жолығуыв) Итке жолығуыг) Балаларға келуі
Ф.б Бұл тапсырманы «Қол соғу» әдісімен бағалау.
Қорыту. Бағалау. -Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік?Оқулықпен жұмыс1) Оқушыларға мәнерлеп оқиды2) Рөлмен оқидыІХ. Тірек сөздер арқылы сабақты қорытындылау
Кері байланыс.
Үйге тапсырма:
1.Тақырыпты түсініп оқу.
2.Мәтін кейіпкерлері туралы толығырақ зерттеп келу Интербелсенді тақта
«Бас бармақ» әдісімен бағалау

Дәптермен жұмыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады