Зерттеу т?жірибесінен : LESSON STUDY Т?СІЛІ – БІЗДІ? Т?ЖІРИБЕМІЗДЕ


Фазылова Жибек Үбенқызы Жамбыл орта мектебі
LESSON STUDY ТӘСІЛІ – БІЗДІҢ ТӘЖІРИБЕМІЗДЕ
Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша 6 «ә» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық
Фазылова Ж.Ү - биология пәнінің мұғалімі,
НұрғалиеваГ.А. -  математика пәнінің мұғалімі,
Қалимова Б.О. –қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көпмәдениетті ортада  бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіріп, әлемдік сапа деңгейіндегі білім мен білік дағдыларына негізделген  білім беру жүйесін құру кезек күттірмейтін мәселе. Соның алғашқы баспалдағы ретінде еліміздің педагог кадрлары оқытудың «Кембридж тәсілін»  меңгертетін үш деңгейлі курстардан өтіп жатыр. Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген.
Оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен  өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен,  ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімде пайдалануымен өлшенеді.  Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.
Бүгінгі мұғалімнің жетістігін оқушыларға өзінің берген білімі мен біліктерін үйретумен бағалап қоймайды, сонымен бірге ол өсіп келе жатқан ұрпақты жаңа белгісіз жағдайда  әрекет етуіне, олардың өз бетіндік әрекеті мен шығармашылығын дамытуға, қоғам өміріне белсене қатысу үшін ақпаратты өз бетінше табу, талдау, құрылымдау мен тиімді пайдалану икемділіктерін қалыптастыруға қаншалықты тиімді жағдай жасағандығымен бағалайды. Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы  мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. (Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. Астана,2012)
Мұғалімнің  кәсіби білімін жетілдірудің ең бір тиімді әдісі бұл Lesson Study. Lesson Study  - мұғалімдер тәжірибесі  саласындағы білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл.  Lesson Study – ге жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы қатысады.   Lesson Study -дің циклін өткізген соң мұғалімдер педагогикалық тәсілдерді түрлендіріп немесе жетілдіріп, кейіннен ашық    Lesson study , таныстырылым өткізу, баспада жариялау арқылы әріптестеріне таратады.
Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап,   ұйымдастыратын Қалимова Б.О.. (қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі), Нұрғалиева Г.А. (математика пәні мұғалімі), Фазылова Ж.У. (биология пәні мұғалімі), Көшмұханова Г.. (тарих пәні мұғалімі) сияқты мұғалімдерден топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Сабақ үрдісінде диалогтік оқытудың тиімділігі»  тақырыбы бойынша 6 «ә» сыныбында Lesson Study жүргізуді жоспарладық. Сыныпта- 24 оқушы. 13 ер бала, 11 қыз бала. Сыныпта оқу озаты - 2, оқу  екпіндісі -  4. Жалпы сыныптың білім көрсеткіші –25 % құрайды. Сыныптың білім деңгейі мен сыныптың  белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі  орташа. Сондықтан  осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы  мақсатымыз - диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді, бәсекелестік  атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар диалогтік оқыту арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.
Aлексaндер (2004) оқытудaғы әңгiмелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бiрсaрынды үдерiсi емес, керiсiнше, идеялaр екiжaқты бaғыттa жүредi және осының негiзiнде оқушының бiлiм aлу үдерiсi aлғa жылжиды десе, Мерсер (2000) бiлiмдi бiрлесiп aлудa немесе "пiкiр aлмaсу" бaрысындa оқушылaр тең құқылы серiктестер болып тaбылaды деп тұжырымдaйды.
Диалогтік оқытуды жүзеге асыру бағытында әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, зерттеу сабақтарының кестесі жоспарланды.
Lesson Study тобы зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді. Айталық,
-  осы сыныптағы зерттелетін  үш оқушыны анықтау;
- Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтау;
- Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқа да нұсқа жазу.
Бірінші Lesson Study циклі математика пәнінен басталды.   Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен дәптерлерін алмасып, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша есептер орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.
Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.
Бірінші Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін,  екінші  Lesson Study биология пәнінің  жоспары құрылды.  Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін «Мозаика» әдісі мен сергіту сәтін ұйымдастыру  жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз түсіндірсек және сергіту сәті болса деген ұсыныс жасаған  болатын.
Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар «Мозаика» әдісі бойынша жұмыстанды. Мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін түсіндіріп, кейін  өз  топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта ортаға салды. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық оқушылар диалогқа қатысты. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ,  әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады. Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі оқушылар  күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі оқушы үй тапсырмасы бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге «Мозаика» әдісінің тиімді болғанын айтты.
Үшінші Lesson Study кезеңінде қазақ әдебиеті пәнінен «О. Сүлейменовтің «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбет» өлеңдері талданды.
Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан  сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарладық. Осы бағытты ұстана отырып, зерттеушілік әңгімені (Александер 2004) енгізуді жөн көрдік. Өйткені зерттеушілік әңгіме қарым-қатынас жасаудың барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім-білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Оқушылардың зерттеу жұмысына төселмегені, бұл әдіс оларға күрделі болғаны байқалды. Сергіту сәті бағытында алынған «Көкпар» ойыны оқушыларды қызықтырып, белсенділік танытты.
Төртінші кезеңде «ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар» тақырыбында тарих пәнінен сабақ өткізілді. Сыныпта жақсы ахуал қалыптастыру үшін мұғалім сабақты ең әуелі сәттілік тілеуден бастады. Үй тапсырмасын тексеру барысында оқушыларға ең алдымен өткен тақырыпты еске түсіру үшін сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Сол арқылы шағын топтарға семантикалық карта беріліп, топ басшысы оқушыларды бағалады.
Жаңа тақырыпты 4 топқа бөліп беріп, оқушы берілген тақырыпшаны өзі оқып, топ ішінде талдап, жоба қорғауға тиіс болды. Жоба қорғау барысында көшбасшы оқушылардың топты алға жетелеуі анық көрінгенімен, кейбір оқушылардың тіл байлығының аздығы, көпшілік алдында қысылып, өз пікірін ашық айта алмайтыны байқалды. «Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы бар ма?» тақырыбында ой бөлісу кезінде әр топтан бір-екі оқушы өз ойларын айтқанмен, өте қысқа жауап беріп отырды. Оқушылардың тіл байлығының аздығы бұл сұрақты ашып, толық айтуға кедергі болды. Зерттеуге алынған оқушылармен сөйлескенде материалдың молдығын және оны меңгеруге уақыттың тапшы екенін атап өтті.
Жалпы белсенділік, бәсекелестік - екіжақты үдеріс. Рефлексивтік–практик (Дональд Шон) ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар  ойлар мен сұрақтар  анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Диалогтік оқыту– белсенді, бәсекелестік атмосфера тудырудың кепілі. Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға  ұнайтындай  әдістерді қолдана отырып  сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін  бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп,  соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде  де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші  ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса,  өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де  санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады. Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған  ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.
Жаңа форматтағы  біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер жаңа форматтағы мұғалімдер қатарына жатқызуға болады, ал жаңа форматтағы мұғалім   деген атқа ие ұстаз үнемі алдыңғы қатарда болуы керек, үздіксіз білім алуды, тәжірибе алмасуды  мақсатқа айналдыруы тиіс.