Т?рбие са?аты Мені? Отаным


Мақсаты: Қазақстан-2050 «Қазақстан-мәңгілік ел» туралы түсінік беру.Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Барша қазақстандықтардың мақсаты,мүддесі,тағдыры бір екендігін ұғындыру.Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: Мемлекеттік рәміздер, суреттер, мақалдар,слайдтар.
Барысы
Кіріспе сөз:
- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Баршаңызды бүгінгі білім күнімен құттықтаймын! Мектеп табалдырығын алған аттаған оқушыларға дендеріңе саулық тілеймін! Білім күніне арналған сабағымыздың тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»
Отан туралы өлең оқу.
Отан-жерім,Отан-суым,
Отан қуат,нәр береді.
Отан-ұран,Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді!
Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың, бауырың.
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан, ауылың.
Отан-осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл.
«Отан» деп өс, жас қауым,
Оны ардақтап сүйе біл!
-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
-Қазақстан
- Елордамыз қай қала?
- Астана қаласы.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Тәуелсіз,егеменді мемлекет.
Қазақстанның жері - кең-байтақ. Батыстан шығысқа қарай үш жүз мың шақырымға,солтүстіктен оңтүстікке қарай бір мың жеті жүз шақырымға созылып жатыр. Қазақстанның табиғаты әр түрлі.Мұнда тау да,өзен де,шөл де бар.
Қазақстан Республикасы- біздің туып өскен жеріміз, Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін!
Қазіргі кезде ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, білім алуға мол мүмкіндігіміз бар. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін- қаншама қиындықты басынан өткізді.
Қазақстан өз тәуелсіздігін 1990 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Егемендік Декларациясын қабылдап жариялады. Ал 1991 жылы 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
1995 жылдан бастап Қазақстан астанасы- АСТАНА қаласы.Мемлекет – адамдарды біріктіретін үлкен отбасы.
КОНСТИТУЦИЯ- мемлекеттің негізгі Заңы. Бұл Қазақстан азаматтарының қоғамда өмір сүру ережелері , Тәуелсіз Қазақстанның негізгі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда, ал жаңа Конституция 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
Ата заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы- Президент. ҚР тұңғыш президенті – Н. Ә. Назарбаев. Әбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. ҚР мемлекеттік рәміздеріне- Ту, Елтаңба, Әнұран жатады.Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрібір азаматтың міндеті.
-Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел болып жарияланды.
-Тәуелсіз деген сөзді қалай түсінесіздер?
Ешкімге тәуелді емес, дербес,яғни өз мәселелерін өзі шешетін, өз байлығын өзі басқара алатын мемлекет. Қазақстан Республикасын еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарады.
Елбасымыздың биылғы жылғы халқына жолдауында баршамыздың мақсатымыз,мүддеміз,тағдырымыз бір,сондықтан да мәңгілік ел болуымыз үшін бірлікте,татулықта болуымыз қажет деген болатын. Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі-білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз. Олай болса, тек білімді болайық!
-Ендеше, балалар, өз білімдеріңді ортаға салайық!
-ҚР-сының мемлекеттік тілі қандай?
-Қазақ тілі.
-Қазақстан Республикасының өз Ата Заңы бар.
Тамыз айының 30 жұлдызы Ата Заңымыздың қабылданған күнін тойлаймыз.
-Барша қазақстандықтардың құқығы осы заң аясында қорғалады.
-Иә,балалар, «бала бол,дана бол бәріңе заң біреу-ақ».
-ҚР-сының мемлекеттік рәміздерін атаңдаршы.
-Ту,елтаңба,әнұран.
-Ендеше, балалар осы мемлекеттік рәміздерге сипаттама берейік.
Мемлекеттік туға сипаттама беру.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы-тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар.Тудың ені-1 метр, ұзындығы-2 метр.
Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков. ҚР-сының сыйлығының лауреаты, еңбек сіңірген суретшісі.
Елтаңбаға сипаттама беру.
Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Елтаңба толық шеңбер кескінін береді. Ол тіршілік,мәңгілік белгісі.
Шаңырақ-отбасы амандығының бейбітшілік пен тыныштық айғағы, елімізде тұратын барлық ұлттардың ынтымағының белгісі.
Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған оны аңыз-әңгімелердегідей қанатты пырақтар көмкеріп тұр.
Жылқы-пір тұтар қазақ халқы үшін айрықша қасиетті жануар. Елтаңбаның жоғарғы жағында орналасқан бес бұрышты жұлдыз біздің құшағымыз бен жүрегіміз бес құрлыққа ашық екенін көрсетеді. Ал көк түс аспан барша әлемнің халықтарына ортақ деген сөз.
Бұл біздің жер бетіндегі барлық елдермен бейбітшілікте, достық пен бірлікте, өмір сүргіміз келетіндігін баяндайды.
Елтаңбаның авторлары: Шот-Аман Уәлиханов
ҚР еңбек сіңірген архитекторы, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жандарбек Мәлібеков- сәулетші.
Мемлекеттік Әнұранға сипаттама беру.
Мемлекеттік Әнұран - халық жүрегінің лүпілін танытып, адамдарды патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық бойтұмар іспеттес.
Оның әуенінен Отанға деген сүйіспеншілік, атамекенге шексіз берілгендік аңғарылса, сөзінен рухани жан дүниемізді танытар ұлттық қасиетіміз бен бейбіт пейілімізді, досқа ашық құшағымызды еркіндікке құштар, кең көңіліміз жақсы көрініс тапқан. Мемлекеттік Әнұран-егеменді еліміздің туы мен елтаңбасының сазды баламасы. 2006 жылы ҚР-сының жаңа әнұраны қолданысқа енді.
Әнұранның сөзін жазған: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.
Әнұранның әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов.
-Ендеше, барлығымыз Әнұранды орындайық.
( Оқушыларға Әнұранды орындағанда қалай тұру керектігін түсіндіру)
ІІ.Қорытынды бөлім.
Сендер де ертең еліміздің көркеюіне өз үлестеріңді қосасыңдар,бірің сәулетші, бірің, дәрігер, бірің құрылысшы, тағы да басқа маман иесі болып, елді гүлдендіре түсесіңдер деген сенімім мол.
Сонымен, «ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, мәңгілік ел болу үшін осы отырған бүлдіршіндеріміз аман болып, болашақтары жарқын болсын деп тілейік!
Қазақстан-мәңгілік ел болуы мына отырған сендердің де қолдарыңызда,ол үшін сіздер берген білімді одан әрі игеріп,ізденіп өз қажеттіліктеріңе жұмсап отырасыңдар, ел ертеңі-білімді ұрпақ деп тегін айтылмаған. Ұрпағымыз білімді,тәрбиелі, саналы болған жағдайда ғана еліміз көркейіп,гүлдене түсері сөзсіз. Олай болса, тек білімді болайық!