Урок по История Казакстан на тему Улы жибек жолы (5 класс)


№1 жалпы орта білім беретін мектеп
Қазақстан тарихы пәнінен өткізген ашық сабақ
тақырыбы:

Өткізген пән мұғалімі: М.Р.Исламгалиева
2016-2017 оқу жылы
Өткенді білмей – қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын
Әл-Фараби
Тақырыбы: Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын, тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениет- таратушы жол ретінде маңызын үйрену.
Күтілетін нәтиже:
& Ұлы жібек жолының пайда болу тарихын, географиялық орналасуын зерттеп, анықтап талқылайды.
& Ұлы жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсерін анықтап ,салыстырып зерттеп қорытындылайды.
&Ұлы жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалын анықтап, халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызын талдау, қорытынды жасап үлгілеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтағы суреттер, кестелер. Ұлы Жібек жолының картасы мен қосымша әдебиеттер.
Сабақтың түрі: шығармашылық, ізденіс сабағы
Пайдаланылатын технология: Кембридждік оқыту технологиясы, СТО технологиясын пайдалану
Сабақтың әдіс-тәсілдері: «ЖИГСО»-мәтінмен жұмыс, тарихи домино, жеке, топтық жұмыс, ойталқы.
Пәнаралық байланыс:география,дүниежүзітарихы
Оқушы әрекеті
- Мұғаліммен амандасады. Топтарға бөлінеді.
- Жаңа тақырыпқа болжау айтады, білетіндерін еске түсіреді. Жеке жұмыс жасайды
- Топта талқылап, тізбектейді, салыстырады, айырмашылықтарын табады.
- Постерге идея тоғыстырады және сынып алдында қорғайды.
-«Бағдаршам» әдісімен постерлерге баға беріледі.
- термин сөздерді дәптерге жазады.
-Үй тапсырмасын күнделікке жазады
Сабақ кезеңдері
Кіріспе
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.Сыныпты топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
§ 15. Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы
Жібек жолы картасын түсіру, реферат жазу, қосымша мәліметтер жинау, слайд жасау.
Тұсау кесер:
1). «Стоп кадр» әдісімен интербелсенді тақтадан «Ұлы жібек жолы» суреті көрсетіледі? Оқушылар не білетіндерін жарыса айтады.
Негізгі бөлім:
1-тапсырма: Жигсо әдісі арқылы(оқушылар өз тапсырмалары бойынша сөйлегенде презентация көрсету, топтарға дайын мәтіндер үлестіріліп, тезис ретінде жазып, қорғауға дайындалады. оқушыларға карта, қосымша әдебиеттер беріледі..)
1-топ географтар-Ұлы жібек жолының пайда болуы
2-топ саудагерлер-Ұлы жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.
3-топ мәдениеттанушылар-Ұлы жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.
ІІІ. Ой-толғаныс.
2-тапсырма: "Тарихи домино"ойыны
Жібек жолы халықтар арасындағы
Сауданың дамуына ғана зор
Үлесін қосып қойған жоқ,
Ол Шығыс пен Батыс
Елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық
қарым- қатынастың дамуына да
Өзінің үлкен пайдасын тигізген.
Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.
Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген
Қосымша әдебиеттермен жұмыс.
ІҮ. Қорытынды."Көш керуен" ойыны.Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
р/с Сұрақтар а ә б
1 Жібек жолы қайдан басталады? Жапония Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан Қара теңізден
2 Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел Иран Ауған Соғды
3 ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?/ б.з.б. ІІ-І ғ Б.з ІҮғ Б.з Ү ғ
4 Жібек жол арқылы таралған діндер?/ Шаман буддизм,манихей,
христиан,зорастризм заорастризм
5 Жібек жолының арқасында көп елге тараған әлі күнге базарларда сатылып жүрген өнім?/ Болгар бұрышы қияр алма
6 Қытайдан әдемі фарфордан жасаған ыдыстары Қазақстанның қандай қалаларынан көптеп табылған?/ Яксарт, Құлан Жент,Сүткент Талғар,Испиджаб, Отырар
7 Византия шеберлерінің қолынан шыққан күміс құмыралар Қазақстанның қай қаласынан табылған?/ Тараз қарашық Құлан
8 Жібек жолының үшінші тармағы Қазақстанның қай қаласынан шықты? Ясы Тараз Алмалық
Ү.Бағалау.
ҮІ.Үйге тапсырма:   § 15
Ұлы Жібек жолының картасын түсіру
Қазіргі Қазақстанның алыс –жақын елдерімен
сауда байланысы туралы
мәлімет жинау.