Ашы? т?рбие са?аты Мені? с?йікті отбасым
Сабақтың тақырыбы: « Мен және менің сүйікті отбасым»
Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;
Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;
Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы слайд, мультимедиа.
Барысы:
І. Құрметті ұстаздар, ата-аналар!
«Мен және менің сүйікті отбасым» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.
ІІ. Алдымен балалар сабағымызды бастамас бұрын мынандай ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймызӘкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
Әкелеріңнің анасы кім болады?
Отбасының тірегі кім?
Үйдегі алтын қазық кім?
Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?
Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?
(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару)
ІІІ. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.
ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:
1-оқушы Абылай
Бала,бала, бала депТүнде шошып оянғанТүн ұйқысын төрт бөліпТүнде бесік таянған.
2-оқушы Руслан
Атамның ән-күйі ғажайыпӘжемнің әлдиі ғажайыпАнамның мерейі ғажайыпӘкемнің пейілі ғажайыпОсындай жақсы әдет ғажайыпҚалмасын ешқашан азайып.
3-оқушы Гузель
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген-тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойында аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.
Не десеңде әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
4-оқушы Томирис
Бойға қуат береді.
«Әй, жарайсың» дегені
Мен әкемнен әр кезде
Соны естігім келеді.
5-оқушы Гулнияз
Әкем шытса қабағын,
«Байқа, балам» дегені
Алған көп-ақ сабағым
Жақсы көрем мен оны.
6-оқушы Нурдаулет
Сабағымнан қалмаймын
Бес аламын бәрінен
Озат оқып әрдайым
Қуантамын әкемді
7-оқушы Аманат
Ойнаймыз, күлеміз
Жарқылдап жүреміз
Әкені сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
8-оқушы Алия
Ана деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,
Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.
Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,
Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.
9-оқушы Бейбарыс
«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,
Қуат алдың, анажан, өзің неден?!
Адамдардан жақсылық күте алмаймынАна жүрек мейірін түсінбеген10-оқушы Мадияр
Әжемнің саясында ер жетіп мен,
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен11- оқушы Мирас
Ер жетіп есейгенде балапаныАрайлап атады екен дала таңыИіскеп маңдайымнан сипалайтынҚымбат қой әжелердің алақаны12- оқушы Мадина
Дүниенің жарық күні-анамыз
Жарық күннен қуат алған санамыз.
Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,
Дана болсақ-анамене данамыз.
Өмірге мына бізді ала келген,
Дүние қымбат екен анамененV. Ән: «Асыл әжем»
VІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдерАта-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішерАта-бәйтерек, бала-жапырақБалалы үйдің еңсесі биік.
Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.
VІІ. Оқушылар шығармашылығынан тұратын «Менің отбасым » тақырыбындағы көрмемен таныстыру. Оқушыларға шығармаларын оқыту.
VІІІ. Жалғыз-дара өзіңсіңАтасының көзісің,
Әжесінің сөзісіңАппақ мөлді сезімсіңМен барымды аяманБотақаным, сен үшін- деп, үнемі балапандарының маңдайынан сүйіп, еркелететін арамызда ата-аналарымыз отыр. Ендеше, қонаққа келіп отырған ата-аналарымызды ортаға шығарып, бірнеше ойындар ойнасақ.
Бірінші ойын: «Гүл бейнесін келтіру»
-Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)
Екінші ойын: «Біз екеуміз бірге…»
-Бұл ойында ата-ана баласымен бірге үнемі не істейтіндері жазуы тиіс. Мысалы: біз екеуміз бірге сабақ оқимыз, біз екеуміз бірге сурет саламыз, біз екеуміз бірге ойнаймыз т.б.
Үшінші ойын: «Сезім гүлі»
-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.
ІХ. Оқушыларға арналған ситуациялық жағдайлар:
Ата-анаңды мектепке шақырса үнемі келмейді, сол үшін ұстазың сағанренжиді. Осындай жағдайда сен не істейсің?
Сенің досың шамалы бұзықтау бала. Бұған ата-анаң «Досына қарапөзін таны» деп, мына жолдасың маған ұнамайды, онымен бірге жүруді қой деді. Не істер едің?
Анаң жұмысқа кетер алдында «Балам, менің бүгін жұмыстағы ең ауыркүнім, кешігіп келемін. Ал сен мен келгенше үйді жинастырып, шай тамағымды дайындап қой!»-деп бұйырып кетті. Сен болсаң кешке дейін далада ойнап дәл анаң келер уақыттан 15 минут бұрын ғана үйге кірдің. Ешнәрсеге үлгере алмадың. Осы кезде есіктің қоңырауы соғылды. Не істейсің?
Х. Ата-аналарға сауалдар:
1. Сіздің балаңыз-озат оқушы. Үй шаруашылығымен айналысқанды жек көреді, ештеңе істегісі келмейді. Оны қызықтыру үшін не істейсіз?
2. Қызыңыз кешкі астан кейін ыдыс жууы керек. Оның орнына қозғалмай теледидар көріп отырып алды. Қандай әрекет қолданасыз?
3. Балаларыңыздың теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыз?
ХІ. Көрініс: «Ананың жүрегі»
ХІІ. 13-оқушы «Ұлыма сыр» Айгерим
Екі нәрсе қадірлі тірі адамға,
Сол екеуі мәңгілік дос дер едім.
-Не дейсің ғой, айтайын:
-Бірі-Анаң да,
Бірі-Отаның туған жер, өскен елің!
Осы екеуі-бақытың, үміт таңыңОсы екеуі-ашатын жігіт бағынДүниеде бар нәрсе өзгермелі,
Осы екеуі-мәңгілік ұмытпа ұлым!
Осы екеуін әрқашанда пәк түсін де,
Осы екеуін арманым, ақ құсым де!
Өз арыңды лайлап алмау үшін,
Осы екеудің арына дақ түсірме!
Биіктер көп, бәрінен ғасыр биік,
Бермес саған ол бірақ жасын қиыпҚуансаң да, мұңайып қайғырсаң да
Осы екеуге тағзым ет, басыңды иіп.
ХІІІ. ҚорытындыТақтадағы алтын түстес ағашқа әр оқушы отбасы туралы түйін сөздерін немесе отбасын қалай жақсы көретіндіктерін, отбасын қалай құрметтейтіндіктерін бір-бір сөз арқылы алтын жапырақтарға жазып іледі. Яғни «Отбасы-алтын діңгек» екенін дәлелдейді.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»
Әкем біреу, анам да біреу меніңМен жығылсам сүйенер тілеулерімОлар барда мерекеКөрген емес қабақтарын, шытқанын, түнергеніңМенің досым әкесін жек көредіБізбен ісі жоқ оның деп сөгеді.
Жамандайды, сыртынан тістенеді.
Бір-біріне бітпейді өкпелеріДос тапса да адамдар, тапсадағыӘке жалғыз табылмас ақшаға да
Жамандасаң әкеңді саған әкепЖақсы әкесін береме басқа бала
Әке білек, саусағы балаларыҚан тамырымен жалғасқан аналарыАна тамыр бойымен беріледіТіршіліктің жылуы таралады А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Тәрбие сағаты
Тақырыбы:
«Мен және менің сүйікті отбасым»
Өткізген : Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова.Н.С
2016-2017 оқу жылы
2016-2017 оқу жылында 3 «А» сыныбында «Мен және менің сүйікті отбасым» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатының жүргізілуі туралы анықтама
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімізді балалардың бойына дарыту; Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.
Тәрбие сағатына сыныптағы 16 оқушы және 11 ата-ана қатысты. Сабақ ойын ойнау арқылы басталды. Жұмбақтар қойылды. Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға ілу арқылы отбасы сөзі шығарылды. Отбасы туралы мұғалім сөз сөйледі. Содан кейін балалардың отбасы туралы жыр-шумақтары тыңдалды. Балалар өлеңдерін әсерлі орындап берді. «Асыл әжем» әнін балалар хормен нақышына келтіре орындап болған соң кезек мақал-мәтелдерге келді. Оқушылар мақалдардың жасырылған бөлігін тауып, жалғастырды. Келесі кезеңде әрбір оқушының отбасылық фотосуреттерінен құралған көрмені тамашалады. Және әрбір оқушы өзінің отбасы туралы шығармасын оқып берді. Ата-аналар мен балаларының қарым-қатынасын нығайту мақсатында ойындар ойналды. «Гүл бейнесін келтіру» ойынында сіз үшін бала деген кім? деген сұраққа гүлдің жапырақтарына жаза отырып, гүлдің бейнесін құрап шықты. «Біз екеуміз бірге» ойыны әсерлі болды. Оқушыларға арналған ситуациялық сұрақтар дайындалды. Оқушылар қызықты нұсқаларын ортаға салды. Балалар көңілді қатысты. Ата-аналарға да сауалдар қойылды. Айгерим «Ұлыма сыр» өлеңін мәнерлеп оқып берді. Тәрбие сағатын «Әрқашан күн сөнбесін » әнімен қорытындылады. Оқушылар да ата-аналар да көңілді әрі белсене қатысты.
Ұсыныс: Ата-аналар мен балаларының қарым-қатынасын нығайту және бауырмалдыққа баулу мақсатында осындай тәрбие сағаттарын жиі ұйымдастыру.
Сынып жетекші: Сапарава Н.С