Коучинг сессия жоспары на тему Lesson Study м??алімдерді о?ыту ж?не оларды? т?жірибесін дамытуда?ы ынтыма?тасты? т?сілі.


Коучинг сессия жоспары
Набиева Турган Надирбековна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, № 5 орта мектеп
Тақырыбы Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі.
Жалпы мақсаты «Сабақты зерттеу» немесе «зерделеу» үдерісі барысында оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау. Практиканы жетілдіру құралы ретінде Lesson Studyді қалай пайдалануға болатынын мұғалімдер топтарының арасында көрсету.
Күтілетін нәтижелер Оқыту сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау мақсатында бір топ мұғалім бірлесіп оқушылардың оқу үдерісін зерделейді. Lesson Study циклінде сабақтың оқушылар қажеттілігіне сәйкес келуі мақсатында мұғалімдер инновациялық педагогикалық тәсілдерін жетілдіруге немесе оның сапасын арттыруға мүмкіндік алады.
Түйінді идея Lesson Study-сыныпты зерттеу нысандарының бірі. Мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған.
Әдіс-тәсілдер Lesson Study әдісі
Тапсырмалар Сұрақ- жауап, диалог, постер (слайд) жасау, рефлексия
Ресурстар МАН (49-50 бет), 3 апталық үлестірме материалдар (37-40 бет), АКТ
Құрал-жабдықтары флипчарт, маркерлер, стикерлер (түрлі түсті), А-4 қағаздар, ноутбук
Сессия барысы уақыты Коучтың іс-әрекеті Қатысушылардың іс-әрекеті Ресурстар
Топқа бөлу 2 минут Смайликтер арқылы топқа бөлу. Топ «Алтын ережеге» бағыну. Түрлі-түсті смайликтер арқылы топқа бөлінеді. Смайлик,
«Алтын ереже»
Қызығушылығын ояту
10 минут Мәнмәтінмен жұмыс.
«Lesson Study-дің тиімділігі» бейнежазба көрсету. Қатысушы мұғалімдер Lesson Study туралы мәлімет алады. Бейнежазбаны көреді. Ресурс, слайд
Сергіту сәті 2 минут «Мінезді көлік» Қатысушы мұғалімдер көліктің әр бөлшегін қимылмен көрсетеді және түсіндіреді. Проблеманы айқындау кезеңі 10 минут Lesson Study әдісімен қатысушы мұғалімдерді рөлге бөліп, сабақ өткізу. А,В,С деңгейіндегі қатысушыларды зерттеу. Lesson Study әдісімен қатысушы мұғалімдер өздері рөлге бөлініп, сабақ өткізеді. А, В,С деңгейіндегі қатысушыларды зерттейді. 3 үлестірмеден 37-40 бет
Проблеманы шешу кезеңі 10 минут Қатысушылардың А,В,С деңгейіндегі зерттеудің шешу кезеңі. Рөлге бөлініп зерттеуге қатысқан мұғалімдер А,В,С деңгейіндегі қатысушыларды талқылап, ортақ пікір жасайды.
Түрлі-түсті стикерлер
Проблеманы түйіндеу кезеңі 3 минут «Шахмат» әдісімен түйіндеу. «Шахмат» әдісі арқылы мұғалімдер мен оқушыларға Lesson Study әдісінің тиімділігі туралы жазады. «Шахмат» әдісі
Кері байланыс. Рефлексия 2 минут Тақырып бойынша кері байланыс орнату.
Мен үшін не жаңалық болды?
Болашақта қалай жүзеге асырамын?
Менің ұсыныс-пікірім Қатысушы мұғалімдер тақырып бойынша кері арқылы қорытындылайды. А4 қағазы