Семинар-тренинг педагога-психолога с родителями на тему Мені? Отбасым- мені? ба?ытым!
ТАУБАЕВА АҚТОЛҚЫН ҚАЗИЗҚЫЗЫ
МКҚК №50 «Жұлдыз» балабақшасы Астана қаласы
ІІ-санатты
педагог-психолог
Семинар-тренинг
«Менің отбасым – менің бақытым!»Мақсаты: Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту, баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.Міндеттері:- Педагог пен ата-аналар арасында тиімді серіктестік құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.- ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.- ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Қажетті құрал - жабдықтар: маркер, плакат, магнит тақталар, интерактивті тақта.І. Сәлемдесу. Тренингтің тақырыбымен таныстыру. Тренингтің не екенін, оның ережелерін, мақсатын еске түсіріп кету. (слайд)ІІ. Танысу тренингі (3 минут)Шаттық шеңберіне тұрып, танысамыз. Барлығымыз өз есіміміздің бас әрпінен басталатын жылы, жақсы сөздерді есімімізге қоса айтып танысамыз. Мысалы: Мейірімді Мейрамгүл, Мен жайдары Жұмакүл, Мейірімді Мейрамгүлмен келдім.ІІІ. Топқа бөлу.Күн және жүрекшелер таратылып, екі топқа бөлінеді.ІV. Тренинг.1 – бөлім. Отбасы өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. А.С.Макаренко. (слайд)Тапсырма: Сіздің ойыңызша бақытты отбасы қандай болу керек?Жауапты сызба түрінде беру керек.Дайындалу уақыты: 5 минут.Екі топтан екі кісі шығып қорғайды.(слайд)2 – бөлім. (слайд)«Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы.
Жаңа инновациялық технологияны пайдалана отырып, ата – аналардың педагогикалық білімдерін арттыру. Слайд арқылы жасырынған сұрақтарды тауып, тез жауап береді.
1. Балаңыздың туған күні? 2. Тәрбиешісінің толық аты - жөні?3. Балаңыз қандай өлшемді аяқ киім киеді?4. Балаңыздың сүйікті асы қандай?5. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?6. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?7. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?8. Балаңызға ашуланғанда, ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?9. Балаңыздың ең жақын досы кім?3 – бөлім. Жағдаят.Ата - аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, ситуациялық көріністер қойып, жауап береді.1. Алия 5 жаста, оны ата-анасы үшінші рет басқа балабақшаға ауыстырды. Себебі, Алия тәрбиешіні тыңдамай, әрдайым қасындағы балаларға бөгет жасап, топ ішінде айқайлап, барлағының мазасын алады.Сұрақ: Тәрбиеші мен ата-ананың біріккен жұмысы қандай болу керек?
1- Жағдаяттың шешімі: Атана-ана мен педагогқа тиімді жолы, байланыс түйсігі. Мысалы, балабақшада түскі ұйқыға жатқызу кезінде, баланың жанында отырып, баланы сипалау, жағымды сөздер айту. Ал мектеп оқушысы болса, алдыңғы қатарға отырғызу, шулай бастаса, педагог қасына келіп, иығынан сипалау керек. Байланыс түйсігі – зейін бөлудің сигналы болып табылады.
2. Мирас мектепалды даярлау тобының тәрбиеленушісі. Ол сабағын өте жақсы оқиды, әсіресе сауат ашу оқу іс-әрекетінен өте жақсы. Алайда, Мирас өте белсенді. Топта бір орында отыра алмайды, шыдамсыз. Сұрақ: Ата-анамен педагог Мирастың шыдамды болуын қалай реттейді?
2- Жағдаяттың шешімі: 1. Педагог Мирастың дұрыс тәртібі үшін мадақтайды. 2. Белсенділігі жоғары балалардың тапсырма ұзақтығы 10минуттан аспау керек. 3. Баланың тұрақсыздығына үстемдік жасамау керек.
Әр жауапқа рефлексия жасау: Сұраққа жауап беруде қиналдыңыз ба, ұнаған кейіпкер.
4 – бөлім. Энерджайзер.Қазір «Кедергілер» атты энерджайзер өткіземін.Энерджайзердегеніміз – психологиялықойындегенсөз.Барлығымыз дөңгелене тұрып, оң аяқтарымызды көтереміз, бір адам сол «кедергіден» өту керек. Соңына келгенде, келесі адам жалғастырады. (3 минут)Қорытынды. Әр кездескен кедергіні жеңе білуден жалықпаңыздар!5- бөлім. «Бақыт қайда барасың?» Поэзия тыңдау. (Қаблиса жырау)
(ата-аналарға слайд көрсету)
Рефлексия жасау: Қандай сезімде болдыңыз?
6- бөлім. «Тренингтен алған әсерім»Қорытындылау. (5 минут)Құремтті қонақтар, бүгінгі тренингтен алған әсерлеріңізді жазып, жүрекшелерді «Жүрек жалауына» ілулеріңзді сұраймын.Өз тілектерін оқып, жүрек жалауына іледі.
Қорытынды. Бүгінгі тренингті Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келеді.«Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына дегенсүйіспеншіліктенбасталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі досында.Сіздердің тілектеріңіз үшін көп рахмет! Отбасыларыңзыға амандық, сүйіспеншілік, бақыт тілеймін. Адамның ең басты шаттығы болып саналатын – бала. Әр бала біржұлдыз.Сол жұлдыздың жарқырауына көмектесетін – сіздерсіздер!